Жастар порталы
Маска
17.01.2019 193 0 admin

Маска

Бет күтімі

Косметикалық құралдардың құрамындағы заттардың үлесіне қарай маскалар емдік (бұларға дәрілік препараттар енеді) және косметикалық (теріні нәрлендіру, тазарту және ағарту үшін қолданылатын) болып екі түрге бөлінеді. Масканы дайын косметикалық кремдерден және түрлі азық-түлік өнімдерінен жасауға болады.

Емдік маскаларды (безеуді, түрлі дақтарды емдеу, беттегі қатайған ісік пен ұйыған қанды тарату үшін) тек қана емдік-косметикалық мекемелереде, косметолог-дәрігердің белгілеуімен жасау керек. Косметикалық масканы үй жағдайында да жасауға болады. Масканы аптасына 2-3 рет жасауға болады.

Майлы теріге мынадай маска қолданылады:

Белок маскасы. Бір жұмыртқаны жарып, оған бірнеше тамшы лимон қышқылын қосып, алынған қоспаны бетке жағады да, құрғаған соң сумен жуып тастайды.

Календула маскасы. Жұқалап алынған мақтаны календуланының тұнбасына батырып алады да (календуланың 1 ас қасығына жарты стакан су қажет), бетке басып 20 минуттай ұстайды. Бұдан кейін бет терісі тітіркенбесе, масканы жумай-ақ, бетті мақтамен сүртіп, үстіне опа (пудра) жағуға болады.

Ашытқы маскасы. Тағамдық ашытқының кішкене бөлігін (15-20 г) сутегі тотығының 3 % ерітіндісіне, айранға немесе суға қою қаймақ тәріздендіріп езеді. Алынған қоспаны қалың етіп бетке жағады. Маска кепкеннен кейін оны жылы сумен жуып тастайды.

         Құрғақ теріге арналған маскалар:

Жұмыртқа маскасы. Жұмыртқаның сары уызын, 1 шай қасық бал, 1 шай қасық қаймақ немесе өсімдік майын қосып араластырады. Қоспаны бетке жағып, 15-20 минут ұстайды да, жылы сумен шайып тастайды.

Ақ ірімшік маскасы. 2 ас қасық ірімшікке 1 ас қасық сүт, 1 шай қасық бал қосып араластырады. Қоспаны бетке жағып, 20-30 минут ұстаған соң жылы суға малынған домақталанған мақтамен (спонджик) сүртіп тастау керек.

         Бет терісі қандай болған күнде де шөптен маска жасауға болады. Бұл үшін майдаланған хош иісті шөптердің (жалбыз, аскөк, шалфей, ромашка, жөке гүлі) әрқайсынан 1 шай қасық көлемінде алып, араластыру керек. Ол ботқа тәрізді болғанша ыстық су құйып алынған қоспаны бетке жағып, сыртынан дәкеден (марля) жасалған дымқыл салфетка жауып, 20-30 минут ұстайды да, кейін сумен шайып тастайды.

Жүктілік Жүктілік
Жүкті әйел организмінде әр түрлі функционалдық өзгерістер болады. Әйел бойында жүктіліктің алғашқы белгілері білінісімен – етеккірдің кідіруі, кейде
Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың қалыптасуы Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың
Дін – бұл әлемдік тарихтағы қол жетімді деректерге қарағанда, адамзат баласы пайда болғалы бері ең көне және әмбебап қоғамдық сана болып табылады.
Саясаттанудың пәні Саясаттанудың пәні
Саяси ғылым да басқа ғылым салалары секілді қоғамдық ғылымдармен тұтастықта және философиямен ара-жігі ажырамаған антикалық (ежелгі) саяси-әлеуметтік
Қазақстанға ислам дінінің келуі мен орнығуы Қазақстанға ислам дінінің келуі мен орнығуы
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ислам өркениеті мен мәдениеті аясында өмір сүріп, ислам дінін ұстанып келеді.  V ІІІ ғасырда Қазақстан және Орта Азия
Бес парыздың бірі - қажылық Бес парыздың бірі - қажылық
Қажылық «құрмет тұтылған, қасиетті жерді зиярат ету» мағынасын білдіреді. Қажылық айлары деп аталатын арнайы уақытта Мекке қаласының жанындағы Арафат
Пікірлер (0)
Пікір білдіру