Жастар порталы
Жұмыртқа маскасы
18.11.2019 10 0 admin

Жұмыртқа маскасы

Бет күтімі

Жұмыртқа маскасытеріні тазалайдытартадыжұмсартады.

Жастық пен тері саулығын әрдайым бақылауда ұстау үшін түрлі маскалар жасап тұрудың маңызы мол. Ал жұмыртқадан жасалатын бұл маска бет терісін тазалайды, жұмсартады, нәрлендіреді және тартып  тұрады. Сонымен қатар ең арзан, қолжетімді маска болып есептеледі. Өйткені сізге керегі тек жұмыртқа ғана.

Жұмыртқаның ағы теріні тазалап, тартып тұратын болса, сарысында терінің сыртқы қабатын тереңнен тазалап, жұмсартып тұратын лецитин көп мөлшерде кездеседі.

Сондай-ақ жұмыртқаның құрамындағы А, Д, В дәрумендері терінің жас қалпын сақтауға септігін тигізеді. 

Сондықтан да жұмыртқа маскасын кез келген жастағы қыз-келіншектердің жасауына болады.

Сізге керегі:

  • 1 жұмыртқа;

  • қағаз майлық (салфетка);

  • шанышқы;

  • 2 ыдыс.

        Жасалуы:

     Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліп алыңыз. Ағын аздап араластырып, бетіңізге жағып, оның сыртынан қағаз майлықты қажет мөлшерде кесіп, жабыстырыңыз. Одан кейін бетіңізге жабысып тұрған қағаздардың сыртынан тағы бір рет жұмыртқаның ағын жағу керек. Бірақ тым көп жағудың қажеті жоқ.

 Жұмыртқа жақсылап кепкен соң, яғни 20-30 минуттан кейін масканы төмен, яғни иек жағыңыздан бастап, жоғары, маңдайға қарай еппен тарта отырып, алып тастаңыз. Масканы алып жатқанда аздап ауыру сезімі болуы мүмкін. Дегенмен, жұмыртқа маскасының нәтижесін көргенде-ақ ол туралы ұмытып та кетесіз!

Масканы алғаннан кейін бағана бөліп қойған жұмыртқаның сарысын араластырып, бетіңізге жағыңыз. Ал оның күші әлдеқайда арттыру үшін оған бірнеше тамшы зәйтүн немесе кокос майын қосуға   болады. 10 минуттан кейін бетіңіздегі жұмыртқаның сарысын жылы сумен жуып тастаңыз.

Егер бет терісі құрғақ болса, дереу нәрлендіретін крем жаққаныңыз жөн. Мұндай масканы аптасына 2 рет жасап тұрған артық болмайды.

Киви — сұлулық жемісі Киви — сұлулық жемісі
Сұлу болу үшін бет күтіміне аса мән беру керек. Ең болмаcа аптасына бір рет маска жасап, теріні жаңартқаныңыз абзал. Киви жемісі бет күтіміне
Қиярдан жасалатын маска түрлері Қиярдан жасалатын маска түрлері
✅ Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін де пайдасы мол көкөніс. Құрамында теріге қажетті әрі пайдалы дәрумендер – кальций, темір,
Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары
Өзіңіз білетіндей, жұмыртқаның ақ бөлігінің көбі су, қалған он пайызы ақуыздан тұрады. Ал сары уызды ағзаға еш зияны жоқ қаныққан май құрайды. Жалпы
Жеңіл маска түрлері Жеңіл маска түрлері
Төмендегі маскалардың бет терісіне еш зияны жоқ. Тек кешкілік 15-20 минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті. 💟   Көк шайдан жасалған лосьон:   1 шай
Маска Маска
Косметикалық құралдардың құрамындағы заттардың үлесіне қарай маскалар емдік (бұларға дәрілік препараттар енеді) және косметикалық (теріні нәрлендіру,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру