
6 айлық сәби
🔹Салмағы: 6-9 кг. Бойы: 61,2-71,9 см аралығында өседі.
🔹Тамақтануы: балаға алты ай толған соң ана сүтімен бірге қосымша тамақ береміз (езбе, ботқа). 6-8 айлығында ана сүті мен бейімделген қоспа бұрынғысынша сәби үшін негізгі тамақ болып қала береді.
🔹Ұйқы: түнгі ұйқы 10 сағаттай, күндізгі ұйқы 0.5-1 сағаттан 2, 3 рет ұйықтайды.
🔹Физикалық дамуы:
🔸Жан-жағына еркін аунайды.
🔸Анасының төсін ұстап емеді.
🔸Қасыққа аузын ашады.
🔸Кеудесімен, ішімен жылжиды.
🔸Қолын иық буынына тіреп кеудесін көтереді.
🔸Тірексіз отыра бастайды.
🔸Кей балалар еңбектеуі мүмкін
🔸Қолтығынан демеген сәтте бірнеше секунд тұрады.
🔸Ойыншықтарға ден қойып, ұзақ ойнайды, бір қолынан екіншісіне ауыстырып салады,аузына алып барады
🔹Психо-эмоционалдық дамуы:
🔸Жақындарын таниды, көрген сәтте күледі, түрлі дыбыстар шығарады, уілдейді.
🔸Жаңа заттарды зерттейді, дауысын тыңдайды, қолмен ұстап әрі-бері аударып көреді, аузына салады.
🔸Жақсы көретін ойыншығы пайда болады.
🔸Қатты дыбыстан қорқады.
🔸Қуанғанын уілдеумен, күлумен, аяқ-қолын қозғап шаттанумен білдіреді.
🔸Көңілі толмаса айқайлайды, жылайды, ыңырсиды.
🔸Буындар айта алады, былдырлайды.
🔹Күтім:
🔸Шомылдыру аптасына 3 реттен кем болмауы керек.
▪ Массаж, гимнастика баланың тірек - қимыл жүйесін дамытуға үлкен рөл атқарады.
🔸Жануардың дыбыстарын салып ойнаған ойын бала үшін қызықты, интонация өзгеруі, құбылуы бала қуанады.
Авторы: дәрігер Жанар Қалыбайқызы




