Жастар порталы
Канондық құқықтың тарихы. Католик шіркеуі
27.11.2019 3 0 admin

Канондық құқықтың тарихы. Католик шіркеуі

Дінтану

Рим-Католиктік шіркеуі Батыс Еуропаның феодалдық қоғамында үлкен рөл атқарды. Ол   Ортағасырлық идеологияның иесі болып табылатын қуатты экономикалық, саяси және мәдени ұйым болған. Шіркеу догматтары саяси аксиомалар болса, ал  Інжіл мәтіндері заң күшіне ие болды. Шіркеу Канон деп аталатын өз құқығын да жасады, өйткені оның негізгі ережелері шіркеу соборларының (канондарда) қаулыларында жазылған.

Алғашқы кезде Шіркеу Інжілді негізге ала отырып, «Он өсиетті» және басқа да көптеген адамгершілік қағидаттарын енгізді. VI–X ғасырларда христиан шіркеуінің жалпы діни доктринасы, сондай-ақ күрделі күнәлар (кісі өлтіру, антты бұзу, ұрлық) мен шіркеу тәртібін ажыратуға қатысты нормалардың жалпы жиынтығы қалыптасты.

Рим құқығы шіркеу заңдарына көп ықпал етті. Тіпті, шіркеуді «Рим заңдары бойынша өмір сүреді» деп есептеді. 

Х ғ. соңы мен ХІІ ғ. басына дейін канондық құқықтың жекелеген салалары біртіндеп қалыптаса бастады. Канондық құқықтың алғашқы кодификациясы 1050 жылғы «74 титулдардың жинағы» атты канондар мен мәтіндердің жинағы деп аталды. Осы кезде Григорий VII: Рим папасының «уақыт қажеттіліктеріне сәйкес жаңа заңдарды шығара алатындығы» туралы заң жариялады. 1075-1122 жылдары папа Григорий VII кезінде ішкі шіркеулік реформа орын алды. Нәтижесінде жаңа құқық деп аталатын құқықтың ерекше шіркеулік жүйесі қалыптасты. Батыстағы католиктерде канондық ғылымның ошағы ретінде ХІ ғасырда қалыптасқан Болон университетінің заң мектебі саналды. Бұл мектеп Рим құқығына түсініктеме берумен және кодификациялаумен айналысты.

Одан кейін 12 ғасырда италиялық монах Грациан қалыптастырған Декреттің құрылымына шіркеу әкейлерінің ережелері, ең бастысы папа декреттері кірді. Грациан Декреті 3 бөліктен тұрады: 

  • Шіркеудің және оның субъектілерінің тарихи құқықтары; 
  • "Шіркеу сотының басталуының 36 себебі" (яғни епископтардың құқықтары және юрисдикция ережелері); 
  • Шіркеу бостандығы, неке, литургиялық рәсімдер туралы нормалар.

Канондық құқықтың келесі қайнар көзіне Бонифация VIII (XIV ғ. басы) папаның және Климентия V  (1317 ж. кейін) папаның декреттері жатады. 1500 жылы Грацианның декретіне тағы бір қосымша енгізілді. Ол – Иоанн XXII пападан басталатын декреттердің жиынтығы. Грациан декреті және оған енгізілген барлық толықтырулар шіркеулік, канондық құқықтың бірыңғай жинағы ретінде ресми мойындалды. 1583 жылдан бастап бұл кодификация

Канондық құқық Жинағы деген атаумен басылып шыға бастады. 16 ғасырда пайда болған канондық құқық Жинағы шіркеу істерінде қолданатын жалғыз рұқсат етілген нормалар жиынтығы болды. Оның мәні шіркеу доктриналарымен тең дәрежеге көтерілді. Папа декреттерін және канондық құқық Жинағының маңыздылығын теріске шығару Реформация дәуірінде басталды. (Яғни 1517 жылы Мартин Лютер, папаның билігіне қарсы ашық наразылыққа шығып, папаның буллаларын, канондық құқық Жинағын отқа өртеп жіберді). XV ғасырда Римдік шіркеу құқығының қайнар көзіне қарсы қалыптасқан сыни пікірлер деосы Реформациямен байланысты болды. Бірақ XII-XVI ғғ. қалыптасқан канондық құқық Жинағы католиктер үшін жүздеген жылдарға дейін өзінің маңыздылығын сақтап қалды (1917 жылға дейін). 

16 ғасырда пайда болған канондық құқық Жинағы шіркеу істерінде қолданатын жалғыз рұқсат етілген нормалар жиынтығы болды. Оның мәні шіркеу доктриналарымен тең дәрежеге көтерілді. Папа декреттерін және канондық құқық Жинағының маңыздылығын теріске шығару Реформация дәуірінде басталды. (Яғни 1517 жылы Мартин Лютер, папаның билігіне қарсы ашық наразылыққа шығып, папаның буллаларын, канондық құқық Жинағын отқа өртеп жіберді). XV ғасырда Римдік шіркеу құқығының қайнар көзіне қарсы қалыптасқан сыни пікірлер деосы Реформациямен байланысты болды. Бірақ XII-XVI ғғ. қалыптасқан канондық құқық Жинағы католиктер үшін жүздеген жылдарға дейін өзінің маңыздылығын сақтап қалды (1917 жылға дейін). 

1917 жылы папа Бенедикт XV канондық құқықтың заңды жүйленген түрі. «Канондық құқық Кодексін» қабылдады.

Кодекс 5 кітапты құрайтын 2414 каноннан тұрады: 

1. Жалпы ережелер;

2. Тұлғалар туралы (священник, монах, миряндар туралы);

3. Рәсімдер, мұрагерлік туралы; 

4. Сот процесстері туралы; 

5. Жазалар туралы.

1983 жылы папа Иоанн Павел ІІ латын Католик шіркеуі үшін жаңа канондық құқықтың Жаңа Кодексін қабылдады. 1917-1983 жылдар аралығында 20 әлемдік собор өткізілді. Бұл жаңа Кодекс 7 кітаптан тұратын, 1752 канонды құрайды:

1. Канондық құқықтың барлық салаларына қолданылатын жалпы нормалар жиынтығы; 

2. Латын Католиктік Шіркеуінің конституциялық құрылымына қатысты нормалар; 

3. Шіркеудің ілімдік қызметі туралы нормалар; 

4. Шіркеудің қасиетті ағарту қызметі туралы (Құдай Сөзін тарату және құпияларды орындау); 

5. Шіркеу мүлкін басқаруды реттеу туралы; 

6. Канондық санкцияны салу; 

7. Өзгеде мәселелер. 

Бұл соңғы кодекс қазіргі кезде қолданылады. Жаңа «Кодекстің» бұрынғы кодекстен айырмашылығы ол заманауи, логикалық тұрғыдан жүйеленген. Мазмұндық тұрғыдан ол II Ватикандық собордың негізгі экклезилогиялық идеяларын қамтығанымен ерекшеленеді.  

   Қазіргі католиктік канонист Либеро Джероздың айтуынша, «материалдық аспектіде 1917 жылғы Кодекске қарағанда, 1983 жылғы Кодекске 2 маңызды жаңашылдық тән». Олар: 

- Біріншісі – шіркеу заңдарының жаңа кодификациясы бірінші кезекте канондық нормаларды жүйелендіруге  емес, бұл нормаларды сенім тұрғысынан дамытуға бағытталған. 

- Екіншісі – шіркеу-құқықтық құрылымның негізгі субъектісінің бірегейлігін өзгерту. Енді священник, монах, миряндар т.б. тек рухани тұлға емес, олар негізге алатын басты фигура болып табылады. 

Католик шіркеуіндегі канондық құқық – шіркеу билігі шығарған және шіркеу канондарында, яғни шіркеу мекемелерінің құрылымына, шіркеудің және мемлекеттің өзара қарым-қатынасына қатысты ережелердегі нормалардың жиынтығы.


Пайдаланған әдебиеттер: 

1. Либеро Джероза. Каноническое право в католической церкви

        https://azbyka.ru/otechnik/konfessii/kanonicheskoe-pravo-v-katolicheskoj-tserkvi/ 

2. Каноническое право римской католической церкви

        http://www.konspekt.biz/index.php?text=38892 

КАНОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ПӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ, ТҮРЛЕРІ КАНОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ПӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ,
Дінтанулық сөздікте:  Канондық құқық – шіркеулік билік жариялаған және шіркеулік канондарда бар қағидалардың жиынтығы, шіркеулік мекемелердің
Канондық құқық тарихы. Протестантық шіркеу Канондық құқық тарихы. Протестантық шіркеу
Канон немесе канондар – барлық шіркеу мүшелерінің өмірін реттеп отыратын ережелердің жүйесі және христиан қоғамының тұрмыстық нормасын құрайтын
Дінтанудағы ұғымдар мен терминдердің топтары Дінтанудағы ұғымдар мен терминдердің топтары
Дінтануда ұғымдар мен терминдердің бірқатар топтары баса көрсетіледі:  1) онда жалпыфилософиялық және әлеуметтік-философиялық категориялар —
Мемлекет пен діни ұйымдар қатынасын реттеу дәстүрлері Мемлекет пен діни ұйымдар қатынасын реттеу
Жалпылай алғанда, қазіргі таңда мемлекет пен діни ұйымдардың қарым-қатынастарын реттеудің кеңінен таралған екі құқықтық дәстүрі қалыптасты: олар
Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың қалыптасуы Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың
Дін – бұл әлемдік тарихтағы қол жетімді деректерге қарағанда, адамзат баласы пайда болғалы бері ең көне және әмбебап қоғамдық сана болып табылады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру