Жастар порталы
Сыр, брынза, ірімшік (творог) қосылған салаттар
633 0 aiko

Сыр, брынза, ірімшік (творог) қосылған салаттар

Ас - адамның арқауы

1. Құрамы:

1) 500 г – гүлді қырыққабат (цветная капуста);

2) 50 г – сыр

3) 50 г – пияз;

4) 40 г – сұйық май;

5) 40 г – сіркесу (уксус);

6) тұз

Жасалуы: Қырыққабатты (цветная капуста)  сіркесу және тұзды қосып қайнатып пісіріп алу керек. Оны суытып, сырмен, жіңішкелеп туралған пиязбен және сұйық маймен араластырыңыз.


2. Құрамы:

1) 200 г – сыр;

2) 100 г – редька;

3) 50 г – сәбіз;

4) 100 г – сұйық май; 

5) көк пияз (зеленый лук), тмин, бұрыш

Жасалуы: Сыр, редька, сәбізді ірі үккіштен өткізіңіз. Барлығын сұйық маймен (немесе майонезбен) араластырып, тұз, тмин қосып, бетіне көк пиязды ұсақтап турап себіңіз. 


3. Құрамы: 

1) 300 г – сыр;

2) 3 шт – суға піскен жұмыртқа;

3) 3 бөлік – сарымсақ;

4) 100 г – майонез;

5) тұз, бұрыш

Жасалуы: Сырды ірі үккіщтен өткізіңіз, жұмыртқаны, сарымсақты езіп, немесе ұсақтап тураңыз.


4. Құрамы:

1) 300 г – қызанақ; 

2) 150 г – сыр;

3) 30 г – пияз;

4) 50 г – қияр;

5) 100 г – майонез;

6) тұз, бұрыш

Жасалуы: Барлығын кішілеу кубиктеп турап, тұз, бұрыш қосып, майонезбен араластырамыз.


5. Құрамы:

1) 100 г – брынза;

2) 5-6 шт – қызанақ;

3) 1 шт – тәтті бұрыш (сладкий перец);

4) ақжелкен (петрушки), тұз

Жасалуы: Қызанақтарды бөліктерге бөліп, тәтті бұрышты ұзыншалап турап, брынзаны ірі үккіштен өткізіңіз. Тұз қосып, барлығын араластарып, бетіне ақжелкенді (петрушки) себіңіз.

Қалауыңыз бойынша салатты өсімдік майымен араластыруға да болады. 


6. Құрамы:

1) 150 г – брынза;

2) 200 г – консервідегі жүгері;

3) 40 г – қаймақ; 

4) 20 г – майонез;

5) көк пияз (зеленый лук), аскөк (укроп), салат жапырағы, тұз, бұрыш

Жасалуы: Ұсақталып туралған көк пиязға тұз бұрыш сеуіп, жүгері қосып, майонез және қаймақпен араластырыңыз. Үккіштен өткізілген брынзаны ұсақталып туралған аскөкпен араластырыңыз. Ыдысқа салат жапырағын қойып, үстіне көк пиязбен жүгеріне салыңыз және бетіне аскөкпен брынзаны себіңіз. 


7. Құрамы:

1) 200 г – брынза;

2) 200 г – қызанақ;

3) 4 шт – тәтті бұрыш (сладкий перец);

4) 100 г – қияр;

5) 3 бөлік – сарымсақ (чеснок);

6) 200 г – қаймақ;

7) ақжелкен (петрушки)

Жасалуы: Қызанақты, тәтті бұрышты дөңгелектеп, қиярды кубиктеп, ақжелкенді майдалап тураңыз. Брынзаны ұнтақтап, сарымсақты езіп, барлығын қаймақпен араластырыңыз.


8. Құрамы:

1) 300 г – ірімшік (творог);

2) 4 шт – жұмыртқа;

3) 80 г – көк пияз (зеленый лук);

4) 150 г – сәбіз;

5) 120 г – майонез;

6) тмин, тұз

Жасалуы: Сәбізді тазалап, ұсақ үккіштен өткізіңіз. Ірімшікті (творог) сүзекіден (дуршлаг) өткізіп, сәбізбен араластырыңыз және оған көк пиязды, тұз, тмин, майонезді және ұсақтап туралған жұмыртқаны қосыңыз. 

Ет қосылған салаттар Ет қосылған салаттар
1. Құрамы: 1) 200 г – суға піскен немесе бұқтырылған ет; 2) 100 г – суға піскен картоп; 3) 100 г – маринадталған қияр; 4) 150 г – свежий қияр; 5) 4
Сәбіз қосылған салаттар Сәбіз қосылған салаттар
Құрамы: 1) 300 г – сәбіз; 2) 400 г – алма; 3) 1 стакан – ұсақталған жаңғақ; 4) 150 г – майонез; 5) салат жапырағы
Жеңіл әрі орай салаттар Жеңіл әрі орай салаттар
1. Редис (шалғам) және қиярдан жасалатын француз салаты Құрамы:                             1) 2 шт – қияр; 2) 1 байлам (пучок) – редис;  3) 1 шт –
Күріш қосылған салаттар Күріш қосылған салаттар
Құрамы: 1) 100 г – аскөк (укроп); 2) 300 г – күріш; 3) 100 г – майонез; 4) 20 г – лимон шырыны; 5) тұз 
Гүлді қырыққабаттан (цветная капуста) жасалатын салаттар Гүлді қырыққабаттан (цветная капуста) жасалатын
Құрамы :  500 г – гүлді қырыққабат (цветная капуста); 100 г – брынза; 2 ас қасық – ұсақталған грек жаңғағы; 2 ас қасық – ұсақтап туралған көк пияз
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
×