Жастар порталы
3 айлық сәби
95 0 admin

3 айлық сәби

Аруларға

🔸Салмағы: 4,5-8 кг. Бойы: 56 - 65,5 см аралығында өседі.

🔸Тамақтануы: сәби қалауы бойынша тек қана ана сүті.

🔸Үлкен дәреті: аптасына 1 рет немесе 1 күніне 3,4 рет қалыпты. Сұйық, қатты болмау керек.

🔸Ұйқы:түнгі ұйқы 10 сағаттай, күндізгі ұйқы 1,2 сағаттан  2 ұзақ, 30 минуттан 2 қысқа ұйқы.

🔹3 айында бала не істей алады?

 Ішімен жатқан кезде басын еркін, сенімді ұстай алады

 Дауысын шығарып күледі.

 Қозғалмайтын заттарға көз алмай ұзақ тесіліп қарайды, басын заттың бағытына қарай бұрады, оны көреді және көзін барлық бағыттарға жүгіртіп қарайды.

 Қолдарын ашып-жұмып, ойыншыққа ұмтылып, оны ұстайды. Қолын немесе қолындағы затты аузына апарады.

🔹Психо-эмоционалдық дамуы:

Сөйлескен кезде түрлі дыбыстар шығарады, уілдейді.

Кейбір балалар аунай бастайды.

Дауыстарды ажырата алады. Анасын, әкесін, үйіндегі кісілерді таниды.

Өзіне жағымсыз сезімдерге жылау, ыңырсу арқылы жауап береді.

🔹Күтім:

 Аптасына 3 рет жуындыруға болады.

 Гимнастика, массаж.

 Бала енді сергек бола бастайды, ол кез бала дамуы үшін маңызы зор.

Сол кезде әңгіме айтыңыз, уіліне жауап беріңіз, бала да еліктеп жауап қатуға тырысады. Бұл кезең баланың эмоционалдық дамуына әсер етеді.


Авторы: дәрігер Жанар Қалыбайқызы


Дереккөз: https://www.instagram.com/dariger_zhanar/ 

4 айлық сәбидің дамуы 4 айлық сәбидің дамуы
🔸 Салмағы орташа 5,6-7,6 кг. Бойы 60-68 см. 🔸 Тамақтануы: тек қана ана сүті немесе жасанды сүт. Бала бұрынғыдан сирек, ұйықтар алдын немесе оянған
5 айлық бала 5 айлық бала
🔸   Салмағы:  5, 9-8,3 кг. Бойы: 61 - 67 см аралығында өседі. 🔸 Тамақтануы:  бала қалауы бойынша тек қана ана сүті немесе жасанды сүт. Тамаққа
6 айлық сәби 6 айлық сәби
🔹 Салмағы:  6-9 кг. Бойы: 61,2-71,9  см аралығында өседі. 🔹 Тамақтануы:  балаға алты ай толған соң ана сүтімен бірге қосымша тамақ береміз (езбе,
7 айлық баланың дамуы 7 айлық баланың дамуы
🔹  Салмағы 7,6-8,3 кг шамасы, бойы 67,5-69 см орта есеппен. 🔹 Тамақтануы:  негізгі тамақ ана сүті, қосымша тағамдармен таныстыруды жалғастырамыз
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА ДЕЙІНГІ ДАМУЫ БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
Өмірінің алғашқы айларында бала дамуы аса қарқынды жүреді. Әрбір даму саласында күнделікті өзгерістер орын алып отырады. Балақай жаңа дағдылар мен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
×