
МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ. ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚҰҚЫҚТЫК
Мұсылман құқығы — дүниежүзілік құқықтық мəдениеттің бөлігі болып табылатын, қазіргі кездің өзіндік құқықтық жүйесі.
Мұсылман құқығы — ислам дінінің бір бөлігі. Бұл дін, біріншіден, догмаларды жəне мұсылман адамның сенімін қамтиды, екіншіден, шариғат мұсылман нені жасап, нені жасамау керектігін көрсететін ережелерді бекітеді. Шариғат аудармасында «жол, бағыт» жəне мұсылман құқығы деп аталады.
Бұл құқықтық жүйе Араб халифаты аясында пайда болып жəне бекіп, ислам дінінің маңызды компоненті болып табылатын шариғаттың бір бөлігі ретінде пайда болды. «Фикх» деген атаумен де жиі аталатын мұсылман құқығының тарихы 570–632 жылдары өмір сүрген Мұхамед пайғамбардан басталады. Араб халифаты құлағаннан кейін мұсылман құқығы өз маңызын жоғалтпай, ислам қабылдаған, орта ғасырлық Азия мен Африка елдерінің бірқатарында əрекет етуші құқыққа айналды. Мұсылман құқығы ғылымы орта ғасырда пайда болып, тұрақтанған.



- Негізінің Аллаһтан болуы;
- Екілік жаза жүйесіне ие болуы: 1. Ақыретте жазасын өтеуі; 2. Ар-ожданының мазасыздануы салдарынан, қылмысын мойындап, осы дүниеде жазасын өтеуі;
- Принциптері мен мақсаттары тұрғысынан әлемдік деңгейге көтерілуі. Әділдікті қамтамасыз етуге, жеке басты, мүлікті, ар-намысты, ақылды және дінді қорғауға, жалпы алғанда адамның осы дүниеде де, арғы дүниеде де бақытқа бөленуін қамтамасыз етуге бағытталған принциптер мен мақсаттар тұрғысынан мұсылман құқығының әлемдік деңгейге дейін көтерілген.





Қазіргі кездегі мұсылман құқығының қолданылу деңгейі:
1. Мұсылман құқығын максималды қолданылуы (Сауд Арабиясы мен Иранға тән)
Ең алдымен мұсылман құқығының нормалары мен қағидалары бұл елдерде қалыптасқан конституциялық заңнамаға жəне басқару нысанына əсер етеді. Аталған екі мемлекетте мұсылман құқығы əрекет етуші құқықтың басқа да салаларында басымдыққа ие. Атап айтсақ, Иранның Конституциясы барлық қабылданатын заңдардың шариғатқа сəйкес болу талабын бекітеді. Бұл талаптармен қоса аталған елдерде өздерінің баптарында сəйкесінше ханбалиттік Сауд Аравиясында жəне джафариттік Иранда мұсылман құқықтық мектептерінің қағидалары мен нормаларын бекітуге бағытталған заңдар қабылданған.
2. Мұсылман құқығын қолдану деңгейі айтарлықтай кең болмауы;
Бұл топқа Ливия, Пəкістан жəне Судан мемлекеттерінің құқықтық жүйелері жатады. Бұл елдердегі мұсылман құқығының əсер ету шеңбері Сауд Аравиясы мен Ирандағы сияқты емес, бірақ айтарлықтай ауқымды жəне кейінгі он жылдықтарда, ғалымдардың айтуы бойынша, кеңейю тенденциясы байқалады.
3. Мұсылман құқығынын заңнаманың негізгі қайнар көзі деп бекітуі;
Бұл топқа Парсы шығанағының кейбір елдері — БАƏ, Бахрейн, Кувейт, сондай-ақ Оңтүстік- Шығыс Азияның кейбір елдері — Бруней, Малайзияның кейбір штаттары жатады. Бұл мемлекеттердің негізгі заңдары исламның мемлекеттік сипатын жариялап бекітеді, Аталған мемлекеттердің де заңнамаларына мұсылман құқығы, алдыңғы екі топтардың мемлекеттеріндегідей болмаса да, əсер етеді.
4. Мұсылман құқығының əрекет ету саласы айтарлықтай шектеулі болуы;
Бұл топты араб елдерінің (Мысыр, Сирия, Ирак, Ливан, Марокко, Йордания, Алжир), Африканың (Самоли, Мавритания, Нигерияның Солтүстік штаттары)көпшілік мемлекеттерінің құқықтық жүйелері жəне Ауғанстанның құқықтық жүйесі құрайды. Осы топтың барлық мемлекеттерінде жеке мəртебе қатынастары бойынша туындаған дауларды шешу кезінде мұсылман құқығының нормаларын қолданатын мұсылман соттары қызмет жасайды. Мұраға қалдыру, өсиет, вакф, қамқорлық жəне қорғаншылық туралы мұсылман құқығының нормаларын аталған мемлекеттердің көбісінде қолданылады.

Исламдағы алғашқы құқықтық мәселелер
Хз. Пайғамбар қайтыс болған соң ислам әлеміндегі саяси, діни таралу нәтижесінде жаңа мәселелер бой көтерді. Факих сахабалар жаңадан пайда болған мәселелердің шешімін нақтылау үшін шариғаттың басты дереккөзі, жалпы негіздері мен мақсаттары шеңберінде ижтихад ой-пікір дамытты. Осылайша Хз.Пайғамбар дәуірінде болмаса да, бұл кезеңде рай мен ижтихад (ой) ислам құқығының өз алдына жеке дереккөзі ретінде қалыптасты. Өйткені, Хз.Пайғамбар тірі кезінде, одан басқа, мәселелердің шешімін ешкім өз бетінше шешуге тырыспайтын да еді. Бұл жағдайда рай, яғни, өз бетінше ой жүгіртуге деген қажеттілік де жоқ болған. Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін, ислам билігі кең жайылып әр түрлі мәдениеттермен, халықтармен бетпе-бет келудің нәтижесі, Құран мен хадисте нақтыланбаған жаңа мәселелерге еркін ойдың шешімі мен үкімет қажет болды.
Түрлі тартыстардан кейін сахабалар діни құқықтық және саяси салала өкілеттілікті Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жақын досы болған Әбу Бәкірге беруге келісті. Халифа болып сайланған Әбу Бәкір діни, ұлттық және саяси салада бір шешім қабылдаған кезде, алдымен Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) осыған байланысты сөзі немесе іс-әрекетінің (Сүннет) бар-жоғын зерттеген. Егер бар болса, Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзін негізге алған. Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) сүннеті болмаған жағдайларда Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жақын достарынан сұрап, олардың көзқарасын да ескерген.
Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін, ислам билігі кең жайылып әр түрлі мәдениеттермен, халықтармен бетпе-бет келудің нәтижесі, Құран мен хадисте нақтыланбаған жаңа мәселелерге еркін ойдың шешімі мен үкімет қажет болды.
Түрлі тартыстардан кейін сахабалар діни құқықтық және саяси салала өкілеттілікті Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жақын досы болған Әбу Бәкірге беруге келісті. Халифа болып сайланған Әбу Бәкір діни, ұлттық және саяси салада бір шешім қабылдаған кезде, алдымен Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) осыған байланысты сөзі немесе іс-әрекетінің (Сүннет) бар-жоғын зерттеген. Егер бар болса, Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзін негізге алған.
Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) сүннеті болмаған жағдайларда Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жақын достарынан сұрап, олардың көзқарасын да ескерген.
Маңызды оқиғалардың бірі - сахаба арасында саяси билік күресіне байланысты бөлінуі және бүліктің шығуы. Бастапқыда саяси түрде болған бұл бөліну ісі уақыт өте келе діни бір маңызға ие болып, сенім негіздерімен және Фикһ түсінігімен байланыстырылған, сөйтіп үш негізгі топ пайда болған. Әхли сүннет, Шиа, Харижилер.
Омеядтар дәуірі кезінде пайда болған алғашқы бөлініп-топтасу Хижаз мектебі (Әһли Хадис) және Ирак мектебі (Әһли рәй) түрінде болды. Бұл топтасулар кейіннен мектептердің қалыптасуына ықпал етті.
Сонымен, мұсылман құқығы – мұсылман рухының шығу мазмұны, мұсылман идеологтарының ең түсінікті бағыты.
Мұсылман құқығы – бұл діни нысанда баяндалған және мұсылман діні исламға негізделген нормалар жүйесі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. http://www.wikiwand.com/kk/Фиқһ
2. https://articlekz.com/kk/article/15616 Шариғат пен қазіргі кездегі мұсылман құқығының өзара байланысы мен өзара əсері
3. http://referat911.ru/Grajdanskoe-pravo/msylman-yy/183208-2297634-place4.html
4. Мусульманское право (внутенние и международно-правовые нормы): Учебник/Под ред. М.А. Сарсембаева. –Алматы: Изд-во “Данеркер”, 1999. -256 с.




