
5 айлық бала
🔸 Салмағы: 5, 9-8,3 кг. Бойы: 61 - 67 см аралығында өседі.
🔸Тамақтануы: бала қалауы бойынша тек қана ана сүті немесе жасанды сүт. Тамаққа қызығушылығы пайда болады, тамақ ішіп отырған ересектердің қасығына ұмтылады. Алғашқы тіс жарып шығуы да мүмкін.
🔸Нәжіс, несеп бөлуі: Үлкен дәреті аптасына 1 рет немесе 1 күніне 3,4 рет қалыпты. Сұйық, қатты болмау керек.Кіші дәреті сирей түседі, күндіз арасына 30-50 минут салады
🔸Ұйқы: түнгі ұйқы 10 сағаттай, күндізгі ұйқы 1,2 сағаттан 2 рет ұйықтайды.
🔸Физикалық дамуы:
🔹Арқасынан жатқанда ішіне және кейін қарай аунай алады;
🔹Ойыншықтарды ұстай алады, бір қолынан екіншісіне ауыстырып салады;
🔹Еңбектеуге әрекеттеніп бастауы мүмкін.
🔸Психо-эмоционалдық дамуы:
🔹Жақындарын таниды, көрген сәтте күледі, түрлі дыбыстар шығарады, уілдейді;
🔹Кей балалар ба ба ба, да да да, ма ма ма деп буындарды айтады.
🔸Күтім:
🔹 Шомылдыру, аптасына 3 реттен кем болмауы керек;
🔹Масаж, гимнастика баланың тірек-қимыл жүйесін дамытуға үлкен рөл атқарады;
🔹Жануардың дыбыстарын салып ойнаған ойын бала үшін қызықты, интонация өзгеруі, құбылуы баланы қуантады;
🔹Таза ауаға күн сайын шығару керек, ауа райын ескере отырып.
Авторы: дәрігер Жанар Қалыбайқызы




