
Жеңіл әрі орай салаттар
1. Редис (шалғам) және қиярдан жасалатын француз салаты
Құрамы:
1) 2 шт – қияр;
2) 1 байлам (пучок) – редис;
3) 1 шт – лимон;
4) 50-100 г – үккіштен өткізілген сыр;
5) аскөк (укроп) және ақжелкен (петрушки)
Жасалуы: Қиярды ұсақтап тураңыз. Редисті (шалғам) тазалап, кесіп, лимон шырынын құйыңыз. Ыдыстың ортасына редисті қойып, жанына ұсақтап туралған қиярды қойып, үстіне сырды себіңіз. Салаттың үстіне ұсақталып туралған ақжелкен (петрушки) мен аскөкті (укроп) себіңіз.
2. Қызылша, алмадан жасалатын салат
Құрамы:
1) 300 г – қызылша;
2) 200 г – жібітілген алма;
3) ½ стакан – қаймақ;
4) 2 ас қасық – қант ұнтағы (сахарная пудра);
5) тұз
6) алма сіркесуы (яблочный уксус)
Жасалуы: Қызылшаны пеште немесе қайнатып пісіріп алыңыз. Барлығын ұзыншалап турап, араластырып, тұзды, дәміне қарай алма сіркесуын қосыңыз.
3. Саңырауқұлақ қосылған салат
Құрамы:
1), 200-250 г – саңырауқұлақ;
2) 2-3 шт – қайнатып пісірілген жұмыртқа;
3) 50 г – сыр;
4) 100 г – көк асбұршақ (зеленый горох);
5) ½ стакан – майонез;
6) тұз, бұрыш
Жасалуы: саңырауқұлақты тұзды суда қайнатып алыңыз. Оны және жұмыртқаны ірі кубик етіп турап, сырды ірі үккіштен өткізіңіз. Көк асбұршақты (зеленый горох), тұз, бұрыш қосып, майонезбен араластырыңыз.




