Жастар порталы
Канондық құқықтың қайнар көздері
27.11.2019 3 0 admin

Канондық құқықтың қайнар көздері

Дінтану

Канондық құқықтың қайнар көздері адамның белгілі бір діни ұйымға кіруін немесе шығуын; жаза тағайындауды, түрлі діни ұйымдар арасындағы қатынастарды, діни ұйымдар мен діни емес ұйымдар, мемлекеттер арасындағы қоғамдық қатынастардың ерекше түрлерін реттейді. 

Каноникалық құқық көздері үшін өзінің пәні (діни қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты қатынастар) және нормативтік реттеу әдістері (императивті, диспозитивті, аралас, сондай-ақ тек канониялық құқыққа тән ерекше әдістер ретінде акривия мен икономия) тән.

Канондық құқықтың қайнар көздері 2-ге бөлінеді:

Ішкі (немесе материалдық) Құқықтық нормаларды қабылдайтын тұлғалар, институттар жатады. 

Сыртқы (немесе формальды) - Құқықтық нормалар жазылған құжатар, ескерткіштер жатады. 

Канондық құқықтың жалпы қайнар көздері 

1. Інжіл (Жаңа Өсиет) 

Адамдардың, дін қызметкерлерінің мінез-құлқын реттеп, шіркеу сот мәселелерін қарастыруда қолданылатын қайнар көздер.

2. “Апостолдар ілімі” 

3. Әлемдік Соборлар

III-IV ғ. бастап шіркеуге қатысты заңдарды  Жергілікті Әлемдік соборлар шығара бастады. Соның алғашқысы – 325 жылы өткен Никей соборы. 

 Василий Великий, Иоанн Златоуст, Августин Блаженный 

4. Шіркеу әкейлері деп саналатын атақты христиан ойшылдарының көзқарастары 

5. Шіркеу дәстүрі

Ең алғашқы қайнар көз Шіркеу болып табылады. Құдайдың өсиеттері шіркеу құрылысының негізін құрайды. Оларды басшылыққа ала отырып, шіркеу әлемде өзінің құтқару миссиясын орындайды.

Канондық құқықтың қайнар көзі ретінде шіркеулік заңнамамен қатар, мемлекеттік заңнамада саналады. Шіркеудің сыртқы құқығы саласында, яғни оның мемлекеттегі және азаматтық қоғамдағы құқықтық жағдайы, мемлекеттік биліктің еркі, егеменді заңнаманың қайнар көзі болып табылады.

– Канондық құқықтың қайнар көзі ретінде – Жаңа Өсиет Құдай еркінің тікелей көрінісі ретінде Исаның өсиеттері шіркеу үшін жалпыға бірдей міндетті, олар оның ілімі мен өмірінің ірге тасын құрайды.

– Канондық құқықтың қайнар көзі ретінде – Апостолдың жазбалары. Киелі Жазбада Исаның Өсиеттерінен басқа, Апостолдарға тиесілі шіркеу туралы басқа да қаулылар бар.

Шіркеулік-канондық материалдардың көптігі кодификациялау қажеттілігін тудырды. Әлемдік Собор кезіндегі канондық жинақтарды 3 типке бөліге болады:

  •  Тек шіркеулік ережелері бар канондық жинақ;
  • Шіркеу істері бойынша тек мемлекеттік заңдарды қамтитын азаматтық жинақтар;
  •  Басқа заң ережелерінен тұратын аралас жинақтар - номоканондар.

“Номоканон” (VIғ.) 

Шіркеу істері бойынша азаматтық және шіркеулік заңдарды қамтитын жинақ – Номоканон деп аталады. Бұл жинақтың екінші редакциясы  9 ғасырға тән. 920 ж. Константинопольский соборы 14 титулындағы Номоканонды бүкіл әлемге ортақ кодекс ретінде бекітті.

XV ғасырдың ортасына дейін Орыс Православие Шіркеуі Константинополь Патриархатының митрополияларының бірі болды. Оларда Константинополь шіркеуі сияқты Номоканон заңдарын ұстанды. Осы кезеңдегі ежелгі Орыс Шіркеу құқығының ең беделді қайнар көздері – орыс митрополитіне, епископтарға, князьдерге Жолдаулар түрінде жасалған Орыс шіркеуінің істері бойынша Бүкіләлемдік Патриархтардың грамоталары болды. Кейбір грамоталары біздің кезімізге дейін жеткен.

    XV ғасырдың ортасынан бастап Орыс шіркеуінің автокефалды бөліну кезеңі басталады және бір уақытта шіркеу екі митрополияға бөлінеді. Олардың бірі Константинополь Патриархатының бір бөлігі болып қалған, орталығы Киевте орналасқан.

Ресей Патриархаты құрылғанға дейін, орыс шіркеуінің беделі, автокефальдығы мойындалған жоқ. Автокефаль болғаннан кейін де орыс шіркеулік құқығының қайнар көзі өзгерген жоқ. Олар: Номоканон, Собордың жарғылары, иерархтардың жауаптары мен жолдаулары, қасиетті Владимир мен князь Ярослав Мудрыйдың “Жарлықтары”. 

1839ж. “Ережелер кітабы”

"Ережелер кітабының" басты ерекшелігі, біріншіден, онда канондар толық жаңғыртылды, екіншіден, «Кітапқа» негізгі канондық корпус ғана кірді. 

Қазіргі кезде 1988 жылы Соборда қабылданған Орыс Православие Шіркеуінің Жарлығы” маңыздылығы жағынан алдыға шығады. Бұл Жарлық тек Шіркеудің ішкі тәртібін, қызметін реттеуге арналған. 

Сонымен қатар қазір әрекет ететін Шіркеу құқығының қайнар көзіне Қасиетті Синодтың шешімдері және Қасиетті Патриархаттың Жарлықтары жатады.


Аугсбургтік сенім – ең ежелгі сенімге байланысты ресми құжаттардың бірі. Әлі күнге дейін лютерандар үшін құдайлық норма болып табылады. Мұны теолог, реформатор Филипп Меланхтон негіздеп, Лютер қабылдады.  

Кейіннен, 1540 жылы латын басылымында Меланхтон кальвинистермен жақындасу мүддесінде тазару (причащение) туралы ілімді өзгертті. Соның нәтижесінде Аугсбургтік сенімнің “invariata, variata” деген 2 редакциясы пайда болды. “Variata” - барлық діни-саяси шарттарды жасасу кезінде негізге алынды. Аугсбургтік сенімнің екінші редакциясына Кальвин және басқа да неміс реформаторлары қолдарын қойды. Сондықтан да бұл сенім жалпы протестанттардың сенім іліміне айналды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. В.А. Цыпин. Церковное право. Киев. - 2012, - 335 с.

2. https://studbooks.net/60705/pravo/kanonicheskoe_pravo_ Канонічне право.

3. Wikipedia.org 


Дайындаған: Сагнадина А.

Канондық құқықтың тарихы. Католик шіркеуі Канондық құқықтың тарихы. Католик шіркеуі
Рим-Католиктік шіркеуі Батыс Еуропаның феодалдық қоғамында үлкен рөл атқарды. Ол   Ортағасырлық идеологияның иесі болып табылатын қуатты
КАНОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ПӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ, ТҮРЛЕРІ КАНОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ПӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ,
Дінтанулық сөздікте:  Канондық құқық – шіркеулік билік жариялаған және шіркеулік канондарда бар қағидалардың жиынтығы, шіркеулік мекемелердің
Канондық құқық тарихы. Протестантық шіркеу Канондық құқық тарихы. Протестантық шіркеу
Канон немесе канондар – барлық шіркеу мүшелерінің өмірін реттеп отыратын ережелердің жүйесі және христиан қоғамының тұрмыстық нормасын құрайтын
Мемлекет пен діни ұйымдар қатынасын реттеу дәстүрлері Мемлекет пен діни ұйымдар қатынасын реттеу
Жалпылай алғанда, қазіргі таңда мемлекет пен діни ұйымдардың қарым-қатынастарын реттеудің кеңінен таралған екі құқықтық дәстүрі қалыптасты: олар
Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың қалыптасуы Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың
Дін – бұл әлемдік тарихтағы қол жетімді деректерге қарағанда, адамзат баласы пайда болғалы бері ең көне және әмбебап қоғамдық сана болып табылады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру