
8 айлық сәби
🔸С͟а͟л͟м͟а͟ғы͟: орташа 7-9,6 кг, бойы 66-76 см
🔸Жетістіктері:
▪️ алдынан артына аунап, бұрыла алады.
▪️ жатқан жерінен ақырын тұрып, отырып ала алады.
▪️ орындық, диван, қабырға жиектерінен ұстап тік тұра алады, кейбір балалар жағалап жүріп, 1-2 қадам баса алады.
▪️ «Сәлем, сау бол» деп қолын бұлғайды.
▪ бұл жаста кей балалар еркін еңбектей алса, кейбірі әлі әрекеттенбеуі де мүмкін. Әр баланың дамуы жеке екенін ұмытпаймыз.
▪️өзін айнадан көрсе танып, қуанып, шаттанады.
▪️жақын адамдарын бірден таниды. Анасы жоқ болып қалса іздейді.
▪️кей балалар алақандарын бір-біріне бірнеше рет соғып, «шапалақтап» ойнайды. «Ал, бер» деген сөздерді түсінеді.
Қолда көтеріп жүргенде, жолда кездескен заттардың бәрін ұстауға тырысады: шкаф, есік, перде т.б.
Өзіне таныс заттардың не үшін екенін бәрін түсінеді, мысалы: доптың дөңгелейтінін, қағазды жыртатынын, пирамида құрастыру керек екенін.
🔸Әлеуметтік дамуы:
▪️қуану, ашулану, ыңғайсыздық сияқты сезімдерін интонация арқылы жеткізеді.
▪️мақтаса қуанып, мәз болып шаттанады.
🔸Ұйқысы: түнде орташа 10 сағаттай, күндіз 3-4 сағат ұйықтайды.
🔺Күнде таза ауаға серуенге шығару керек.
🔻Тамақтануы: ана сүті рационда міндетті түрде: ұйықтар алдын және ұйқыдан тұрған соң. Біртіндеп 2 реттік тамақтануын ересектердікіне, яғни жалпы столға жәймен ауыстыру керек.
Бұл жастаға балалар көкөніс, жеміс, пюресін, творог, сүтсіз кашалар жейді.
🔴Балаға 6 айдан бастап қосымша тамақты рационға дұрыс енгізсе, кейін бала тамақты талғамай жейтін болады.
Авторы: дәрігер Жанар Қалыбайқызы




