Жастар порталы
«Білім», «таным», «ғылым» ұғымдарының мазмұны
1 209 0 aiko

«Білім», «таным», «ғылым» ұғымдарының мазмұны

Философия

Адам санасы, сана елегінен өткен болмыс, оның болмысқа қатынасына көңіл бөлу алға шықты. Білім – адам санасындағы объективтік шындық. Өз іс-қимылында шынайы дүние байланыстарын қайтадан идеалды түрде өндіреді, басқаша айтқанда, сана білім түрінде болады. Білім – сананың шығармашылық, динамикалық өлшемі. Таным білімді игеру және дамыту, тұрақты тереңдету, кеңейту, жетілдіру және қайтадан өндіру қоғамның тарихи процесімен шұғылданады. Жоғарыда көрсетілгендер әлем және объекті мен субъектінің өзара қимылы жөніндегі жаңа білім болып табылады.

«Білім» термині үш мәнде қолданылады:

  1. Бірденені іздестіруде бейімділік, білгірлік, әділеттілік танытып шынайы мәліметтерге сүйенуі;
  2. Таным туралы кезекті мағлұмат;
  3. Практикалық қатынастармен өзара байланысында жеке адамның шындыққа қатынасы. Екінші, үшінші аспектілер гносеологияның және эпистемология-ғылым таным теориясының пәні.

Адам қоршаған ортаны әртүрлі тәсілмен таниды. Солардың ішінде негізгілердің бірі – өмірге керектіні өндіру, өндіріс, еңбек, практика және рухани шегінде субъекті мен объектінің қатынасы қарастырылады. Өз кезегінде таным процесі, одан алынатын білім практиканың тарихи дамуында жекеленеді, дифференциалдыққа ұшырайды, әртүрлі формаларға айналады, олардың әрқайсысының өзгешелігі болады.

Таным рухани іс-қимылдың формасы бола тұрып, қоғамның шығуынан бастап, оның белгілі бір даму кезеңімен бірге келеді. Адамзат тарихының желісінде таным процесі түрленеді, көптеген формаға, байланыстарға әлеуметтік-мәдени формаларға ие болады. Сондықтан танымды бір түрге жақын қоймау, тіпті ғылымның өзі танымды толығымен қамти алмайды. Осыған байланысты гносеология өз қорытындысын тек ғылыми саладан – «жоғары дамудағы жаратылыстанудан» сыпырып алуға болмайтыны өзінен-өзі белгілі.

Ғылым адамдардың рухани іс-қимылының формасы, түрі. Ғылым – табиғат, қоғам, танымның өзі туралы ақиқатқа қол жеткізу және шынайы фактілерді өзара байланысымен шындықтың даму үрдісін алдын ала көру және оны өзгертуге икемдеудегі объективті заңдарды ашу үшін өмірге келген феномен.

Ғылым – жаңа білім алу, жаңалық жөніндегі шығармашылық іс-қимыл. Оның нәтижесі білім жиынтығы (басым көпшілігі ұғымдық түрде) нақты принцип және оны қайта өндіру процесі негізінде тұтас жүйеге келтіру. Шым-шытырық мәліметтерді жинау, олардың тұжырымдалған қорытындыларын ғылымға телуге болмайды. Өйткені ғылым білім емес. Танымның басқа түрлері сияқты ғылым әлеуметтік мәдени іс-қимылмен байланысты, тек «таза білім» ғана емес.

Сонымен ғылым болмысының негізгі жақтары, біріншіден, жаңа, өзгеше білім алудың күрделі, қайшылыққа толы процесс екені, екіншіден, осы процесс нәтижесінде алынған білімді біртұтас, дамудағы органикалық жүйеге айналдыру (жай қорытындылау ғана емес); үшіншіден, өзінің инфражүйесі – ғылымды, ғылыми мекемелерді, т.б. ұйымдастыру; ғылым этосы (адамгершілік), ғалымдардың  кәсіби бірлестігі, ресурстары, қаржы ғылыми коммуникациялары, т.б. Төртіншіден, адамзат – рухани іс-қимылының ерекше аумағы, мәдениеттің маңызды элементі.


Мәліметтер алынған дереккөз: Кенжебаев С.Ж. Ғылым тарихы мен философиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 284 б. 

Ғылым философиясының пәні Ғылым философиясының пәні
Ғылым философиясы философияның бір бағыты ретінде Батыс және Ресей философиясында орын алады. Ал ғылым философиясы пән ретінде логика, тарих
Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу
Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану ғана
Дінтанудағы ұғымдар мен терминдердің топтары Дінтанудағы ұғымдар мен терминдердің топтары
Дінтануда ұғымдар мен терминдердің бірқатар топтары баса көрсетіледі:  1) онда жалпыфилософиялық және әлеуметтік-философиялық категориялар —
Дінтану пәні Дінтану пәні
Адамның ғаламды, қоғамды, өзін-озі, қоршаған ортадағы жеке құбылыстар мен процестерді тануға деген талпынысы сарқылмас және мәңгілік құбылыс.
Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі
    Шығыстың атақты философы, ойшыл  Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×