
Бес парыздың бірі - қажылық
Қажылық «құрмет тұтылған, қасиетті жерді зиярат ету» мағынасын білдіреді. Қажылық айлары деп аталатын арнайы уақытта Мекке қаласының жанындағы Арафат тауында ниетімен тұру. Кейін Қағбаны тауап ету және қажылықтың амалдарын орындау.
Қажылық ғибадатының шарттары: мұсылман болу, балиғат жасқа толу, ақыл-есі дұрыс болу, бостандығы болуы, негізгі мұқтажы және үйіне қайтқанға дейін жанұясына жеткілікті қаржысының болуы, мұсылман мемлекеті емес жердегі мұсылман кісі қажылықтың парыз екенін білу. Арнайы жерлер: Арафат және Қағба, арнайы уақыт – Құрбан айт таңынан бастап өмірінің соңына дейін ихрам кию.
Қажылықтың парыздары: ихрам, Арафатта тұру, тауап ету. Тауап араб тілінде «зиярат ету, бір нәрсені айналу» деген мағыналарды білдіреді. Тауап – қағбаны жеті рет ғибадат ниетімен айналу. Тауаптың шарттары: ниет – істелетін амалдың жүрекпен бекітіп, тілмен айту. Тауапты Мәсжидул-Харам мешітінің ішінде жасау, жеті айналым жасау. Парыз және уәжіп тауаптардың арнайы белгіленген уақытында жасалуы. Тауап еткенде дәрет болу керек. Муздәлифә – Арафат пен Минаның ортасындағы жердің аты. Қажылықта – Арафа күнінің Құрбан айтқа қараған түнін толық Муздәлифәда өткізу – сүннет, ғибадат ниеті мен тұру – уәжіп.
Қажылар Құрбан айт күндерінде Минада бір-біріне жақын орналасқан Кішкентай шайтан, Орта шайтан, Үлкен шайтан тастарына ұсақ тас лақтыруы – қажылық уәжібі.
Құрбан шалу – Алланың арнайы әмірі болғандықтан, бұл орындаушы адам Жаратушының ризашылығын алады. Құрбан – сөзі «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Құрбан шалу – Ибраһим пайғамбардан бері келе жатқан сүннет. Ханафи мазһабы бойынша құрбан айтта шамасы жететіндерге құрбан шалу – уәжіп. Құрбан шалу уәжіп болу үшін мынадай шарттар керек: мұсылман болу, Құрбан айт уақытында жолаушы болмау, нисап мөлшеріндегі қаржысы болуы керек. Құрбан шалу құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшам намазына аз уақыт қалғанға дейінгі уақытта болады.
Құрбандыққа қой, сиыр, түйе малдары шалынады. Қой, бір жаста, сиыр екі жаста, түйе бес жаста болуы керек. Егер алты-жеті айлық қозы семіз болса құрбандыққа жарамды. Қойды бір адам ғана, ал сиыр мен түйені жеті адам бірігіп құбандыққа шалады.
Умра (араб тілінде) зиярат ету деген мағынаны білдіреді. Шариғи мағынасы белгілі уақытқа байланбай жылдың кез келген уақытында ихрамға кіріп, тауап және сағи жасағаннан кейін шашты алғызу немесе қысқарту, ихрамнан шығу жолдарымен атқарылатын ғибадат. Умра ғибадаты Ханафи, Малики мазһабтарында мүмкіндігі болған мұсылманға сүннет. Ал Шафиғи және ХАнбали мазһабтарында шамасы жеткен мұсылманға өмірінде бір рет умра жасау парыз.



