Жастар порталы
Дін философиясы
275 0 aiko

Дін философиясы

Философия

ХХ ғасырдағы «классикалық» дін философиясына Ж.Маритен, Э.Жильсон, Г.Марсель, ал ислам әлеміне Джемал ад-Дина ал Афгани, ақын және философ Мұқаммад Икбал жатады. Сондай-ақ, ХІХ ғасырдың аяғы – мен ХХ ғасырдың бірінші жартысының басындағы В.Соловьев, Н.Бердяев, С.Булгаков сияқты орыс діни философтарын еске алуға болады.

Діни философияда бірнеше бағыттарды айқындауға болады. Бұл – неотомизм – анағұрлым дамыған ағын (М.де Вульф, Ж. Маритен, Э.Жильсон); персонализм (В.Штерн, Ф.Якоби, Н.Бердяев, Э,Мунье), диалектикалық диалогия (К. Барт, Э. Бруннэр), діни экзистенциализм (П. Тиллих, М. Бубер, Г. Марсель), теология «Құдай өлімі» (Д. Бонхеффер, Т. Альтицер).

Неотимизм, өз атауында тұрғандай, томизм оның жол салушысы. Томизм кең мағынада – бұл жүйе атауы, Аквинанттың философиялық және теологиялық оқуын жалғастырушы.

Неотизм философиясының негізгі бөлімі болып болмыс туралы оқу табылады. Оның пәні мен негізгі категориясы – болмыс – ол бірқалыпты түсіндірілмейді, неотомизм танымнан, тым табиғилық, материалдық екіншінің тым табиғилыққа қатынасынан шығады. Неотомизммен сәйкес болмысқа анықтама беру мүмкін емес. Болмыс – ол «абсолютті алғашқы түсінік», өмір сүруге тән екендігін ғана айтуға болады. Бір жағынан, болмыс жалпы материалды және материалды емес объектілердің абстракциясы сияқты, ал екінші жағынан Құдай сияқты.

Неотомизмнің ішінде мектептер мен бағыттар бар, олар өзге философиялық бағыттар идеясын (феноменология, экзистенциалды философия, сыни реализм және т.б.) алмастыратын Фом оқуын қарастырады. Анағұрлым ортодоксальды болып (ортағасыр томизміне жақын) Рим мектебі табылады. Неотомизмнің ішіндегі ең жағымды бағыт – ол белгілі өкілдері Жак Маритен мен Этьен Жильсон табылатын «экзистенциалды» деп аталатын томизм. Неотомистік оқудың бастысы болып – онтология – болмыстың философиялық теориясы табылады. Классикалық неотомизмнің онтологиясы болмыс өзгерістерінен «өзі өзі бойынша» (esse) және «бар болатын» «ens» – болмыстың өзі емес, болмысқа тән дүниешығады. Болмыс – дегеніміз бар дүние, яғни «өзі өзі бойынша», онда нақтылық болмыспен жасалған немесе болмыс арқылы пайда болған. Басқа сөзбен айтар болсақ, болмыс пен нақтылық арасы дегеніміз бар дүние мен жоқ дүниенің айырмашылығы, яғни Құдай мен әлем арасы. Құдай, осылай «таза болмыс», немесе болмыс неге осылай. Болмыс нақтылықты құрайды: Құдай дегеніміз, кімнің нақтылығы болмыстың өзі.

Теологияда заттардың нақтылығы бар болумен қарсы қойылады (exsistencia). Жанды дүние заттары үшін нақтылық және бар болу сәйкес келмейді, заттар қажеттіліктен туындамайды, ол зат шындықта бар. Құдай үшін христиан теологиясы нақтылық пен бар болудың тепе-теңдігі, демек «Құдай қажеттіліктен туындайды».

«Нақтылық бар болумен тең» интерпретациялық формуланың екі жақты болуы мүмкін. Дәстүрлі августік теологияда бұл формулада акцент мәнге жасалады. Құдай мәнділігі одан қажеттілікпен бар болуында. Басқаша айтқанда, Құдайдың сенімді идеясын жасау, оны бар деп қабылдау. Құдай бар деген көзқарас сондай дәлелдеуді қажет етпейді, бар болудың мәні Фомды Аристотель философиясымен алмастырады және томизм және неотомизм философиясының белгілерін анықтайды. Жекелеген жағдайларда Құдайдың барлығы жайлы дәлелдер келтірілмейді. Оны Құдайдың сол және өзге идеяларынан бөліп алу мүмкін емес. Мұндай дәлелдерді неотомистер «ғылыми емес» жариялайды. Мұнымен бірге, неотомистер Құдайдың болуы мүмкін емес, сондықтан оны дәлелдеудің қажеттілігін мойындайды. Егер теолог-неотомистер көзқарасымен Құдай оның жасағандары арқылы пайда болса, онда кез келген ғылыми білім пайдалы және тіпті Құдайды тануға да өте қажет. Осыдан барып, католиктік теологтардың дінге сенудің негізгі жағдайларын бекіту үшін қазіргі ғылым жетістіктерін пайдалануы шығады. Олардың пікірінше «Дүниені кеңейтуші» қазіргі физиктер мен космологтарды «Үлкен жарылыс» теориясына әкеліп, біздің әлеміміз «ештеңеден» (физикалық ваккумнан) 15 миллиард жылға жуық бұрын пайда болған. Бұл негізде олар қазіргі ғылым және христиан дін оқуы дүние «ештеңеден» пайда болған, ол уақыт пен кеңістікте есептейді. Неотомистер бұл теорияны Құдайдың дүниені жаратқаны туралы «ештеңеден» өткеннің кейбір кездерін ғылыми ұйғарым ретінде қарастырады. Бұл негізде олар қазіргі ғылым, христиандық діни оқу, дүниенің «ештеңеден» пайда болғаны жайлы, кеңістік пен уақытта аяқталған деп есептейді.

Персонализм – жеке тұлға мен оның рухани құндылығын жер өркениетінің мәні деп түсінетін батыс философиясындағы атеистік тенденция (беталыс). Боунға негізделген америкалық персонализм XIX ғасырдың аяғында пайда болған. Персонализм үшін «жеке тұлға» қайталанбайтын, бірегей субъектілік, қоғамдық дүниені құрауға бағытталған орталық түсінік. Персонализмде адамзат тарихы адамның тұлғалық дамуын біржақты үрдіс түрінде, ал адамның өзін Құдаймен бірігу барысында рахаттанады. . Персонализмде негізгі назар еркіндік және адамгершілік тәрбиесіне аударылады.

Дін философиясында теологияны, философиялық жағдай деп есептеуге болады ма деген мәселе даулы сұрақ болып қалады ма? Белгілі француз томисті Э.Жильсонның «Философ және теология» атты жұмысында бір домикандықтың ескертуін келтіреді: «Теология жүйесінен Бонавентура мен Фома Аквинский кей жағдайлардың санын көрсетіп, оларды философия авторлары санында көрсетеді. Расында, олардың еңбектері теологияға жатады, және олардың өздері де теологтар. Осылайша кесілген теология пайда болады».

Оның пікірінше, «теология» және «философия» бірін-бірі өзара шығарып, танымға ғана тән, философиялық ақиқатқа теологияда орын жоқ. Жильсон теология, адам игере алатын рационалды білімнің шыңы дейді.

Дін философиясының тарихы теология өзіне таза рационалды талдауды енгізеді дейді. Мысалы, Альберт Великий, Иоанн Дунса Скотта, Уильям Оккамдардың бай біртума олжалары көрсетілетін теологиялық оқулары, кейіннен философияның эпистемология, этика сияқты бөлімдеріне ауысты және күні бүгінге дейін сол бөлімдерде.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. 291 б.

Онтология болмыс және оның түрлері туралы ғылым ретінде Онтология болмыс және оның түрлері туралы ғылым
Философияның алғашқы тарихи формасы, білімі онтология – болмыс туралы ғылым, объекті мен субъектінің шын өмірдегі жиынтығы. Бұл термин грек тілінен
19ғ. аяғы мен 20 ғ. 1-жартысындағы діни-идеалистік философия және рационализм 19ғ. аяғы мен 20 ғ. 1-жартысындағы
Н.А.Бердяев (1874-1948 жж.) Лениннің нұсқауымен 1922 жылы «философиялық кемеде» большевиктер Кеңес үкіметіне бөтен әрі қауіпті «элемент» ретінде
Философияның туындауы және пәндік, өзіндік анықтамасы Философияның туындауы және пәндік, өзіндік
Философия б.д.д. VII-V ғасырда Үнді, Қытай, Грецияда қоғам дамып, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі басталған шақта пайда болған. Осы кезеңнен
Философиялық антропологияның мәні мен мақсаты туралы Философиялық антропологияның мәні мен мақсаты
Философиялық антропологияның философиялық сөздіктерде берілген анықтамасына жүгінсек, көптеген анықтамаларды саралай келіп, оның мазмұнын біршама
ДІНТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ДІНТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
×