Жастар порталы
Тиянақты мақсат
06.08.2019 85 0 admin

Тиянақты мақсат

Жан саулығы

Нақты мақсат қоя білу жайындағы тамаша әпсана. 

– Тілекті тіркеу бөлімі, тыңдап тұрмын? 

– Тілек: еркекті қалайды. Ажалды әйел пенде А1Д8К6. 

– Сенің пендең қандай еркекті қалайтынын айтпаған ба? – Сенімді еркекті қалайды. «Қандай жағдайда да қасымнан табылатын» деді. 

– Болды ма? 

– Болды.

 – Дым қиялы жоқ осы адамдардың... Жарайды, келесі өмірінде Сиам егізі болсын деп жазайын. Тілекті тіркеу бөлімі, тыңдап тұрмын? 

– Бала сүйгісі келеді. К18Р3Б46. 

– Қандай бала? 

– Кез келген... шығар... 

– Жынысы? Жасы? Денсаулығы? Сырт әлпеті? Өткен өміріндегі қай дарын-қабілетін қалдырамыз? 

– Ол не ғой... ондай мағлұмат жоқ... 

– Онда маған реніш болмасын... Тіркеу бөлімі, шамасы, мазохистік тілектерді тіркейтін сияқтымыз?... 

– Ақша керек. С4Ж9Ф1. – Қанша? 

– 2 000 000 сом. 

– Неге екі? 

– Солай қалады. 

– Бір миллион жіберемін. Не үшін екенін анықтап, көбірек сұрап үйренсін. Тілекті тіркеу бөлімі, тыңдап тұрмын? 

– Р2000Б14Х9. Ақ марғауды тілейді, үстінде қара дақтары, аяқтары қолғап кигендей, маңдайында жүрек сияқты белгісі бар, өте нәзік марғау болсын, бірге ұйықтайтындай. Себебі: біреумен ойнағысы келеді. 

– Қабылданды. Әйтеу, балаларының қиялы шексіз. Тіркеу бөлімі. Тілек тіркеу ғой. Тыңдап тұрмын? 

– Өзіне жақсы өмір тілейді Ф30М6Ч1.

– Ол үшін «жақсы өмір» деген не екен?

– Өте үлкен, жарқын, жарық бірдеңе... 

– Миыма тек ядролық жарылыс кеп тұрғаны... Жоқ! Қабылданбайды. Ақымақтар. Сосын тағы да тілегім орындалмады деп ойбайлайды ғой... Тілек тілегенді де білмейді бұл адамдар... Үйрену керек қой! 


Аударған Шынар Әбілдә

Жауапкершілік Жауапкершілік
Құдай бізге еркіндік берді. Абсолютті еркіндік болмаса да, пенде баласының шешім қабылдап, таңдау жасауына мейлінше жеткілікті еркіндік. Шешім мен
Бақытты неке: күрделі таңдау ма әлде кездейсоқтық па? Бақытты неке: күрделі таңдау ма әлде кездейсоқтық
Бақытты неке деген не? Оның қандай талаптары бар? Жұбайлар жылдар бойы бақытты бола бермейді ғой, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтыны анық. Әлде жылдар
Мықты ана тәрбиелеген адамдардың 14 ерекшелігі Мықты ана тәрбиелеген адамдардың 14 ерекшелігі
Анаңыз мықты болса, одан не үйрендіңіз? Жасөспірім кезде ананың мықтылығын түсіну қиындау. Ананың тәрбиесін есейгенде барып сезіне бастайсың. Ана
Некені бір ауыз сөзбен қалай құтқарудың жолы Некені бір ауыз сөзбен қалай құтқарудың жолы
Бірде үлкен қызым Дженна былай деді: «Кішкентай кезімде сендер ұрысқанда ажырасып кететін шығар деп қорқатынмын. 12 жасқа толғанда, бұлай ит-ыржыңмен
"КЕДЕЙЛІК" ПСИХОЛОГИЯСЫН ЖОЮ ЖОЛДАРЫ "КЕДЕЙЛІК" ПСИХОЛОГИЯСЫН ЖОЮ ЖОЛДАРЫ
💵  Бақуатты өмір сүру өзіңіздің қабілетіңіз бен күшіңізге тәуелді. Сізде де «кедейлік» псиxологиясының белгілері болса, біздің кеңестерді жадыңызға
Пікірлер (0)
Пікір білдіру