
Мемлекеттік дінтанулық сараптаманың принциптері, мақсаттары мен міндеттері
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары
1. Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары дінтану сараптамасын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Дінтану сараптамасының (бұдан әрі – сараптама) жүргізілуін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.
Сараптама жүргізудің негіздері:
1) Уәкілетті органға жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері;
2) Қазақстан Республикасының кітапхана қорларына, сондай-ақ Уәкілетті органға діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі;
3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу (қайта тіркеу) және діни бірлестіктерді тіркеу үшін өтініштері;
4) жеке өзі пайдалануға арналған материалдарды қоспағанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі;
5) Уәкілетті орган басшысының бұйрығы болып табылады.
Дінтанулық сараптама принциптері үш топқа бөлуге болады:
1. Жалпы құқықтық принциптер. Бұл принципке азаматтардың ар-ождан және діни сенім бостандығы, діни ұйымдардың құқықтары, адамдардың өзгеде құқықтары жатады. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу бірінші кезекте, кез келген Заңнаманың басты қағидаты болып табылады.
2. Кәсіби принциптер. Бұл принципке сарапшының тәуелсіз болуы, сараптаманың объективтілігі, толыққандылығы және жан-жақтылығы, дінтанулық сараптаманың күрделілігі;
3. Жалпы ғылыми принциптер (жүйелілік, рационалдық, ақиқаттылық).
Сарапшының тәуелсіз болу принципі: бұл принцип сарапшының біреудің ықпалынан тәуелсіз болуын ғана емес, сонымен қатар оның жеке дүниетаным тұрғысынан да тәуелсіз екендігін білдіреді. Дінтанулық сараптама жүргізетін сарапшының өз қызметін жүзеге асыру барысында, оның қызметіне ешкім араласа алмайды. Сараптама жүргізу барысында сарапшы кез келген әдіс-тәсілдерді қолдануға құқылы. Сонымен қатар, оның сараптама қорытындысын шығаруда ешкімге тәуелді болмауы шарт.
Сарапшының көзқарасы тұрғысынан тәуелсіз болуының бірнеше аспектілері бар:
- Мемлекеттік билік органдарының лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз болуы.
- Сараптама жасайтын ұйымнан тәуелсіз болуы. Дінтанулық сараптаманың мемлекеттік-діни қарым-қатынас саласына әсер ететінін ескеретін болсақ, сарапшының атқаратын функциясын діни бірлестіктің өкіліне беруге болмайды. Бұл мәселе дінаралық жанжалды тудыруы мүмкін. Сондықтан сарапшының діни көзқарасы бейтарап, толерантты блдып, тек құқықтық нормаларды басшылыққа алуы тиіс.
Басқа да сарапшылардан тәуелсіз болуы.
Сараптаманың объективтілігі, толыққандылығы және жан-жақтылығы принципі:
Бұл сарапшының әдістер мен зерттеу құралдарын пайдалануда, зерттеу нәтижелерінен қорытынды шығаруда субъективтіліктің жоқтығын білдіреді. Кез-келген сараптамалық зерттеулер белгілі бір білім саласының даму деңгейіне сәйкес келетін ғылыми және (немесе) практикалық негізде қатаң түрде жүргізілуі тиіс.
Сараптама жасау барысында нысанаға алынған обьектінің сыртқы белгілерін бақылап қана қоймай, өзгеде әдістерді қолдану қажет.
Бұл қағидалар маңызды реттеуші функцияларды жүзеге асырады.
Дінтанулық сараптама мақсаты кәсіби білімді қолдана отырып, дін саласына қатысты нақты мәселелердің мән-жайларын анықтау болып табылады.
Алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттері шешімін табу тиіс:
1) ұйымның діни ұйымға жататындығын немесе жатпайтындығын анықтау. (Егер діни ұйыи болса, қай бағытта екенін анықтау);
2) діни бірлестік ұсынған құрылтай құжаттары, діни ілім мен діни жоралар туралы мәліметтер негізінде объект мазмұнының нақты діни ілімге тиесілігін анықтау, объект мазмұнын бағалау;
3) діни бірлестік мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) кезінде оның нақты қызметінің сәйкестігін тексеру;
4) сараптама объектісі мазмұнының Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңнамасының нормаларына сәйкестігін анықтау болып табылады.
Сараптама жүргізу кезінде діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) және олардың қызметін бақылауды жүзеге асыру кезінде туындайтын және сараптамалық бағалауды талап ететін басқа да мәселелер қаралуы мүмкін.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. 2011 ж. ҚР-ның Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы
2. Религиоведческая экспертиза.
httpss://studme.org/121517/religiovedenie/religiovedcheskaya_ekspertiza
Дайындаған: Сагнадина А.




