Жастар порталы
Дінтану пәні
759 0 admin

Дінтану пәні

Дінтану

Адамның ғаламды, қоғамды, өзін-озі, қоршаған ортадағы жеке құбылыстар мен процестерді тануға деген талпынысы сарқылмас және мәңгілік құбылыс. Жинақталған ғылыми ақпарат қоры, жаратылыстану және гуманитарлық ғылым салаларының саны қисапсыз болса да, таным процесі жалғаса береді. Адамзаттың жинақтаған білімдерінің барлық ауқымын қамту мүмкін емес. Бірақ, белгілі бір ғылымның негізгі ұстанымдары, қағидалары, ұғымдары мен деректерін меңгере отырып, адам сол ғылымның әлеміне енеді, меңгергенін кейін өзінің практикалық өмірінде, жеке басының рухани ізденістерінде қолдану үшін оның ішінен өзіне бағдар табады. Өз саласында табысты қызмет ету үшін маманға қажетті арнайы білімдер бар. Бірақ әрбір адамның тұлға ретінде бекуі үшін, оның рухани мәдениетінің қалыптасуы үшін меңгеруге маңызды ұғымдар, идеялар, деректер де бар. Осындай білімдерді қамтитын салаларға дінтану жатады. 

Пәннің анықтамасы 

Дінтануға катысты сәйкес білімдер ғасырлар бойы жинақталғанмен, дінтану кешенді, салыстырмалы түрде дербес білім саласы ретінде XIX ғ. бастап негізделе бастады. Ол жалпы және әлеуметтік философия, философия тарихы, әлеуметтану, антропология, психология, лингвистика, жалпы тарих, этнология, археология жөне басқа да ғылымдардың тоғысында айқындалды. Дінтану діннің пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтарын, оның құрылымы мен әр түрлі компонентгерін, оның әр алуан феномендерін, феномендердің қоғам тарихында қалай көрініс бергенін, дін мен мәдениеттің басқа салаларының өзара байланысы мен өзара әрекетін зерттейді. Дінтанудағы басты болып табылатыны - философиялық мазмұн, бұл қалай болғанда да екі жағдаймен байланысты. Біріншіден, мұнда зерзаттың (объектінің) неғұрлым әмбебап ұғымдары мен теорияларын жасау орталық орынды алады. Бүл тектес ұғымдар мен теорияларды жасай отырып, дінтану нақты ғылымдар - әдебиеттану, фольклористика, тіл білімі, құқықтану, этнография, өнертану және басқа ғылымдарға (олар дінді талдауға өздерінің жеке көзқарасы тұрғысынан көшкенде) көмек көрсетеді.

Екіншіден, дінді зерттеу адам, әлем, қоғам туралы философиялық-дүниетанымдық мәселелерге сөзсіз сүйенеді. Бұл мәселелерді қарастырған кезде дінтану философиялық ойдың мұрасына, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың тарихына, әсіресе, қазіргі замандық ғылыми-техникалық төңкеріс жетістіктеріне, діннің ғылыми түсіндірмесіне жүгінеді. Адамтану, медицина, психология, педагогика, тарих, физика, химия, кибернетика, биология, космология, экология және басқа ғылымдардың жетістіктері сәйкес дүниетанымдық мәселелерді шешуге негіз болады.


Дереккөз: Дінтану негіздері: Оқулық/Ауд.: Н.Ж.Бәйтенова, Қ.А.Затов, А.Т.Құлсариева, А.Д.Құрманалиева; Құраст. Н.Ж.Бәйтенова.

Фараби атындағы Еуразия ғылыми-зерттеу орталығындағы тағылымдама Фараби атындағы Еуразия ғылыми-зерттеу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – жетекші жоғары оқу орны, Қазақстанның ірі білім беру және ғылым орталығы. Университет жеке және кәсіби
Қазақ Ұлттық университетінің 85 жылдық мерейтойы Қазақ Ұлттық университетінің 85 жылдық мерейтойы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 1934 жылы негізі қаланған Қазақстандағы іргелі университеттердің бірі де бірегейі. Университет өзінің
Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі
    Шығыстың атақты философы, ойшыл  Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу
Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың қалыптасуы Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың
Дін – бұл әлемдік тарихтағы қол жетімді деректерге қарағанда, адамзат баласы пайда болғалы бері ең көне және әмбебап қоғамдық сана болып табылады.
Саясаттанудың пәні Саясаттанудың пәні
Саяси ғылым да басқа ғылым салалары секілді қоғамдық ғылымдармен тұтастықта және философиямен ара-жігі ажырамаған антикалық (ежелгі) саяси-әлеуметтік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×