Жастар порталы
Саясаттанудың пәні
4 222 0 admin

Саясаттанудың пәні

Саясаттану

Саяси ғылым да басқа ғылым салалары секілді қоғамдық ғылымдармен тұтастықта және философиямен ара-жігі ажырамаған антикалық (ежелгі) саяси-әлеуметтік әмбебаптықпен, ең бастысы, саясаттың заңдық нормалар ой-өрісінің ықпалымен дами отырып, мемлекет пен құқық жөніндегі ғылымдардың жіктелу кезеңі арқылы, содан кейін саясатты оқып үйренуге философиялық, әлеуметтанулық және психологиялық бөліністер кезеңі арқылы, әлеуметтану, құқықтық және т.б. әр қилы көзқарастар мен ықпалдарды жинақтап, тұтастыратын саясат туралы ғылымның қалыптасуы, оның қазіргі кезеңге жетуі сияқты ұзақ жолынан өтті.

         Қоғам туралы білім дамуының әр түрлі кезеңдерінде саяси ілімді зерттеуге Платон, Аристотель, әл-Фараби, Н.Макиавели, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Т.Пейн, Т.Джефферсон, А.Токвилль және өткен дәуірлердің т.б. ойшылдары зор үлестерін қосты. Саяси ойдың дамуында К.Маркс пен В.И.Ленин де маңызды орын алады. Сонымен бірге, саясаттанудың қазіргі кездегі зерттелуіне М.Вебердің, К.Луйистің, Р.Риплидің, В.Пареттоның, Г.Монтескьенің, Ч.Меррриамның, А.Финифтердің еңбектері және т.б. көзқарастар жүйесі елеулі ықпал жасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде саясаттануды ғылым объектісі ретінде зерттеу ісінде оның түрлі тәсілдері мен әдістерін, жолдары мен түрлерін іздеу белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

         Саясаттанудың көтерген идеялары мен қағидалары жалпы адамзаттық құндылықтардың саяси ой арқылы қол жеткізген ортақ табысы болып табылады және олар кең түрде қолданылатын интернационалдық атауларда кезігіп отырады. Дербес ғылым мен оқу пәні ретінде әлемнің барлық елдерінде дерлік оқылатын саясаттанудың айқындалуы жаратылыстанудың қисынын қалпына келтіріп, оның ғылыми прогресс желісіндегі табиғи дамуы мен өркендеуіне даңғыл жол ашады.

         Саясаттанудың ең басты зерртеу объектісі – қоғамның саяси жүйесімен оның негізгі буыны – мемлекет. Сонымен қатар, қоғамның тұтастай алғандағы саяси өмірі де саясаттанудың объектісіне жатады. Бұл жерде неғұрлым күрделі де маңыздысы – саясаттану пәні туралы мәселе.       

Саясаттанудың ең басты зерттеу объектісі – қоғамның саяси жүйесі мен оның негізгі буыны – мемлекет. Сонымен қатар, қоғамның тұтастай алғандағы саяси өмірі де саясаттанудың объектісіне жатады. Бұл жерде неғұрлым күрделі де маңыздысы – саясаттану туралы мәселе. Осыған орай саясаттану пәні туралы ғылыми әдебиеттердегі пайымдауларда әлі күнге дейін тиянақты пікірлер қалыптаспағандығын айта кеткен жөн. Саясаттану пәнінің әр түрлі саяси мектептер, бағыттар және әр түрлі зерттеушілер тарапынан әр қилы сипатталатындығы да сондықтан. 

         Бүгінде негізінен екі түрлі ыңғайдағы бағыт айқындалып отыр. Оның біріншісі – саясаттану пәнін мемлекетпен немесе саяси билікпен, сондай-ақ, саяси партиялармен және ұйымдармен тікелей байланыстыра қарастырып, анықтайтын тар көлемді түсінік. Екіншісі – саясаттануға күллі саяси мәселелерді, саясат туралы кез келген ғылыми білімді ғана емес, сонымен бірге, саясатпен шектес кейбір күрделі мәселелерді де бірге қарастыратын кең көлемдегі түсінік.

         Міне, осыған байланысты «саясаттану нені зерттейді?» деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұраққа «саясаттану» ғылымының «politike» деген грек сөзінен шыққан атауына сүйене отырып, жауап беруге болады. «Politike» деген сөз – «мемлекеттік, я болмаса қоғамдық істер, мемлекетті басқару өнері» және «logos» «ілім» дегенді білдіреді, яғни, екеуін сөзбе-сөз қосып айтқанда, саяси ғылым немесе саясат туралы ілім болып шығады.

         Демек, саясаттану өзіндік ерекшелігі бар пән дегеніміз қисынға келеді. Бұл пән әр түрлі ғылымдардың аясында пайда болғанымен, оларды қайталамай-ақ саясат ғылымын оқып үйренуге болады. Конституциялық құқық саласына енбей-ақ, яғни, саяси биліктің мәні мен құрылымдарын, оның заңдылығын тану, билік субъектілері, топтық және жеке түрдегі жетекщілік, көсемшілік пен демократия, билік феномені ретіндегі зорлау мен күштеу, авторитарлық, үлгі-өнегелік пен құқықтық құндылықтар аясындағы билік – міне, бұлардың ешқайсысымен де заң ғылымдары шұғылданбайды, себебі, бұл лның негізгі пәні емес.

         Саяси дағдарыстар, қақтығыстар, келісімдер, саяси тұрақтылық, саяси құрылымдардың тұрақсыздығы жағдайындағы тұлғалар тәртібі сияқты мәселелермен қандай ғылым шұғылданады? Сондай-ақ, әр түрлі мәдениеттердің иерархиясы мен өзара қимыл-әрекеттері, олардың өркениеттік, аймақтық және діни өлшемдері мәселелерімен қандай ғылым шұғылданады? Ешқандай. Ешқандай ғылым митингілер мен жиналыстардағы адам тәртібінің ерекшелігімен, саяси институттар мне билік аппараттарының қызметімен, сондай-ақ, адамдардың саяси кіріптарлықтан құтылуы және әлеуметтендірілуі мәселелерімен шұғылданған емес. Бұл мәселелердің барлығымен тек саясаттану ғылымы ғана айналысады.

         Осыған байланысты, саясаттану әр түрлі қоғамдық-саяси жүйелердің қозғалысы мен қызметінің ерекшеліктерін, олардың өзін-өзі қамтамасыз ету сипаттамалары мен динамикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін жағдайларды, саяси дағдарыстар мен әлеуметтік қақтығыстар себептерін, барысын және рөлін, оларды реттеуді іс жүзіндегі тәжірибесін зерттейді. Яғни саясаттанудың міндеті саяси пройестердің қатысушылары мен байқаушыларына мүмкіндігінше саяси өмір туралы жалпы ұғым мен ұдайы, дәлелді де дійекті білім беру болып табылады.

         Демек, саясаттану пәні әр түрлі тұрпаттағы саяси жүйелердің құрылымдары мен қызетінің ерекшеліктерін зерттейді, саяси өмір жөнінде білім береді және бұл білімді саяси қимыл жөнінде қабылданған шешімдердің біршама қатесіз де тиімді құралдарының бірі есебінде қарастырады. Дегенмен, адамдарға белгілі бір саяси, идеологиялық немесе құндылықты таңдауды ұсыну жағы саясаттанудың міндетіне кірмейді. Бұл әрбір азаматтың, ұйымның, партияның жеке өз ісі. Бірақ саясаттану белгілі бір сәтке, осыған сәйкес жағдайларға қажетті саяси таңдаудың түрлері мен қалыптарын, шешімдері мен қимыл-әрекетттерін көрсетіп, қателіктерден сақтандырады, дер кезінде ұнамды және ұнамсыз жақтарға, ең бастысы, саяси шешімдер мен ойластырылған саяси әрекеттің ықтимал зардаптарына назар аударта алады. 

         Саясаттану саясаттағы тиімді, сондай-ақ, дұрыс қарастырылмайтын факторларды да талдайды. Саяси талдаулар, атап айтқанда, қазіргі кезде саясатта қандай нақтылы мақсаттарға қол жеткізуге болатынын, алға қойылған мақсаттарға сәйкес қандай қимыл-әрекеттердің дәл келетінін, белгілі бір саяси қадамдардың «ойда жоқ» ықтимал зардаптарға соқтыру мүмкіндігі хақындағы сұрақтарға жауап бере алады.

         Шын мәніндегі ғылыми пән ретінде саясаттану өзінің пайымдаулары мен бағамдауларында идеологиядан, дәріптеушіліктен, ескі құндылықтар мен әуестенушіліктен азат болуға тырысады. Яғни, саясаттану бұл айтылғандардың бәрінің саяси институттар мен процестерге қайшылықты ықпалы барын зерттейді.

         Саяси талдаулар мен ұсыныстар нәтижелерінің ғылыми нақтылығы әр түрлі саяси жүйелер қозғалыстарының түрлі кезеңдерінде әрқалай болып шығатындығы – табиғи нәрсе. Егер, тұтастай алғанда, саясаттанушылар белгілі бір жүйенің қызметінен жалпы және өзіндік ерекше факторларды көбірек ашып, нақты өмірді ең жоғары дәрежеде және объективті түрде көрсететін қоғамдық құрал жасақтай алатын болса, онда мұндай ғылыми нақтылық та басым болады.

         Әр елде саясаттану ғылымының басқа кез келген қоғамдық ғылымға қарағанда, ұлттық өзіндік ерекшелікпен көбірек байланысты болуы – табиғи құбылыс. Оның тұжырымдары мен қағидаларының, пайымдаулары мен ұсыныстарының көбіне тек тікелей белгілі бір елге бағытталуы да сондықтан. Бұлардың басқа елдерде қолданылуын ең әуелі қисындық талдаумен, әлеуметтік тәжірибемен, сезімге жүгіне отырып тексеруімен байланыстыруға болады. 

         Сондықтан, әрбір елдің әр түрлі аймақтарында елеулі айырмашылықтары болуы әбден мүмкін белгілі жалпы заңдар аясында тереңдетіп зерттейтін плюралистік (көппікірлік) тұрпаттағы саясаттанымдық өз мектебі болуға тиісті де. 

         Сайып келгенде, саясаттануды ғылым ретінде көпдеңгейлі салыстырмалы талдаусыз ойға алыға да болмайды. Дәл осындай талдаулар ғана белгілі бір шетелдік, әлемдік тәжірибенің принципті мүмкіндіктер мен олардың қолданудың шегі туралы сұраққа азды-көпті сенімді жауап бере алады. 

         Сонымен, саясаттану пәні адамдардың саяси мүдделері мен көзқарастарының және қарым-қатынастарының пайда болуы мен олардың бірте-бірте жетілуінің, саяси биліктің қалыптасу, даму және өзгеру жолдарының, саясат пен саяси қызметтің, саяси процесс дамуының объективтік заңдылықтары болып табылады.

         Саясаттану пәнінің күрделілігін, көпқырлылығы мен көпдеңгейлігін танытатын бұл түсінік көбінесе оның құрылымымен де тығыз байланысты. Игерілуге тиіс білімдердің ортақтық деңгейі бойынша саясаттану жалпы және жеке болып бөліне алады. Ал, өзінің сипатына қарай саяси білім теориялық және тәжірибелік білім салаларына тарамдалуы мүмкін.

         Саясаттанымдық зерттеулер өздерінің мақсаты мен міндеттеріне, бағытына қарай іргелі және қолданбалы зерттеулер саласына да бөлінеді.

         Саясаттану – сөздің тікелей мағынасын алғанда жалпы байланыстық (интеграциялық) ғылым, саяси процестер мен құбылыстар жөніндегі білімдердің жиынтығы, сондай-ақ, қоғамның саяси өмірінің жалпы принциптері мен заңдылықтары және олардың өзіндік ерекше көріністері туралы, қоғамдық прогресс жүйесіндегі саясат субъектілерінің қызметінде оларды жүзеге асыру жолдары, түрлері және әдістері туралы ғылым. 

Қазақстанға ислам дінінің келуі мен орнығуы Қазақстанға ислам дінінің келуі мен орнығуы
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ислам өркениеті мен мәдениеті аясында өмір сүріп, ислам дінін ұстанып келеді.  V ІІІ ғасырда Қазақстан және Орта Азия
Қасиетті кітап - Құран Қасиетті кітап - Құран
Исламның қасиетті кітабы – Құран Кәрім. Құран Кәрім әз-Мұхаммедке (с.а.у) Хира тауының үңгірінде Жәбірейіл періште арқылы аян етілген. Құран-Кәрімнің
Мазһабтардың пайда болу себептері Мазһабтардың пайда болу себептері
Мазһабтардың ортаға шығуынан ықпал еткен ең басты себептерді былайша түйіндеуге болады: Құран және сүннеттегі ерекшеліктері: исламның негізгі қайнар
ИСЛАМДАҒЫ МАЗҺАБ ҰҒЫМЫ ИСЛАМДАҒЫ МАЗҺАБ ҰҒЫМЫ
Мазһабтың сөздік мағынасы араб тілінде «жол, баратын жер» дегенді білдіреді. Ислам терминологиясында мазһаб – белгілі бір бағыт, ілім,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×