Жастар порталы
Дінтанудың негізгі бөлімдері
1 746 0 admin

Дінтанудың негізгі бөлімдері

Дінтану

Дінтану бүгінде бірқатар бөлімдерді қамтиды, олардың арасынан философия, әлеуметтану, психология, феноменология, дін тарихы негізгілері болып табылады. 

Дін философиясы - зерзатқа философиялық түсіндірме жөне түсінік беретін философиялық ұғымдардьң, ұстанымдардың, тұғырнамалардың жиынтығы. Бұл тұғырнамалар алуан түрлі, ондағы дінді түсініктемелеу қайсыбір субординациялаушы ұстаным - табиғатшылдық (натурализм), материализм, экзистенциализм, феноменология, герменевтика, прагматизм, позитивизм, лингвистикальқ философия, психоанализ тұрғысынан жүзеге асырылады.

Дін социологиясы діннің қоғамдық негіздерін, оның пайда болу, даму және қызмет етуінің қоғамдық заңдылықтарын, оның элементгері мен құрылымын, қоғамдық жүйедегі орны, қызметі мен рөлін, діннің осы жүйенің басқа элементтеріне әсерін және осы қоғамдық жүйенің дінге қайта әсерінің ерекшелігін зерттейді.

Дін психологиясы қоғамдық, топтық және жеке тұлға психологиясының діни құбылыстарының (қажеттіліктер, сезімдер, көңілкүйі, дәстүрлер және т.б.) пайда болу, даму жөне қызмет етуінің психологиялық заңдылықтарын, сол құбылыстардың мазмұны, құрылымы, бағыттылығын, олардың діни кешендегі орны мен рөлін және олардың қоғам, топтар, жеке тұлғалардың діни емес тіршілік әрекетінің салаларына әсерін зерттейді.

Дін феноменологиясы практикалық түрде өзара әрекет ететін, іске асырылып жатқан маңыздылығы мен мағынасына байланысты жеке адамдардың коммуникациясында болатын түсініктер, идеялар, мақсаттар, ниеттердің (түрткі, мотивтердің) ара қатынасын белгілейді және осыны ескере отырып, дін құбылыстарының жүйелі сипаттамасын береді, оларды салыстыру негізінде жүйелейді.

Дін тарихы уақыт кеңістігінде қозғалатын дін әлемін алуан түрлі қырынан суреттейді, әр түрлі діндердің өткенін нақты нысандары арқылы береді, бұрын болған және бүгін де бар сансыз көп діндер туралы ақпараттар жинақтап, оларды сақгайды.

Философия діннің терең мәндік қасиетгерін ашады; әлеуметтану, психология, феноменология, тарих діннің әр түрлі келбетін және әр түрлі деңгейде қалай көрініс беретінін, әр түрлі діни феномендерде қалай байқалатынын көруге мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандармен қоса, дінге қатысты еркін ойлау туралы білімдерді қамтитын бөлім атап көрсетіледі. Бұл бөлімде еркін ойлаудың мазмұны, оның даму заңдылықтары, қоғамдағы және жеке тұлғаның өміріндегі қызметтерінің мәні ашылады, оның әр түрлі көріністері зерттеледі, оның тарихы, даму типтері мен кезеңдері, оның әр дәуірде концептуалды деңгейде жөне халық санасында, ғылымда, мораль, өнер, саясат, философия, теологияда көрініс алуы сипатталады.

Дереккөз: Дінтану негіздері: Оқулық/Ауд.: Н.Ж.Бәйтенова, Қ.А.Затов, А.Т.Құлсариева, А.Д.Құрманалиева; Құраст. Н.Ж.Бәйтенова.

Дінтану пәні Дінтану пәні
Адамның ғаламды, қоғамды, өзін-озі, қоршаған ортадағы жеке құбылыстар мен процестерді тануға деген талпынысы сарқылмас және мәңгілік құбылыс.
Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі
    Шығыстың атақты философы, ойшыл  Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу
Мемлекет пен діни ұйымдар қатынасын реттеу дәстүрлері Мемлекет пен діни ұйымдар қатынасын реттеу
Жалпылай алғанда, қазіргі таңда мемлекет пен діни ұйымдардың қарым-қатынастарын реттеудің кеңінен таралған екі құқықтық дәстүрі қалыптасты: олар
Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың қалыптасуы Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың
Дін – бұл әлемдік тарихтағы қол жетімді деректерге қарағанда, адамзат баласы пайда болғалы бері ең көне және әмбебап қоғамдық сана болып табылады.
Саясаттанудың пәні Саясаттанудың пәні
Саяси ғылым да басқа ғылым салалары секілді қоғамдық ғылымдармен тұтастықта және философиямен ара-жігі ажырамаған антикалық (ежелгі) саяси-әлеуметтік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×