Жастар порталы
Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі
214 0 aiko

Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі

Философия

Философия тарихы үшін негізгі мәселе оның кезеңденуі болып табылады. Анағұрлым бұл мәселеге жақын Г.В.Ф. Гегельдің «дәуірдің рухани квитэссенциясы» болып табылады. Осыған орай Батыс Еуропа философиялық дәстүрінде әрқайсысы өзіне тән философиялық ойдағы бірнеше тарихи кезеңдерді бөледі: 

- антикалық философия – б.д.д. VIІ-VI ғғ. аралығындағы Көне Грек және Ежелгі Мысырда дамыған философиялық ілім; 

- орта ғасыр философиясы – II-XIV ғғ. Еуропада пайда болған тұжырымдамаларды қамтиды;

- қайта өрлеу дәуірінің философиясы – XIV-XVI ғғ. Еуропада пайда болған тұжырымдамаларды қамтиды.


- жаңа заман философиясы – XVII-ХIХ ғғ. 70 жылдары Батыс Еуропа мен америкалық ойшылдарды біріктіреді.

- заманауи еуропалық философия – ХIХ ғ. 70-жылдарынан бастап, қазіргі күнге дейін көптеген философиялық білімдерді қосады.

Философия – бұл тек ғылым емес, сондай-ақ, ол қоғамдық сананың формасы, дүниетанымның теориялық негізі. Оның негізгі қарастыратын мәселесі сана пайда болған дүние мен сананың қатынасы. Бұл екі мәселенің екі аспектісі бар: 1) онтологиялық, яғни материя мен сана бірінші; 2) гносеологиялық, біз бұл әлемді тани аламыз ба? Бұл сұрақтарға жауап бере отырып, философтар материалистер мен идеалистер, оптимистер, скептиктер немесе агностиктер болып бөлінеді.

Философия тарихы дегеніміздің өзі материалистер мен идеалистер арасындағы тартыс. Шындығында, бұл тартыс әрқашан шынайы түрде бола бермеген. Сонымен қоса материализм мен идеализм арасындағы қайшылық абсолютті болмаған, екі бағыттың екеуі де философиялық ойлаудың даму процесінің бір-бірімен байланысты өзегі болды. Бірақ, ежелгі грек философы Парменид (б.д.д.VII-V ғғ.) ойлау мен болмыс мәселелерін қарастырады (философияның негізгі мәселесі). Аристотельдің куәлілігімен Парменид қозғалыс пен дамуды жоққа шығара отырып, «болмаған нәрседен ештеңе болмайды, «... болмаған нәрсе біреу ғана, басқа ештеңе жоқ» дейді. Оның материализмі болмыстың қозғалмауы мен өзгермеуінен тұрады. Платон екі типтегі философтарды айтқан, «олардың бәрі аспаннан және көрінбейтін саладан жерге қарайды, дене мен болмысты бір нәрсе деп таниды», ал басқалары «шындық болмысты» әлдебір ақылға сиятын және денесіз идеяларға әкеледі.

Аристотельде философияның негізгі мәселесі айқын көрінбейді. Бұл мәселенің көрінісі онда анық емес формада бірнеше нұсқада беріледі. Бұл біріншіден, біздің танымымызға сәйкес берілгендерден басқа нәрсе бар ма: «сезімімізге әсер ететін қозғалыстағы нәрсе бар ма, әлде жоқ па, осыны түсіну қарастырылады, егер бар болса ол не?» деген мәселе. Қарсы жатқан табиғатты қарастыра отырып, Стагирит анағұрлым бұны анық көрсетіп, оны «өзге аксиомдардың бастамасы» деп атайды. Ол былай айтылады: «бірдің өзі және бір уақытта болған және бір-біріне қатынаста қатыссыз...» және қысқаша: – «біреу бір нәрсені болған және болмаған деп есептей алмайды».

Философиялық оқу – бұл анықталған, логикалық қарым-қатынастағы көзқарас жүйесі. Жекелеген философтардың бұл немесе өзге оқуларының барлығы да өз жалғасын тауып отырған.

Философиялық мектептер – бұл біріктірілген қандай да бір негізі бар идеялар мен ұстанымдар жайлы философиялық оқулардың жиынтығы. Әртүрлі модификацияланған бір идеялық ұстанымдағы, түрлі дамудағы, бәсекелеспейтін мектептерді философиялық бағыт деп атаған. Олар тарихи- философиялық процесте жалпы ұстанымдық ережені және жекелеген тартысты, анағұрлым ірі және белгілі білім берді.

Философиядағы органикалық бірігу қоғамдық таным формаларының ғылыми-теориялық және тәжірибелік-рухани өзіндік ерекшеліктерін анықтай бастады. Бұл зерттеулердің шынайы процесінде және бірі-бірімен тарихи емес қажетті байланысатын философиялық оқудың идеялық мазмұнының дамуында өз көрінісін тапты:

- біріншіден, бұл тарих уақытқа созылса да біртұтас (екі мың жылдан астам), адамдардың логикалық ойлауға талпынуы және «ақылды тәрбиелеу» – философияның қатысуымен, өзін-өзі және дүниені тануы;

- екіншіден, философия тарихы – адамзаттың ұжымдық тәжірибесінің көпжақты диалектикалық бірлігі;

- үшіншіден, философия тарихында барлық қоғамдық ойдың дамуының, толығымен мәдениеттің бейнесі бар.

Бұл логика әр тарихи дәуірдегі философиялық мәселелерді анықтау барысында философиялық ойлаудың дамуы. Сондықтан әр елдің және халықтың философиялық ойлауын, сондай-ақ нақты бір тарихи дәуірдің философиялық көріністерін қатар алып қарау мүмкін.

Тарихи философия тақырыптарынсыз философия өзінің еш мәселесін шешуге қабілетсіз. Тарихи философия теориялық ойлау мектебі болып табылады, оның дамуына «... алдыңғы философияны оқудан басқа, басқа еш құрал жоқ» (Ф. Энгельс).

Философия тарихының негізі болып оның кезеңдері туралы мәселелер табылады. Бұл мәселеге философияны «дәуірдің рухани квинтэссенциясы» деп атаған Г.В.Ф. Гегель көзқарасы жалпы қабылданған. Бұдан барып Батыс Еуропа философиялық дәстүрінде әрбірі философиялық етудің ерекше әдістерімен көрінетін тарихи дәуірлерді бөліп көрсетеді:

- Антикалық философия – б.д.д.VII ғ. аяғы мен – б.д.д. VI ғ. көне грек және Ежелгі Рим қоғамдарындағы дамушы философиялық оқулар.

- орта ғасыр философиясы – II-XIVғғ. Еуропада пайда болған концепциялар жатады.

- Қайта өрлеу дәуірі философиясы – XIV-XVI ғғ. Батыс Еуропа оқулары енеді.

- Жаңа заман философиясы – XVII-XIXғғ. 70-жылдарындағы батыс еуропалық және америкалық ойшылдарының философиялық теорияларын біріктіреді.

- Заманауи Еуропа философиясы – XIX ғ. 70-жылдарынан қазіргі кезге дейінгі барлық философиялық оқулар кіреді.

Бұл уақыттарда тарихи философияның дамуы бір-біріне сәйкес келмесе де, бір-бірін толықтырып отырған. Ол мынадай мысалдармен түсіндіріледі: антикалық ойшылдар өз ойларын философиямен түсіндірсе, шіркеу әкелері өз еңбектерінде орта ғасыр парадигмасын қолдана бастады.

Германияда Гегель өзінің классикалық, жаңа заман философиясын қолдана бастаған кезде, Англияда позитивистер, яғни ең алғашқы жаңа заман философиясының өкілдері пайда болды. Әр заман мәселелерін шешуге соған сәйкес әр түрлі әдістер пайда болып отырды.

Қазіргі кезде көптеген философиялық ойлар уақытымен шектеле қоймай, олардың мәні де өз орындарын тауып отыр. Философия тарихы, онтология мен әлеуметтік философия, гносеология (эпистемология) және диалектика теориясы, философиялық антропология, аксиология, махаббат философиясы, дін философиясы, тарих және саясат философиясы, мәдениет пен білім философиясы, техника мен жаһандану философиясынан тұрады.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Философияның туындауы және пәндік, өзіндік анықтамасы Философияның туындауы және пәндік, өзіндік
Философия б.д.д. VII-V ғасырда Үнді, Қытай, Грецияда қоғам дамып, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі басталған шақта пайда болған. Осы кезеңнен
Ғылым философиясының пәні Ғылым философиясының пәні
Ғылым философиясы философияның бір бағыты ретінде Батыс және Ресей философиясында орын алады. Ал ғылым философиясы пән ретінде логика, тарих
ТАРИХИ САНА ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХИ САНА ФИЛОСОФИЯСЫ
Тарих философиясы дегеніміз не? Мәселе түсінікті болу үшін әуелі «тарих» және «тарих философиясы» ұғымдарының мәнін талдап алу қажет. Нақты тарих деп
Философиялық антропологияның  мәні мен мақсаты туралы Философиялық антропологияның мәні мен мақсаты
Философиялық антропологияның философиялық сөздіктерде берілген анықтамасына жүгінсек, көптеген анықтамаларды саралай келіп, оның мазмұнын біршама
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×