Жастар порталы
Ет қосылған салаттар
111 0 aiko

Ет қосылған салаттар

Ас - адамның арқауы

1. Құрамы:

1) 200 г – суға піскен немесе бұқтырылған ет;

2) 100 г – суға піскен картоп;

3) 100 г – маринадталған қияр;

4) 150 г – свежий қияр;

5) 4 шт – суға піскен жұмыртқа;

6) ¾ стакан – майонез; 

7) ½ стакан – қаймақ;

8) тұз, бұрыш, аскөк (укроп); 

9) 1 шт – кішігірім қызанақ

Жасалуы: барлық азық-түлікті кубиктеп турап, соус даярлаңыз. Соусқа қаймақ, майонез, тұз, бұрыш қосып, араластырыңыз. Дайын болған соусқа алдымен қиярды (тазартылған) және етті, содан соң картоп пен жұмыртқаны салып, барлығын араластырыңыз. Дайын салатты қызанақ бөліктерімен, ұсақталған аскөкпен (укроп) және жұмыртқа тілімдерімен қалауыңызша әсемдеңіз. 


2. Салат «Снежана» 

Құрамы:

1) 200 г – суға қайнатылған ет;

2) 2 шт – кішігірім ақ редька;

3) 2 шт – пияз;

4) 100 г – майонез;

5) тұз, бұрыш

Жасалуы: Етті кубиктеп турап, редьканы ірі үккіштен өткізіп, пиязды ұсақтап тураңыз. Майонезбен барлығын араластырып, тұз, бұрыш қосыңыз.



3. Құрамы: 

1) 200 г – ет;

2) 200 г – қызылша;

3) 4 шт – сәбіз;

4) 4 шт – жұмыртқа;

5) 1 – пияз;

6) 100 г – майонез;

7) соя соусы

Жасалуы: Суға піскен көкөністерді үккіштен өткізіңіз. Қайнаған етті кішілеу етіп тураңыз. Суға піскен жұмытқаны (сарысын, ағын бөлек) және пиязды ұсақтаңыз. Әр құрамды аз-дан тұздаңыз.

Құрамды ыдысқа кезек-кезекпен салыңыз және арқайсысының ортасына майонез жағып отырыңыз. Алдымен қызылшаны, сәбізді, етті, жұмыртқаның ағын, пиязды және жұмыртқаның сарысын салыңыз. Бетіне соя соусын себіңіз. 

Сыр, брынза, ірімшік (творог) қосылған салаттар Сыр, брынза, ірімшік (творог) қосылған салаттар
1. Құрамы: 1) 500 г – гүлді қырыққабат (цветная капуста); 2) 50 г – сыр 3) 50 г – пияз; 4) 40 г – сұйық май; 5) 40 г – сіркесу (уксус); 6) тұз
Сәбіз қосылған салаттар Сәбіз қосылған салаттар
Құрамы: 1) 300 г – сәбіз; 2) 400 г – алма; 3) 1 стакан – ұсақталған жаңғақ; 4) 150 г – майонез; 5) салат жапырағы
Жеңіл әрі орай салаттар Жеңіл әрі орай салаттар
1. Редис (шалғам) және қиярдан жасалатын француз салаты Құрамы:                             1) 2 шт – қияр; 2) 1 байлам (пучок) – редис;  3) 1 шт –
Күріш қосылған салаттар Күріш қосылған салаттар
Құрамы: 1) 100 г – аскөк (укроп); 2) 300 г – күріш; 3) 100 г – майонез; 4) 20 г – лимон шырыны; 5) тұз 
Гүлді қырыққабаттан (цветная капуста) жасалатын салаттар Гүлді қырыққабаттан (цветная капуста) жасалатын
Құрамы :  500 г – гүлді қырыққабат (цветная капуста); 100 г – брынза; 2 ас қасық – ұсақталған грек жаңғағы; 2 ас қасық – ұсақтап туралған көк пияз
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
×