
Микротолқынды пеште (микроволновка) дайындайтын бутербродтар
Аталған құрамдардың мөлшерін өз қалауыңызша көбейтуіңізге болады.
1. Сырмен ыстық бутерброд
Құрамы:
1) 4 тілім нан;
2) 50 г – сыр;
3) 1 – жұмыртқаның сарысы;
4) 1 – кішігірім қызанақ;
5) сары май, тұз, қара бұрыш
Жасалуы: Сырды үккіштен өткізіп, шұңғылдау ыдысқа салыңыз. Оған жұмыртқаның сарысын, үккіштен өткізілген қызанақты, тұз, бұрышты салып, жақсылап араластырыңыз. Нанға сары майды жағып, үстіне дайын болған қоспаны салып, микротолқынды пеште 0,5-1 минут қыздырып алыңыз.
1.1 Құрамы:
1) 1 тілім – ақ нан;
2) 2-3 тілім – сыр;
3) 1 шәй қасық – сары май;
4) қызыл бұрыш
Жасалуы: Нанға сары майды жағып, үстіне тілім сырды қойып, үстіне бұрыш себіңіз және сыр ерігенше 0,5 минуттай қыздырып алыңыз.
2. Брынзамен ыстық бутерброд
1) 1 тілім – нан;
2) 1 шәй қасық – сары май;
3) 1 ас қасық – үккіштен өткізілген брынза;
4) 1 ас қасық – қаймақ соусы
Жасалуы: Нанға сары майды жағыңыз. Үстіне қаймақ соусын құйып, брынзаны себіңіз. 30-60 секунд микротолқынды пеште қыздырып алыңыз.
3. Майшабақтан (килька) жасалатын бутерброд
1) 2 тілім – нан;
2) 2 шт – майшабақ (кильки);
3) 2 шәй қасық – сүзбе (творог);
4) 1 – жұмыртқа;
5) 2-4 – дөңгелеп кесілген пияз;
6) сары май, көк пияз
Жасалуы: Нанға сары майды жағыңыз. Ұсақталып туралған шабақ балықты (кильки), сүзбе (творог) және жұмыртқаны (взбитое яйцо) араластырыңыз. Нанның бетіне дайын қоспаны салып, бетіне пиязды қойыңыз. 1-2 минуттай қыздырып алып, ұсынар алдында бетіне көк пиязды себіңіз.
4. «Пицца» ыстық бутерброды
1) 1 тілім – ақ нан;
2) 1 тілім – сыр;
3) 25 г – сары май;
4) 1 – кішірігім қызанақ;
5) 1 тілім – шұжық (колбаса);
6) шым-шым тұз және қызыл бұрыш
Жасалуы: Нанға сары майды жағыңыз. Оның үстіне қызанақты турап қойыңыз. Тұз, бұрышын сеуіп, сырды бетіне қойыңыз. Шұжықты (колбаса) кубиктеп турап, сырдың бетіне қойыңыз. Сыр ерігенше микротолқынды пеште қыздырып алыңыз.
5. Жұмыртқа және сырмен бутерброд
1) 1 тілім – ақ нан;
2) ½ – суға піскен жұмыртқа;
3) 1 ас қасық – үккіштен өткізілген сыр;
4) 1 шәй қасық – сары май
Жасалуы: Нанға сары майды жағыңыз. Суға піскен жұмыртқаны шеңбер етіп турап, нанның үстіне қойыңыз. Бетіне сырды қойып, 30-60 секунд микротолқынды пеште қыздырып алыңыз.
6. Тұздалған қияр және жұмыртқамен бутерброд
1) 2 тілім – нан;
2) 1 ас қасық – сары май;
3) 1 – жұмыртқа;
4) 1 – маринадталған немесе тұздалған қияр;
5) 1 – пияз;
6) ¼ банка – майонез;
7) ¼ шәй қасық – бұрыш;
8) 1 ас қасық – үккіштен өткізілген сыр
Жасалуы: Нанға сары майды жағыңыз. Суға піскен жұмыртқаны, тұздалған қияр, пиязды ұсақтап турап, майонезбен араластырыңыз. Дайын болған қоспаны теңдей бөліп, нанның бетіне қойып, бетіне сырды қойыңыз. 40-50 секундтай қыздырып алыңыз.
7. Сардинамен бутерброд
1) 2 тілім – нан;
2) 1 – банан;
3) 100 г – консервіленген сардина;
4) 2 тілім – сыр;
5) 2 ас қасық – майонез;
6) аскөк (укроп), шым-шым паприка
Жасалуы: Нанның бетіне банан тіліктерін қойыңыз. Сардинаны шанышқымен езіп, оған майонез, ұсақталып туралған аскөкті (укроп) салып жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны нан мен бананның үстіне қойып, бетіне сырды және паприканы себіңіз. 1 минут көлеміндей қыздырып алыңыз.
8. Көк-өністермен бутерброд
1) 4 тілім – батон;
2) 1 – қызанақ;
3) 1 – қияр;
4) 1 – тәтті бұрыш (сладкий перец);
5) 4 шәй қасық – сұйық май;
6) 1 шәй қасық – лимон шырыны;
7) 1 бума (пучок) – көк пияз
Жасалуы: Қызанақ, қияр, тәтті бұрышты (сладкий перец), көк пиязды жуып тазалаңыз. Қияр мен қызанақты жіңішке дөңгелектеп, ал тәтті бұрышты – ұзыншалап тураңыз. Көк пизды ұсақтап турап, сұйық маймен араластырыңыз да, оны батонның бетіне жағыңыз. Батонның үстіне қызанақ, қияр, тәтті бұрышты қойып, бетіне лимон шырынын құйыңыз да микротолқындып пеште қыздырып алыңыз.




