
Шіркеу құрамы мен құрылымы
Христиан дінінде Шіркеуді басқарудың 3 негізгі моделін бөліп қарастыруға болады:
1) епископтық;
Рим-католиктік (аздап православие) шіркеуіне тән.
Ерекшелігі:
- Шіркеудің бірлігін сақтау оңай;
- Егер жоғарғы иерархия білім алу мен қызмет етуді дұрыс атқарса, барлық шіркеу солардың ықпалында болады.
Бұл моделдің кемшілігі:
- бұл жүйеде епископ пе пресвитер лауазымы бөлек қарастылырады. Ал негізі Жаңа Өсиетте бұл екеуі бір.
- мұндай иерархиялық жүйе билікті асыра пайдалануға әкеледі.
- егер иерархиялық жүйе адасушылыққа жол берсе, онда барлық шіркеу мүшелері адасады.
2) пресвитериандық;
Реформаторлық,пресвитериандық шіркеуіне тән.
Ерекшелігі:
- мұнда пресвитер мен епископ бір;
- ұжымдық басқару (билікті асыра пайдаланудың алдын алуы мүмкін);
- пресвитерді епископ емес, Шіркеу мүшелері сайлайды.
Кемшілігі:
- Бұл модель де Жаңа Өсиет үлгісіне сәйкес келмейді.
- Жазбада пресвитерлер жергілікті бір шіркеуден басқа билікке иеленбейді.
- Пресвитер мен ассамблея шіркеуден бөлінген.
3) конгрегационалдық.
Баптистік шіркеуге тән. Конгрегация – бұл қауым, яғни жергілікші шіркеу. Әр шіркеу өзін-өзі басқарушы болып табылады. Құдай Сөзі ең жоғарғы беделді болып табылады.
Ерекшелігі:
- Жеке шіркеу өз автономиясын сақтайды;
- Қауымды басқаратын орган жоқ;
- Пастор ешкіммен ақылдаспай жеке шешім қабылдайды.
Кемшілігі:
- Құзыреттіліктің жеткіліксіздігі: бір адам шіркеуді тиімді басқару үшін не қажет екенін толық білмейді.
- Пастор культіне табыну.
КАТОЛИК ШІРКЕУІ
1. Рим папасы
2. Кардинал
3. Епископ
4. Пресвитер/ священник
5. Диакон
ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ
1. Епископ/ патриарх
2. Пресвитер/ священник
3. Диакон
ПРОТЕСТАНТТЫҚ ШІРКЕУ
Пастор/ пресвитер
Лютерандықта әйелдердің диакон бола алады.
Англикандықта епископ бар.
Католик шіркеуінің құрылымы
Рим папасы - католицизмдегі діни және діни-саяси институт өкілі, тұтас католиктік шіркеу басшысы. Католиктік Шіркеуде Папа сонымен қатар Ватикан егеменді территориясы саналатын Әулие Тақ жоғарғы басшысы болып табылады.
Кардинал (латынша cardіnalіs – басшы) – католик шіркеуінің Рим папасынан кейінгі дін басы. Кардинал атағын Рим папасы ғана бере алады. 75 жасқа толған Кардинал өз еркімен қызметінен кетуі тиіс. Онан әрі қызмет атқару мәселесін шешу құқығы тек Рим папасына берілген.
Кардиналдардың қызметтері:
- Кардинал-камерленго – қаржыны басқарады;
- Кардинал викарий – Рим епархиясындағы Папаның көмекшісі, орынбасары;
- кардинал-вице-канцлер – Рим кеңсесінің басшысы;
- кардинал-мемлекеттік хатшы – премьер министр және сыртқы істер министрі;
ü кардинал-ішкі істер жөніндегі мемлекеттік хатшы
ü Ватикан кітапханасының кардинал-кітапханашысы т.б.
Епископ
Католик шіркеуі
Епископтар папаға толық бағынады, оларды папа тағайындайды және оның алдында есеп беруге міндетті. Сонымен қатар миссионерлік саланы басқару құқығы бар.
Православие шіркеуі
Епископ қасиеттіліктің (священства) ең жоғарғы дәрежесін білдіреді. Бірақ уақыт өте келе патриарх, митрополит, архиерей атақтары епископтың дәрежесімен теңестіріледі.
Католик және православие шіркеуіндегі
Пресвитер/ священник
Дионисий Ареопагит шоқындыру, құлшылық т.б. рәсімдерін пресвитер орындайтын болғандықтан, «пресвитерді» орындаушы деп атаған.
Пресвитер құпияларды орындау құқығына ие. Қазіргі уақытта Орыс православие шіркеуінде әрекет ететін шіркеу құқығы пресвитердің діни академияда немесе семинарияда теологиялық білім беру курсын бітіруі қажет екендігін талап етеді. Пресвитерге үміткерден адамгершілік тұрғыдан мінсіз мінез-құлық талап етіледі. Пресвитер болып сайлану үшін жасы 30ға толуы тиіс. Физикалық, денсаулық тұрғысынан кемшіліктері болмауы қажет (мысалы, құлақ естімеуі, көзі көрмеу т.б.)
Диакон
Диакон – қасиеттіліктің (священства) төменгі дәрежесі болып табылады. Диакондар құлшылық ету кезінде епископтарға, пресвитерлерге көмектеседі, бірақ өз бетінше құпияларды жүзеге асыра алмайды.
Протестантизмдегі пастор/пресвитер
Пресвитерлер (немесе қауым басшысы) негізінен, өмір бойына немесе белгілі бір мерзімге сайланатын приходтың беделді зайырлы тұрғындары болып табылады. Приходтық жиналыстың құзыретіне құлшылық етуді ұйымдастыру, шіркеу өкілдеріне пасторлық қамқорлық таныту, тәртіпті сақтау және шіркеу өмірінің жергілікті мәселелерін шешу кіреді. Пастордың мәжілістерде шешуші дауыс беруге құқығы жоқ, бірақ ол әдетте төрағалық етеді. Пастордың қызметіне сондай-ақ уағыздарды оқу, діни білім беруді ұйымдастыру және шіркеу құпияларын (шомылдыру рәсімін және евхаристия) орындау кіреді.
Оның католиктер мен православие шіркеушілерінен айырмасы ол «Құдайдың рахымына» бөлеген адам деп есептелмейді.Пастордың арнайы киімдері болмайды.
Басқа христиан бағыттарымен салыстырғанда, католицизмге біртұтас, иерархиялы шіркеулік ұйымдастыру тән. Ватиканның нағыз үкіметі – Рим куриясы (папа әкімшілігінің органы). Ол Римдік-Католиктік шіркеуі мен Ватикан мемлекетінің күнделікті тұрмысына басшылық жасайды. Рим куриясы Ватикан мен Католик шіркеуінің саяси, экономикалық, діни әрекеттеріне жетекшілік жасайды. Курия құрамына 6 канцелярия, 3 трибунал, 9 министрлік сияқты конгрегациялар және 12 папа кеңесі кіреді. Олардың қызметі сыртқы дүниемен байланысын нығайту. Олар: отбасы, мейірімділік, әділеттілік, сұхбат, мәдениет т.б. мәселелер бойынша кеңестер.
Католик шіркеуінің бастапқы ұйымы – приход (парафия). Оны Священник басқарады. Приход священнигін епископ тағайындайды және ол тек соған ғана бағынады.
Бірнеше приходтар деканатқа бірігеді.Деканат – приход пен епископтық курияны жалғастыратын аралық буын болып табылады.
Деканаттар өз кезегінде Диоцездерге (епархияларға) бірігеді, оны епископ басқарады. Епархияны басқаша “Диоцез” деп атайды. Епископ немесе архиепископ басқарады. Егер архиепископ басқарса, оны архидиоциз деп аталады.
Бірнеше диоцездер (епархия) митрополияны немесе археопископшылдықты құрайды.
Католик шіркеуіндегі ерекше құрылым – монахтар ордені. Батыс еуропалық монахтықтың негізін салушы әулие Бенедикт Нурсийский болып саналады. Монах ордендері ерлердікі және әйелдердікі болып бөлінеді. Орденнің ішкі өмірі өз ережелерімен реттеледі (орталық билік, жоғарғылардың тапсырмасына сөзсіз бағынуы). Кедейлікті пір тұтқан ордендер бар. Олар:
- Францискиан;
- Бернардиндіктер;
- Капуциндер;
- Доминикандықтар;
- Иезуиттер
Бұл орденнің жарғысы бойынша мүшелері қандайда болмасын тұрақты табыс әкелетін мүлікке ие болмауы тиіс.
Католиктік Ордендер ішіндегі ең атақтысы - Иезуиттер – Парижде құрылған католик монахтарының ордені (1534). Ол бір орталықтан басқарылатын, қатал тәртіпке негізделген, басшыларға сөзсіз бас июді талап ететін діни ұйым. Олар басқа монахтарша монастырларда тұрмайды, қайта қоғамдық өмірдің барлық салаларына белсене араласуды көздейді.
Орыс православие шіркеуінің “шіркеулік билік және басқарудың Жоғағы органына” жататындар:
1. Жергілікті собор
шіркеулік өмірдің ішкі өміріне қатысты мәселелерді шешумен айналысады. Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархын тағайындайды.
2. Архиерей соборы
Құзыреттілігі: Жергілікті соборға шақыруға дайындалу, оның шешімдерін өмірде қолдану, қадағалау, ОПШ Жарғысын қабылдау, өзгеріс енгізу, эззархат, епархия, приход синодтық мекемелерді қайта құру және ұйымдастыру және т.б.
3. Қасиетті Синод
Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы басқаратын ОПШ басқару органы болып табылады. 40 жастан асқан адам өмір бойына патриарх болып сайлана алады. Патриарх Синодты да ОПШ бірдей басқарады.
Патриарх пен қасиетті Синодтың атқарушы органы
СИНОДТЫҚ МЕКЕМЕЛЕР
Синодтық мекемелерінің құрамына жататындар:
- шіркеудің сыртқы байланыс бөлімі;
- оқу Комитеті;
- Катехезисжәне діни білім бөлімі;
- қайырымдылық және әлеуметтік қызмет бөлімі;
- миссионерлік бөлім;
- Қарулы Күштер мен құқық қорғау мекемелерімен өзара байланыс бөлімі;
- жастар ісі бөлімі.
Экзархат
“Гр, басшы, жетекші”. Басқарушысы – экзарх. Патриархтың орынбасары, бірақ өзіндік билікке де ие. Патриархаты бар елдің сыртында орналасқан ірі шіркеулік аумақ. ОПШ-де қазір Беларусия Республикасында орналасқан Белорусиялық Экзархаты бар.
Епархия
“гр.облыс” – приходтардан және монастырлардан тұратын, архиерей басқаратын шіркеулік-әкімшілік округі. ОПШ-де епархиялардың шекаралары әдетте облыс аймақтардың шекараларымен сәйке келеді.
Приход
Епископ пен өзінің ғибадатханасы бар шіркеу ауданы. Пресвитер басқарады.
Монастырь
-бұл православиелік сенімді рухани және адамгершілік жетілдіру және бірлесіп уағыздау үшін ерікті түрде монахтын өмір салтын таңдаған православиелік христиандардан тұратын ерлер немесе әйелдер қоғамдастығы.
Протестанттық шіркеудің ұйымдық құрылымы “шіркеуді басқарудың пресвитериадық және конгрегационалистік жүйелерінің” қосындысы болып табылды. Басқару органдары үш деңгейде ұйымдастырылған:
- жергілікті,
- өңірлік
- жалпы мемлекеттік.
Жергілікті
Қауымдастық ретінде құрылады. Кейбір қауымдар пастор, дьякондар кіретін шіркеу кенесін басқарады.
Өңірлік
57 классикалық Ассамблеямен ұсынылған. олардың мүшелері жергілікті приходтық кеңестерімен сайланады.
Жалпы мемлекеттік
жалпы қызығушылық тудыратын салаларда басшылықты жүзеге асыратын жалпы Синодпен (generale synode) ұсынылған: діни білім беруді ұйымдастыру, пасторлық кадрларды даярлау, сондай - ақ экуменикалық байланыстарға қатысу т.б.
Протестанттық шіркеуде приходтардың (қауым) бірнеше түрі бар:
1. Әртүрлі шіркеу бірлестіктеріне қосылғанға дейін протестанттық шіркеулер;
2. Бұрынғы Нидерландиялық реформаторлық шіркеуінің қауымдары;
3. Шіркеулердің Евангелдік лютерандық шіркеуіне қосылғанға дейін кірген лютеран қауымдары.
Дайындаған: Сагнадина А.




