Жастар порталы
Табиғи сұлулық — табиғи өнімдерден
640 0 admin

Табиғи сұлулық — табиғи өнімдерден

Дене күтімі

Табиғатпен етене байланыста болуды сән мамандары да, денсаулық сақтау мамандары да қайталайды. Қолданысымыздағы жасанды емес, табиғи өнімдер пайдалылығымен шектелмейді, олар бұл күні өте сәнді. Табиғи өнім деп отырғанымыз —жерден өсіп шығатын көкөніс не жеміс-жидек.

Табиғат — шабыт пен шаттықтың, сұлулық пен қуаттың қайнар көзі. Сұлулық пен тән саулығы үшін табиғат берер қоректік заттар мол. 

Жасыл түс — нағыз табиғи түс

Бұл түс бізді табиғатпен байланыстырады. Психологтардың айтуына қарағанда, жасыл түске жаны құмар жандар, өмірсүйгіш, әркез көңілді жүретін, жарқын мінезді, жайдары жандар. Жасыл түсті өсімдіктердің хош иісінен дайындалатын әтірлер де қатты өткір емес, нәзік әрі жағымды. 

Алма жемісі. Алманың теріге пайдасы зор. Ол бет терісін нәрлендіреді, ылғалдандырып, жұмсартады. Құрамындағы С дәруменінің арқасында алма адам ағзасына өте пайдалы элементтерді береді. Алма қабығының құрамына енген эфир майы да денсаулыққа таптырмас емдік май. Бірақ, бұндай қабықты алмалар сіз дүкеннен немесе базардан сатып алып жүрген алмаларда болмайды. Алма бағынан терілген бұл жемістердің қабығында ғана эфир майы бар. 

Құрамына алма шырыны енген иісмайлар теріге қосымша микроэлементтер беріп, бет терісінде гидролипидтік қабықтың пайда болуына себепші болады. Бұндай иісмайды ұдайы қолданысынан шығармайтын нәзік жандылардың бет терісі жұмсақ әрі тегіс болады. 

Күніне бір реттен алма жеп отыру да пайдалы. Алма бойдағы артық килокалорийды жоқ қылады. Ас қабылдар алдында 15 минут бұрын бір алманы жеген болсаңыз, сіз 190 килокалорийдің көзін жоясыз. 

Егер қолыңыздың терісі тітіркенген, не болмаса жарылған болса, алманың қабығымен қолдың терісін сүртіңіз. Кейін, жылы сумен жуып тастайсыз. Нәтиже көп ұзамай сезіледі. 

Қияр да жасыл түсті көкөністердің қатарынан. Бұл да адамға берген табиғаттың үлкен байлығы. Олай дейтін себебіміз, қиярдың да адам тәнінің сұлулығы мен саулығына берері көп. Қиярдан алынатын шырын бетті ағартады және тегістетеді. Безеу мен қара нүктелерден арыла алмай жүрген жандар үшін дерматолог мамандар қиярдан дайындалған иісмайды қолдануға кеңес береді. Қияр құрамының 95%-ы судан тұрғандықтан, артық салмақ тастауда да өте тиімді. Бар болғаны, күнделікті қабылдайтын асыңыздың мөлшерін азайтып, қияр қабылдауды жиілетсеңіз болғаны, артық салмақ көз алдыңызда жоғалады. 

Егер беттегі безеу мен майлы жылтырақтан құтылғыңыз келсе, күніне 3 рет тамақ алдында тұзсыз қияр жеуді әдетке айналдырыңыз. Бұл әрекеттің соңы да жағымды нәтижесімен қуантады. 

Денеңізде целюлиттің пайда болғанын байқап жүрсіз бе? Оның ізін жоғалтудың амалы да — қияр. Қиярды екі бөлікке бөліп алып, денеңіздегі өзгеріске ұшыраған аймақтарды ысқылап сүртіңіз. Қияр ағзадан артық заттарды шығарып, терінің бір қалыпқа түсуіне ықпал жасайды. 

Егер көз алдыңыз қарауытып немесе ісіп тұрса да, пайдаға қияр асады. Таңертең немесе ұйқы алдында, көзіңіздің үстіне қиярдан кесіліп алынған дөңгелекшені қойып, 15 минут жатыңыз. Көз үстіндегі ісік немесе көз алдындағы қарауытудың ізі жоғалады. 

Сары түстен — бойға қуат 

Ойды жүйрік етуге күн нұрының сары түсі жақсы, — дейді психолог мамандар. Әрқашан бойыңызда энергия қуаты болып, жадырап жүруді қаласаңыз, уақытыңыздың біраз бөлігін күн астында серуендеуге арнаңыз. Сары түстің көңілге серпін берерін есте ұстап, үйіңізде сары түсті заттардың болуына да мән беріңіз. Дастархан үстіндегі жеміс құмырасын сары апельсиндерге толтырып, қабырғаға күнбағыс суреті салынған картинаны іліп қойыңыз. Бұл заттарға қараған сайын, көз қуанып, бойда қуат пайда болады. Сары түске жаны жақын жандар көбінесе, ілгеріге ұмтылғыш, белсенді, көңілді әрі креативті келеді. 

Сәбіз. Гиппократ өмір сүрген тұста сәбіз көкөнісі түрлі аурулардың бетін қайтару үшін пайдаланылған. Ал Рим сұлулары бетті тегістету мақсатында сәбізге әр түрлі майларды қосып, жаққан деседі. Тек бетке ғана емес, сұлулықтың қыр-сырын жақсы меңгерген орта ғасырдағы рим сұлулары шаштарын жұмсарту үшін де, бұл көкөністің көмегіне жүгінген. Құрамында көп мөлшерде А дәрумені бар сәбіз табиғаттан берілген, сұлу болуға арналған бірден бір құрал. 

Бет теріңізге ерекше әр мен нәр бергіңіз келсе, сәбізді майда үккіштен өткізіп, оған жұмыртқа саруызын қосып, бетіңізге жағыңыз. Бұдан болар әсер: бетке қан жүгіріп, майда әжімдер жазылып, тері түсі де оңалады. 

Сәбізде В1, В6, Е, К, С дәрумендерімен қоса йод, аминқышқылдар, фосфор мен кальций бар. Аталған элементтердің денсаулыққа өте пайдалы екенін сіз жақсы білесіз. Ал бұл қоректік заттардың барлығы сәбіз құрамына жинақталған. 

Бет теріңіз аздап тотыққан (загар) әсерде болғанын қалайсыз ба? Бұған көмекке келетін көкөніс те — сәбіз. Ол үшін аптасына 2-3 рет мына масканы жасасаңыз жеткілікті: сәбіз майда үккіштен өткеннен кейін ботқаға айналады. Сол ботқаны дәкеге салып, бет терісіне 15 минутқа қойыңыз. 15 минут өткен соң, салқын сумен жуып тастаңыз. Сонда бет реңі басқа реңге айналады.

Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары
Өзіңіз білетіндей, жұмыртқаның ақ бөлігінің көбі су, қалған он пайызы ақуыздан тұрады. Ал сары уызды ағзаға еш зияны жоқ қаныққан май құрайды. Жалпы
Жеңіл маска түрлері Жеңіл маска түрлері
Төмендегі маскалардың бет терісіне еш зияны жоқ. Тек кешкілік 15-20 минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті. ?   Көк шайдан жасалған лосьон:   1 шай
Ас үйді әсемдеу Ас үйді әсемдеу
Жабдықтар мен жиһаздардың түсін таңдауда бөлменің мақсаты мен табиғи жарығы ғана ескеріліп қоймай, сонымен бірге жарықтың әсері, материалдардың
Жүктілікті жоспарлау Жүктілікті жоспарлау
Ж үктілікті жоспарлау –  ана мен бала денсаулығының кепілі. Дайындықты ағзаны витаминдермен қуаттандырудан баста у керек.   Әлбетте, ең дұрысы
Жүктілік Жүктілік
Жүкті әйел организмінде әр түрлі функционалдық өзгерістер болады. Әйел бойында жүктіліктің алғашқы белгілері білінісімен – етеккірдің кідіруі, кейде
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×