
Ислам ілімі
Дінтану
Ислам сенімінің негізі – бір Алла тағалаға ғана құлшылық ету және бір Алладан ған көмек сұрау (таухид).
Ислам – монотеистік таухид діні. «Ислам» араб тілінде «берілу, мойнысұну, бейбітшілік» деген мағыналарды білдіреді. Ислам дініне сенген, бойсұнып көңіл бөлгендерді мұсылман, мүслім деп атайды.
Ислам діні бес негізгі тұғырдан тұрады:
- Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммед (с.а.у) Алланың құлы және елшісі болғандығына көңілмен сеніп, тілімен: «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі». Араб тілінде «Ла илаһа иллаллаһ Мұхаммадур Расулуллаһ» деген сөздерді айтуы керек.
- Діннің діңгегі – намаз. Күніне 5 уақыт намаз оқу.
- Рамазан айында бір ай ораза ұстау.
- Белгілі байлық мөлшеріне ие болған мұсылманның байлығының бір бөлігін жылына бір рет Алла тағаланың ризалығы үшін зекет беру.
- Денсаулығы жақсы және жетерлік мал-мүлкі болса, қажылық ғибадатын орындау.
Иман шарттары: ислам дінінің атын Алла тағала қойған. Таухид – исламның негізі және оның қуатының қайнар көзі. Ислам дінінің заңдары Таухидке негізделген. Таухид Алладан басқа тәңір жоқтығын және тек Аллаға ғана құлшылық ету керектігін баяндайды. Таухид концепциясы Құран Кәрімнің аяттарында тұжырымдалған. Таухид негізгі:
- Алладан басқа құлшылық етуге лайық тәңір жоқ;
-
Мұхаммед (с.а.у) Алланың елшсі сияқты екі тұжырымнан тұрады.
Иман шарттары:
- Алла тағалаға сену;
- Алланың періштелеріне сену;
- Алланың кітаптарына сену;
- Алланың бүкіл пайғамбарларына сену;
- Ақырет күніне сену;
- Тағдырдағы жақсылық пен жамандық Алланың жазуымен болатынына, өлгеннен соң тірілудің хақ екеніне сену.Иманның бұл шарттарының біреуін қабылдамау бәрін жоққа шығарумен тең. Сондықтан мұсылман иманның барлық шарттарына сенуі керек.

Исламның қасиетті кітабы – Құран Кәрім. Құран Кәрім әз-Мұхаммедке (с.а.у) Хира тауының үңгірінде Жәбірейіл періште арқылы аян етілген. Құран-Кәрімнің

Зекет араб тілінде «көбею, өсу, тазалық» деген мағыналарды білдіреді. Зекеттің парыз болу шарты: балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс, қарызы жоқ,

Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау, шариғи мағынасы – ораза ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, таңның атуынан батуына дейінгі

Намаз – мұсылман болған ер кісі мен әйелге праыз. Намаздың парыз болу шарттары – мұсылман болуы балиғат жасына жету, ақыл-есінің дұрыс болуы. Намаз –

Ислам әлемінің ғалымдары ислам діні тек бір қауымға, бір ұлтқа ғана тән жаңа дін деп санамайды. Ислам бүкіл адамзатқа берілген ең соңғы, кемел, білім