Жастар порталы
40-тан кейін әйел құлпырады
248 0 admin

40-тан кейін әйел құлпырады

Студенттерге

Бұл мезгілде көптеген әйелдерде жыныстық сезім бәсеңдеп, тіпті жойылып кетеді, бірақ бұған қарама-қарсы құбылыс: жыныстық әуестіктің артуы да кездеседі. Бұл ең алдымен, жыныс мүшелеріне қан құйылуынан, сонымен қатар бала көтеру қаупінің жойылуынан келіп туады. Бала көтеруден сақтанып, көптеген әйелдер бүкіл бала көтеру кезеңінде жыныстық сезімін тежеп отырады. Махаббат мәселесіне де, өзіне күтім жасауға да әйел бұрынғыдан да артық мән берсе, жастық шағын ұзақ сақтап қалатыны анық.

Климакстық мезгілде ас сіңіру органдарының едәуір бұзылатыны (іш қату, іш кебу, жүрек айну, шаншу тәрізді аурулар) байқалады. Осы белгілердің бәрі әйелдің тоқталу кезінде жеңіл түрде кездесуі мүмкін, бірақ олар бірте-бірте жоғалып кетуі тиіс.

Махаббат мәселесіне мән берсе, әйел жастық шағын ұзақ сақтап қалатыны анық.

Қырықтан асқанда кездесетін ең бір қолайсыз құбылыс - әйелдің толып, семіруге бейімделе бастайтыны. Артық салмақ адамның мықты, сергек, төзімді болуына кедергі жасап, оған үнемі зиян келтіре береді. Семіріп кеткен әйелдер әдетте тез шаршап қалатындығын, барған сайын әлсіреп бара жатқанын, ұйқы басып, жұмысқа қабілеті кеміп кеткенін айта береді. Олар жүрген кезде, кейде жай отырған уақытында да алқынатын болады.

Қатты семірудің қаупі - бәрінен бұрын жүректің зақымдануы, оны май басып қана қоймай, жүректің үлкейіп кетуі. Осыдан келіп жүрек бұлшық етіндегі қан айналысы бұзылады. Бұрын да көп күш түсетін бұлшық еттің қызметі май басқан жүректе қан тамырларының көбейуіне байланысты онан әрі ауырлайды. Осының бәрі жүрек-қан тамыр жүйесін әлсірете бастайды. Осының салдарынан аяқ ісініп, басқа органдарда іркілу құбылысы пайда болады. Диафрагманың жоғары тұруымен байланысты дем алу да саяздайды. Сол сияқты оттегі жетіспеушілігі де біліне береді. Бұл барып тканьдарда қышқылдану процесін кемітіп, зат алмасуының бұзылуын күшейте түседі. Демек, семіру - ауыру, қартаю деген сөз. Сондықтан, климакстық мезгілде әйелдің ағзасы бейім тұратын семіру қаупінің алдын алу қажет.

Семіру - ауыру, қартаю деген сөз!

Семіруге, оның барлық зардаптарына жол бермеу үшін ең алдымен дұрыстап күн тәртібін жасап алған дұрыс. Көбірек жүріп, әсіресе таза ауада көбірек болып, серуенге күнде шығып, спорттың жеңіл түрімен шұғылданған пайдалы. Бұл жаста бірсыпыра әйелдерде семіруге себеп болатын іш қатуы пайда болады, сондықтан іштің мезгілімен босап тұруын қадағалаған жөн. Бұл үшін жатарда бір стақан айран ішіп, оншақты кепкен қара өрік жеген дұрыс, ішетін тамаққа тұздалған және тұздалмаған орамжапырақ, қияр, сәбіз араластыру қажет. Іштің дұрыс жүруіне әлсіз етіп қайнатылған бадам, аскөк сулары жақсы әсер етеді. Адам толып, ағзаға су іркіле бастаса, жатарда 1-3 шәй қасық ағылшын тұзын ерітіп, ішіп жіберуге болады. Бұл тұз ағзадағы шамадан артық сұйық заттарды айдап шығуға көмектеседі, ішек-қарынды мерзімінен ерте босатады, сөйтіп ұйқыны тыныштандырып, жасқа қарай көтеріле беретін қан қысымын едәуір төмендетеді. Тұзды іштің босауына, дененің жуандауына қарай, не күнде, болмаса аптасына бір-екі рет, әсіресе тамақты көп жеп жібергеннен кейін ішу керек. Дегенмен, климакс кезінде кәдуілгі ас тұзын аз пайдаланған жөн, өйткені ол тканьдарда сұйық заттың іркіліп қалуына себепші болады.

Адамның тамақтануына зор мән бере келіп, академик И.П.Павлов: «егер тамаққа тым беріліп, қомағайлыққа салыну - хайуандық болса, тамаққа асқақтап көңіл қоймау - ақылға сыймайтын нәрсе, сондықтан орташа бол: қомағайланба, бірақ тиісінше ішіп-жеп жүр» деп жазды. Ақ нан, ұннан пісірілген тағамдар, картоп, қант, әсіресе әр түрлі тәттілер - май жиналуының негізгі себебі. Бұларды өте аз жеу керек.

"Егер тамаққа тым беріліп, қомағайлыққа салыну - хайуандық болса, тамаққа асқақтап көңіл қоймау - ақылға сыймайтын нәрсе".

Климакстық мезгіл ішінде жұмыс пен тынығуды дұрыс ұйымдастырудың әйел үшін көп пайдасы бар. Жұмыс істейтін әйелдерге қарағанда, жұмыс істемейтін әйелдер бұл кезеңді жеңіл өткізеді. Әсіресе дене еңбегі жақсы әсер етеді. Сондықтан ой еңбегін дене еңбегімен алмастырып отырған жөн. Алаңсыз, тәтті ұйқы денсаулықты, сергектікті сақтаудың қажетті шарттарының бірі. Бұл мезгілде ұйқы күніне 7-8 сағаттан кем болмауға тиіс және ерте жатып, ерте тұру қажет.

Дене шынықтыру жаттығуларын 5-10 минуттан уағымен жасап тұру - жүрек қызметі мен зат алмасуды жақсартады, оттегін сіңіру процесін жылдамдатады, орталық жүйке жүйесін нығайтып, ағзаны күшейтеді. Ең тиімділері: радиодан берілетін таңертеңгі гимнастика немесе фитнес орталықтарда айрықша комплекс бойынша жаттығу өткізіп, артынан су процедурасын алу, жұмыс уақытында бес минуттық бой жазуға уақыт бөлу, жатарда серуендеп келу.

Осынау қарапайым кеңестерді ұстансаңыз, 40 жастан асқан соң да тал-шыбықтай бұралып, қыздай құлпырып жүретініңіз күмәнсіз.

Әйелдің тоқталу кезеңі Әйелдің тоқталу кезеңі
Әйелдің тоқталу кезеңінде ұрық бездерінің қалыпты қызметі аяқталады. Көпшілік әйелдерде бұл мезгіл 40-50 жас аралығында өтеді. Бұл кезде етеккір келу
Жүктіліктің белгілері Жүктіліктің белгілері
Әйел жүкті боп қалғанын, дәрігерге бармай-ақ, өзі біле ала ма? Әрине, біледі. Өйткені бала бітудің бірнеше айқын белгілері бар. Солардың бірі -
Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас
Жыныстық  қатынас кезінде бөлінетін гормондар құрсақтағы баланың денсаулығына  өте жақсы әсер  етеді деседі дәрігерлер.  Жүктілік кезде туындайтын ең
Сүйген әйел Сүйген әйел
Әйелдің қалағаны азаттық та, таңдау еркі де емес-ті. Оның іздегені қайсар жігіт, тиянақтылық. Әйелдің болмысы сан түрлі, түсініксіз болуы мүмкін. 
Жыныстық қуат Жыныстық қуат
Жыныстық қуат қарама-қайшылы принциптердің өзара әрекеттесуі – жағымды және жағымсыз, түнек пен жарық, ер мен әйелдің – көптеген болмысты сипаттайтын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×