Жастар порталы
Діни білім беру және сауықтыру бағдарламаларын сараптау
21.11.2019 6 0 admin

Діни білім беру және сауықтыру бағдарламаларын сараптау

Дінтану

Дін туралы жаңа заңнамада сараптаманы жүргізудің бірнеше негізі айқындалып көрсетілді. Бұған дейін дінтану сараптамасын жүргізуге тек мүдделі мемлекеттік органдар және солар арқылы тіркеу барысында діни бірлестіктер ғана сұраныс бере алатын. Ал жаңа заң талабына сәйкес кез келген жеке және заңды тұлға, мемлекеттік мекеме, соның ішінде кітапхана мекемелері де өздері ұсынған материалдарға дінтану сараптамасын жүргізу жөнінде өтініш бере алатын болды.

Заң бойынша үш жағдайда дінтану сараптамасының жүргізілуі міндетті үдеріс ретінде белгіленген: 

1. Жеке тұлғаларды миссионер ретінде тіркеу барысында олардың діни мазмұндағы материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жол беріледі. Сараптама қорытындысы теріс болған жағдайда миссионер ретінде тіркеуден бас тартылады. 

2. Діни бірлестіктерді тіркеу (қайта тіркеу) барысында олардың құрылтай және басқа да құжаттары мен пайдаланатын әдебиеттері дінтану сараптамасынан өтуге тиіс. Ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дәйексіз болса және (немесе) құрылатын бірлестік дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде діни бірлестік ретінде танылмаған жағдайларда діни бірлестікті тіркеуден бас тартылады. 

3. Жеке өзі пайдаланудан тыс басқа мақсаттар (сату, тарату) үшін Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін кез келген діни мазмұндағы әдебиеттер мен діни мақсаттағы заттар алдымен дінтану сараптамасына ұсынылуы қажет. Мұндай әдебиеттерді тіркелген діни бірлестіктер ғана әкеле алады. Сараптаманың оң қорытындысын алмаған жағдайда әдебиеттердің ел аумағына енгізілуіне жол берілмейді. 

Сараптама объектілеріне:

1) діни бірлестіктердің құрылтай құжаттары;

2) діни мазмұндағы құжаттар (діни бірлестіктердің құрылымын, діни ілімінің негіздерін, діни практикасын айқындайтын құжаттар, сондай-ақ діни қызметтің нысандары мен әдістерін сипаттайтын құжаттар);

3) діни білім беру бағдарламалары;

4) діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен әдебиет;

5) діни мақсаттағы заттар жатады. 


Діни БАҚ сараптамасы

Тиянақты мақсат Тиянақты мақсат
Нақты мақсат қоя білу жайындағы тамаша әпсана.  – Тілекті тіркеу бөлімі, тыңдап тұрмын?  – Тілек: еркекті қалайды. Ажалды әйел пенде А1Д8К6.  – Сенің
Дін саласындағы өзекті тақырыптарға арналған 20 сұрақ пен жауап Дін саласындағы өзекті тақырыптарға арналған 20
1. «Діни қ ызмет ж ә не діни бірлестіктер туралы»  Қ аза қ стан Республикасыны ң  За ң ы  қ андай актілерге негізд еледі? Қ аза қ стан Республикасыны
Дінтанудың мазмұндама ұстанымдары Дінтанудың мазмұндама ұстанымдары
Дінтану пәнінің мазмұнын ашқанда, теориялық материал мен деректерді орналастырғанда, дінтану дидактикасы мен әдістемесінде кейбір ұстанымдар іске
Дінтанудың негізгі бөлімдері Дінтанудың негізгі бөлімдері
Дінтану бүгінде бірқатар бөлімдерді қамтиды, олардың арасынан философия, әлеуметтану, психология, феноменология, дін тарихы негізгілері болып
Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі
    Шығыстың атақты философы, ойшыл  Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу
Пікірлер (0)
Пікір білдіру