Жастар порталы
Онтология болмыс және оның түрлері туралы ғылым ретінде
103 0 aiko

Онтология болмыс және оның түрлері туралы ғылым ретінде

Философия

Философияның алғашқы тарихи формасы, білімі онтология – болмыс туралы ғылым, объекті мен субъектінің шын өмірдегі жиынтығы. Бұл термин грек тілінен аударғанда «өмір сүрушілер» дегенді білдіреді. Онтология деп «Бірінші философ» Аристотель айтқан, сондай-ақ, оның формалары мен құралдарын зерттеген. Алғаш бұл ойдың анықтамасына әр түрлі сөздерді қолданған. Мысалы. «біртұтас», «барша», т.б. Тұрмыстық болмыстың қалыптасуының шынайы философиясымен Парменид және Платон айналысқан. Олар шынайылықта идеалды өмірдегі болмыстың концепциясын алға тартқан. Осыған байланысты «досократтар» табиғат және алғашқы тіршілік онтологиясы туралы трактаттар жазған, яғни натурфилософияны жазғандай болған. Классикалық философияда онтология өзінің мазмұны жағынан метафизикамен қатысты болады. Онтология терминіне деген қажеттілік метафизикада оның натурфилософияға қарағанда алға жылжығандығы туралы түсіндіруге байланысты пайда болды. Осыдан келіп, философия басталады. Тіпті, барша философия, бұл – болмыс пен ойлау туралы арақатынас. Онтология терминін ғылымға Р. Гоклениус 1613 жылы енгізген. Ол барша тіршілікті түсіндірумен байланыстырады.

«Болмыс» категориясы философияның міндетті мәселесі саналады. Ауқымды мағынада болмыс шындық, яғни, барлық тірі нәрсенің болуы. Болмыстың әр түрлі формалары: жұлдыздар, өсімдіктер, жануарлар, адам көзқарасымен жоқтан барға айналу, т.б. Ал тірінің бар болуы ерте ме кеш пе бәрібір жоққа кетеді. Сол себепті философия тарихында тіршілік характерін болмыс шындық және мәңгі, оның формалары жалған және мәңгі емес.

Болмыс категориясы – объект пен субъектінің шындық жиынтығы. Объективті шындық физикалық құбылыстағы бұл материалды әлеуметтік табиғи әлем. Субъективті шындық адамның болмысы, әлемнің жағдайы.

Болмыс формасының өзара байланыс қатары:

1) Болмыс процесі «бірінші табиғат» және нәрсенің болмыс табиғаты «екінші» ( адам жаратылысы) ;

2) Адам болмысы, адам және зат әлемі спецификасы болып бөлінеді.

3) Діни болмыс жеке діни және объективті (шындық негізінде) жеке емес діни болмысқа бөлінеді. Философияда компьютерлердің пайда болуымен «виртуалды шындық» – субъективті танудың бір түрі ұғымы пайда болды.

4) Қоғамның болмысы (жеке адам және қоғам). Осыған орай, философия тарихында ежелден біздің дәуірімізге дейін «болмыс» деген түсінік әр түрлі мағынада қолданылады және ары қарай дамыды.


Болмыстың түрлі категорияларын «материя», «қозғалыс», «өзара байланыс», «сәуле», «сана» түсіндіреді.

Маркске дейінгі философияда материя концепциясының түрлері былайша ажыратылды : атомистикалық (Демокрит), эфирлік (Декарт), денелік (Гольбах).

Осы концепциялардың орақ мәселесі материяның құрылымындағы атоммен байланыстылығы болып табылады.

ХІХ-ХХ ғғ. классикалық немесе еуропалық философияда кең көлемде классикалық емес. Мысалы: «абсолюттік идеяны» (Гегель), «өмір еркіндігі»

(Шопенгауэр), «тіл» позитивті емес, «экзистенцияны», «адам болмысын»

(Хайдеггер) жақтады. Бұл сұрақ болмыс мәселесін шешуді ауызша үш топқа бөлді. Біреуі «онтологизацияны» басшылыққа алды, енді біреуі «деонтологизацияны» айтты, үшіншісі «постмодернисті» айта отырып, онтологияны мойындамады.

Гольбахтың көзқарасын зерттей келе, К.Маркс пен Ф.Энгельс материяның түбін бүтін бір әлем деп табады. В.И.Ленин өзінің «Материализм және эмпириокритицизм» атты еңбегінде: «материя философияның объективті дүниені тану категориясы, ол адамға суреттеліп, көшірме түрінде сезіледі» деп жазған. Осыдан шығатын қорытынды, материя дегеніміз адамзатты қоршаған әрбір заттың өзіндік қасиеті. Оларға тән басқа қасиеттерді алмағанда мынандай екі ерекшелігі бар:

1) олардың барлығы адамның сана сезімінен тыс өмір сүреді;

2) олар адамға әсер ете алады.

Материя туралы философиялық түсінікте оның ғылыми және саяси түрлерін ажырата білу керек. Материяның философиялық түсінігі әлемнің шынайы көрінісін сипаттаса, ғылыми-саяси түсініктер бізге оның физикалық, химиялық, биологиялық, саяси қасиеттерін түсіндіреді. Материя – өзі бүтін объективті әлем. Жеке заттар мен құбылыстар материядан тұрмайды, олар өздері бүтін бір тірі не өлі, саяси ұйымдастырылған, элементарлы бөлшекті, тірі организм метарияларынан құрайды. Материяның осындай нақты құрылымдық деңгейлері техникалық, қоғамдық ғылым салаларымен зерттеледі.

Материяның өміршеңдігінің жалпы атрибуттары болып қозғалыс, уақыт және кеңістік табылады. Материя іштей белсенді, ол қасиеттерді өзгерте алады, ал бұл қасиеті оның қозғалыста болатындығын көрсетеді. Ф. Энгельс «табиғат диалектикасы» кітабында «қозғалысты кездейсоқтық емес, ажыратылмайтын материядан тұрады, ол дүниедегі барлық өзгерістерді өзіне тартып отырады» деп жазған. ХХ ғасыр табиғат зерттеушілер кеңістікті бос әлем деп қараса, уақытты бір өлшемді, яғни өткеннен болашаққа бірқалыпты ағып өтіп кететін құбылыс деп бағалады. Олар уақыт пен кеңістікті жеке форма ретінде алып, қозғалыс пен материяға тәуелсіз өмір сүреді деді. Қатыстылық заңын ашқан, Эйнштейн, олар қатты қысымнан өзіндік қасиеттерін жоғалтады, сондықтан да кеңістік пен уақыт өз алдына жеке қасиеттерге ие болмайды дейді. Эйнштейн теоретикалық физиканың қатыстылық заңын ашты: Е = mc2, мүндағы Е – энергия, m – масса, с- жарық жылдамдығы.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291

Дін философиясы Дін философиясы
ХХ ғасырдағы «классикалық» дін философиясына Ж.Маритен, Э.Жильсон, Г.Марсель, ал ислам әлеміне Джемал ад-Дина ал Афгани, ақын және философ Мұқаммад
Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі Философиялық бағыттар мен жүйелердің
Философия тарихы үшін негізгі мәселе оның кезеңденуі болып табылады. Анағұрлым бұл мәселеге жақын Г.В.Ф. Гегельдің «дәуірдің рухани квитэссенциясы»
Философияның туындауы және пәндік, өзіндік анықтамасы Философияның туындауы және пәндік, өзіндік
Философия б.д.д. VII-V ғасырда Үнді, Қытай, Грецияда қоғам дамып, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі басталған шақта пайда болған. Осы кезеңнен
«Білім», «таным», «ғылым» ұғымдарының мазмұны «Білім», «таным», «ғылым» ұғымдарының мазмұны
Адам санасы, сана елегінен өткен болмыс, оның болмысқа қатынасына көңіл бөлу алға шықты. Білім – адам санасындағы объективтік шындық. 
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
×