
КАНОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ПӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ, ТҮРЛЕРІ
Дінтанулық сөздікте: Канондық құқық – шіркеулік билік жариялаған және шіркеулік канондарда бар қағидалардың жиынтығы, шіркеулік мекемелердің құрылымына, шіркеу мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасына, сондай-ақ шіркеу мүшелерінің өміріне қатысты ережелер. Канондық құқық Құдай заңына негізделеді, бірақ берілген уақыт пен орнына қолданбалы рухани және табиғи заңдардың талаптарын да есепке алады.
Канондық құқық – жергілікті православиелік, Рим-католиктік шіркеулерінің және ежелгі шығыс (Халкидонға дейінгі) шіркеулерінің қазіргі шіркеу заңдарының негізін құрайтын құқықтық нормалардың жүйесі.
Канондық құқықтың нормаларын Шіркеудің барлық мүшелері ұстануға міндетті.
Канондық құқықтың зайырлы құқықтан айырмашылығы, ол – шіркеу билігінен шыққан қаулы болып табылады.
Канондық құқық христиан шіркеуімен пайда болды, бірақ бірден жүйе ретінде қалыптасқан жоқ. Діни-теологиялық пәндердің ішінен канондық құқық алғаш тәуелсіз ғылым ретінде қалыптасты. XII ғасырдан бастап, канондық құқық теологиядан бөлінді.
Ғылым ретінде қалыптасу барысында 4 кезеңнен өтті:
1. Грацианға дейінгі канондық құқық кезеңі (немесе ежелгі құқық)
VI-X ғасырлар аралығында, христиан шіркеуінің жалпы теологиялық доктринасы, сондай-ақ қызмет тәртібі мен шіркеудің жалпы тәртіп нормалары жазылған. Бұл кезеңде канондар (нормалар, ережелер, үлгілер) соборлар мен синодтар (епископтардың кездесулері), жеке епископтардың жарлықтары мен шешімдері, сондай-ақ Киелі кітаптағы жазалар туралы мәтіндермен анықталды.
2. Классикалық (жаңа құқық).
1075-1122 жылдары. Рим Папасы Григорий VII бастамашылық ететін маңызды ішкі шіркеу реформасы орын алып, соның нәтижесінде жаңа заң деп аталатын арнайы шіркеу жүйесі жасалынды. 12 ғасырда Шіркеуде «Грациан Декреті» пайда болды. Бұл декрет канондық құқықты бір жүйеге келтіріп, оның алғашқы жиынтық кодексіне айналды. Кейіннен шыққан папаның жарлықтары бұл декреттің қатарын толықтырды.
3. Кодификация кезеңі.
(Кодификациялау – бір елде қолданылатын заңдарды жүйелеп жинақтау).
ХХ ғасырдан басталады. Бұл кезеңде Римдік-католиктік шіркеуінің 2 кодексі пайда болды: 1917ж канондық құқық Кодексі, 1983 ж. канондық құқық Кодексі.
4. Қазіргі канондық құқық (2 Ватикан Соборынан бастап).
Канондық құқықтың қайнар көздері:
-
Інжіл (Жаңа Өсиет);
- Канондық құқық Кодексі (Грациан декреті);
- Әлемдік шіркеулік соборларының канондары;
- Шіркеудің ең беделді ойшылдарының еңбектері, пікірлері. «Қасиетті Апостолдардың Ережелері»;
- Батыс Еуропаның жергілікті соборларының жарлықтары;
- Рим папасының жолдаулары, декрет, булла, энцикликалары – Канондық құқықтың бұл қайнар көздері тек Рим папасы Иннокентий III (1198-1216) кезінде кеңінен таралды. 60 мыңнан астам жарлықтар мен буллалар қазір Ватиканның мұрағатында сақтаулы.
Канондық құқық жүйесінің негізгі элементтері:
1. Институционалды;
Бұл элемент ең алдымен, канондық құқық субъектілерін қамтиды. Мысалы, клир, мирян, монахтар т.б. Және бұған Шіркеуді жатқызуға болады.
2. Нормативті;
Бұл элемент Інжіл өсиеттерін, ережелер мен канондарын, жергілікті шіркеу жарлықтарын, шіркеу салттарын, шіркеу сотын және т.б. шіркеу тарапынан қабылданған жарлықтарды қамтиды. Сонымен қатар, бұған ар-ождан бостандығы мәселесі мен діни ұйымдардың құқықтық мәртебесін реттейтін зайырлы заңнамады да жатқызуға болады.
3. Идеологиялық;
Бұл мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде Құдайдың заңына негізделеді.
4. Функционалды;
Бұған канондық жарғыларды жүзеге асыру (субъектінің өзі) және қолдану (арнайы уәкілетті құрылымдар, шіркеу билігіндегі превитер, патриарх, епископ т.б. арқылы).
5. Коммуникативті (интегративті).
Бұл элементтің құрамына тек өзара ішкі байланыстар ғана емес, сонымен қатар басқа дін өкілдерімен, мемлекетпен, халықаралық ұйымдармен т.б. қарым-қатынасы жатады.
Канондық құқықтың пәні
Канондық құқықтың пәніне құқықтық реттестіруге жататын іс-әрекеттер, қарым-қатынастар жатады. Мұндай қарым-қатынастар:
- біріншіден, тұрақты болуы және оқиғаларда, адамдардың іс-әрекеттерінде қайталып отыруы тиіс;
- екіншіден, оларды Шіркеу және мемлекет тарапынан бақылауына мүмкіндік беруі тиіс. Канондық құқықтың пәні «нені реттестіру керек?» деген сұраққа жауап береді.
- Канондық құқықтық реттеу пәні –бұл бір немесе басқа канондық құқыққа қатысты нормалармен реттелетін сапалы біртекті әлеуметтік қатынастардың жиынтығы.
Басқа коорпоративтік құқықтық жүйелермен салыстырғанда, канондық құқық байлығымен, айрықша әртүрлі және маңызды, жүйесімен ерекшеленеді. Канондық құқық мазмұны бойынша былай бөлінеді:
- неке және отбасы құқығы;
- мұрагерлік құқығы;
- азаматтық құқық;
- қылмыстық құқық;
- шіркеу лауазымдарын жүргізу тәртібі туралы әкімшілік құқық;
- шіркеу салық салу принциптері мен мөлшерін белгілейтін қаржы құқығы.
1. Неке және отбасы құқығы. Бұл қатынасты ретттеу ерте кезден бері шіркеудің билігінде болды. Мұндағы шіркеудің негізгі идеясы жұбайлардың екеуінің өзара келісіміне негізделген моногамдық неке идеясы. Бұл идеяны жүзеге асыру барысында (Батыста да, Ресейде де) түрлі ауылдық, тайпалық, феодалдық әдет-ғұрыптармен күресуге мәжбүр болды. Ата-аналарының алдын-ала келісімін алып қиылған неке ғана жарамды деп танылды.
2. Мұрагерлік құқығы. Архаикалық заңға сәйкес, мүліктің басым бөлігі отбасына тиесілі. Өлген адамның жеке меншігі тірі жұбайына және балаларына беріледі. Егер марқұмның мұрагері болмаса, ол оны кеңестің немесе рудың жетекшісінің келісімімен тағайындай алады.
3. Қылмыстық құқық. Канондық құқықты дамытудың ең ерте кезеңінде «қылмыс» және «күнә» деген сөздер бірдей болды. Кейінірек, Құдайға қарсы жасалған қылмыстар (күнәлар) мен дүниедегі қылмыстардың арасында айырмашылық көрсетілді. Шіркеу билігі – күнә үшін, ал зайырлы билік – қылмыс үшін жаза тағайындады.
4. Канондық әкімшілік құқығы шіркеу әкімшілігі, шіркеу кеңселерін құру және тарату, оларды ауыстыру, қазіргі әкімшілік ету және шіркеуді қадағалау сияқты мәселелерді реттейді.
5. Канондық қаржылық құқығы шіркеу мен шіркеудің мүлкін сақтау үшін пайдаланылатын қаражаттың мөлшері мен тәртібін реттейді.
Канондық құқық қолданатын құқықтық реттеудің негізгі әдісі – императивті әдіс болып табылады. Сонымен қатар, канондық құқықта тағы 2 әдіс бар. Ол әдіс басқа құқықтық жүйеде қолданылмайды. Олар:
Акримвия
Акримвия (грек. нақтылық, дәлдік) – ешқандай жеңілдіктерге жол берілмей, қатаң канон заңдарын ұстана отырып, мәселені шешу әдісі. Акримвия шіркеу догматына, шіркеу мен христиандықтың мәні мен мақсаттарына қатысты мәселе туындаған жағдайларда қолданылады.
Икономия
Икономия - шіркеу мәселелерін жұмсақтық, практикалық қызметтің тұрғысынан шешу әдісі.
Канондық құқықтың принциптері:
Канондық құқықтың жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігі принциптерінің сақталу деңгейіне байланысты. Олар канондық заң шығарушы қызметтің негізгі нұсқаулығы болып табылады. Канондық құқық принциптері ішкі бірлікті нығайтуға және оның әртүрлі құрылымдық компоненттерінің, құқықтық канондық нормалардың өзара әрекеттесуіне ықпал етеді. Канондық құқықтың басшылық принциптері негізінде барлық канондық құқық жүйесiнiң мәні оның негізгі бастамасы, қоғамның объективті заңдарын, тенденцияларын және қажеттіліктерін түсіну қағидаларын ұстану арқылы, жалпыға ортақ заңдылықты қамтамасыз ету арқылы айқындалады. Канондық құқықтың принциптеріне заңдылық, әділдік (справедливость), гуманизм, әділеттілік (правосудие) және т.б. жатады.
Канондық құқық жүйесіндегі әділеттілік принципі адамның мәні мен оның канондық құқықтарына қатысты белгілі бір идеяларға сәйкес келетін элементтер жиынтығы ретінде ұсынылатын түсінік ретінде көрініс табады. Бұл принциптегі «әділеттілік»: қоғамның өміріндегі әртүрлі адамдардың практикалық рөлі мен олардың әлеуметтік жағдайының, олардың құқықтары мен міндеттері арасында сәйкестіктің болуын талап етеді. Ал бұл қатынастардағы сәйкессіздік «әділетсіздік» деп есептелінеді.
Заңдылық принципі - бұл канондық құқық жүйесінде орын алатын оқиғалар мен әрекеттер арасындағы қажетті, маңызды, тұрақты, қайталанатын қарым-қатынастың көрінісі болып табылады.
Гуманизм принципі – канондық құқықтың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Бұл принциптің мәні - қайырымдылық, адамның қадір-қасиетін құрметтеу, адамның қалыпты өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті барлық жағдайларды жасау арқылы адам арасындағы қарым-қатынастардың канондық заңын бекіту болып табылады.
Сонымен, Канондық құқықтың негізгі қарастыратын мәселелері:
Ø Шіркеу заңдары, шіркеу мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, шіркеудің иерархиясы,құпияларды орындауға арналған канондар, шіркеу меншіктерін басқару, шіркеу тәртібі және т.б.
Ø Шіркеу ішінде Шіркеуді ұйымдастыру және басқаруға қатысты туындайтын қатынастар (шіркеу-әкімшілік бөлімі; шіркеу иерархиясы; епископтық және діни қызметке таңдау және тағайындау, жергілікті шіркеу, епархия, приход, шіркеу сот ісін жүргізуді басқару);
Ø Шіркеу мүшелері арасындағы қатынас (клир, монах, мирян);
Ø Өзге де христиандық шіркеулер мен діни ұйымдар арасындағы қатынас;
Ø Шіркеу мен зайырлы субъект (мемлекет, заңды тұлға, жеке тұлға) арасындағы қатынас және т.б.
Канондық құқықты жалпы және жеке деп қарастыруға болады. Жалпы – барлық діни бірлестіктерге қолданылатын құқықтық нормалар жүйесі, ал жеке – бір ғана қауымға арналған. Канондық құқық адамның бастапқы құқықтарын, атап айтқанда: өмір сүру құқығын және өмірді сақтау мен жалғастыру үшін қажетті барлық нәрсені т.б. қалыптастырады.
Канондық құқық – адамгершілік, әлеуметтік құндылықтар жиынтығы арқылы, атап айтқанда: әділеттілік, тәртіп, махаббат, мораль, шыншылдық, адалдық, сенімділік, сенім арқылы көрінетін мемлекет ішіндегі діни қарым-қатынастар саласындағы нормалар мен ережелердің жиынтығы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. И. Г. Оборотов КАНОНИЧЕСКОЕ ПРАВО КАК ПРАВОВАЯ СИСТЕМА 272-281с. – 2012 г.
2. https://studopedia.org/1-74631.html.
3. Церковне (канонічне) право. В.І. Лубьский, А.С. Харьковщенко, М.В. Лубьска, Т.Г. Горбаченко.
4. ДІНИ ТЕРМИНДЕР МЕН АҒЫМДАРДЫҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ. Астана, - 2013.
Дайындаған: Сагнадина А.




