Жастар порталы
4 айлық сәбидің дамуы
958 0 admin

4 айлық сәбидің дамуы

Аруларға

🔸Салмағы орташа 5,6-7,6 кг. Бойы 60-68 см.

🔸Тамақтануы: тек қана ана сүті немесе жасанды сүт. Бала бұрынғыдан сирек, ұйықтар алдын немесе оянған соң емеді. Бұл жаста бала жан -жағына елеңдеп, айналасын зерттеп, аузына омырауын бір салып, бір шығарып, ойнап емеді. Бұны бала тойдыға санап, емізбей қоюға болмайды. Балада тағамдық қызығушылық ояна бастайды, ересек адамның қолындағы тамаққа ұзағырақ қарап, аузына апарғанын бақылап тамсанады.

🔸Үлкен дәреті: аптасына 1 рет немесе 1 күніне 3,4 рет, бала мазасызданбаса қалыпты. Сұйық, қатты болмау керек.

🔸Ұйқы:тәулігіне 13-15 сағаттай.

🔸Дамуы:

🔹Етпетінен жатып, арқасына аударылады.

🔹Бұл жастағы сәбилер өзінің дене мүшелерімен ойнайды.

🔹Жақындарын таниды, көрген сәтте күледі, кейбір бала «м», «п», «а», «о» ұқсас дыбыстар шығарады.

🔹Алғашқы сезімдері пайда болады, қуану, ренжу, шаттану, ашулану сияқты. Әсіресе анасының өзіне назар аударғанын қалайды.

🔹Күнделікті дағдыларды түсінеді:киіндіріп жатқанда далаға шығатынын, анасының сүт бездерін көргенде еметінін.

🔸Күтім:

🔹Уақытылы жуындыру.

🔹Гимнастика, массаж.

🔹Қанық түсті суреттерге қызыға бастайды, сондықтан ашық түсті суретті көрсетіңіз.


Авторы: дәрігер Жанар Қалыбайқызы


Дереккөз: https://www.instagram.com/dariger_zhanar/ 

5 айлық бала 5 айлық бала
🔸   Салмағы:  5, 9-8,3 кг. Бойы: 61 - 67 см аралығында өседі. 🔸 Тамақтануы:  бала қалауы бойынша тек қана ана сүті немесе жасанды сүт. Тамаққа
6 айлық сәби 6 айлық сәби
🔹 Салмағы:  6-9 кг. Бойы: 61,2-71,9  см аралығында өседі. 🔹 Тамақтануы:  балаға алты ай толған соң ана сүтімен бірге қосымша тамақ береміз (езбе,
7 айлық баланың дамуы 7 айлық баланың дамуы
🔹  Салмағы 7,6-8,3 кг шамасы, бойы 67,5-69 см орта есеппен. 🔹 Тамақтануы:  негізгі тамақ ана сүті, қосымша тағамдармен таныстыруды жалғастырамыз
8 айлық сәби 8 айлық сәби
🔸 С͟а͟л͟м͟а͟ғы͟: орташа 7-9,6 кг, бойы 66-76 см 🔸 Жетістіктері: ▪️ алдынан артына аунап, бұрыла алады. ▪️ жатқан жерінен ақырын тұрып, отырып ала
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА ДЕЙІНГІ ДАМУЫ БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
Өмірінің алғашқы айларында бала дамуы аса қарқынды жүреді. Әрбір даму саласында күнделікті өзгерістер орын алып отырады. Балақай жаңа дағдылар мен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
×