
Канондық құқық тарихы. Протестантық шіркеу
Канон немесе канондар – барлық шіркеу мүшелерінің өмірін реттеп отыратын ережелердің жүйесі және христиан қоғамының тұрмыстық нормасын құрайтын шіркеу заңнамасы. Заңның барлық мемлекет тұрғындарына ортақ және міндетті болатыны секілді канондық заңдар барлық христиан дінін ұстанушыларға ортақ әрі міндетті.
- Осындай ортақ құқықтардан бөлек партикулярлы канондық құқық болады. Ол жеке шіркеулер құқығына байланысты бөлінеді.
Канондық құқыққа кіретін ережелер әртүрлі уақытта,әр түрлі себеппен пайда болды және шіркеу өмірінің әртүлі сфераларын қамтиды.
- шіркеудің иерахиялық құрылымын;
- христиандардың бір-бірімен және басқа дін ұстанушыларымен қарым–қатынасын;
- монахтық өмір;
- неке және некені бұзу, дінбұзарлық (ересь);
- шіркеу мүшелерінен бөліну және сондай бөлінушілермен, күнә жасаған адамдармен қарым- қатынас;
- шіркеулік жазалар, мерекеле;
- Құдайға құлшылық ету жарғылары;
- шіркеулік әндер т.б.
Канондарда маңызды орынды дін қызметкерлернің өмірін реттейтін ережелер алады: епископтар, діндарлар, төменгі клириктар.
- Правасловтық шіркеу пайдаланатын шіркеу заңнамалары «Шіркеулік канон» деп аталады. Оған шіркеудің ішкі ұйымдастыру ережелері және шіркеу ішіндегі тәртіп, шіркеу мүшелерінің өмірінің жеке аспектілеріне қатысты ережелер, құқықтар кіреді.
- Ол ережелер мен құқықтар православия дінін ұстанушы барлық елдердегі адамдарға міндетті және қарсылықтар қабылданбайды. Дегенмен, канондық ережелердің догматтардан айырмашылығы дінді оқытуды қалыптастырмайды, тек қана шіркеу өмірінің белгілі бір нормаларын бекітеді.
Қазіргі канондардың пайда болу көздері
- Канондық тексттердің негізі христиандықтың алғашқы Х-шы ғасыр тұсында батыста және шығыста әртүрлі шіркеулерде қалыптасты.
- Ол сонау ежелгі қасиетті Апосталом кезінен бастау алып бес (кейінен Трулльдік ережелер қосылады) алғашқы әлемдік және иеліктік жиналыста құрастырылып, бекітіліп барлық шіркеумен қабылданаған.
- Ерте кезден бері ондай жинақтар шіркеу билігін басқару үшін «Номоканон» деген атаумен басып шығарылып тұрды және шіркеу құқығының толық жинағын құрады. Сонымен қатар оған шіркеу өмірін реттейтін зайырлы заңдар мен император бұйрықтары да кірді.
Православтық шіркеудің канондық ережелері
Православ шіркеуінің барлық православтықтарға толықтай міндетті ережелері мен заңнамалары өте көп, ол «Шіркеу ережелері» атты үлкен кітаппен басып шығарылады. Алайда, православ шіркеуінің мүшелеріне және осы дінге кіруге тілек білдірушілерге арналаған негізгі ережердің тізімі бар. Зерттеушілер оны 12-ге бөліп қарастырады.
1. Шіркеуге мүмкіндігінше жиі барып тұру
Егер мүмкіндік жиі болмаған жағдада ең кем дегенде әр жексенбі күні таңмен шіркеуге баруға міндетті. Бірақ тек қана шіркеуге барып қайту жеткіліксіз, Құдайға құлшылық ету керек.
2. Әр күн үйде құлшылық жасау.Әр күні таңертең және кешке тамақ қабылдаудың алдында және тамақтан кейін құлшылық жасауы керек. Сонымен қатар, әйелі мен күйеуі бірге құлшылық жасауы маңызды. Себебі балалар ата-аналарымен құлшылық еткені абзал. Оған қоса, Библияны оқу бар.
3. Құпиялыққа қатысу
Бұл тек қана мойындау және қарым-қатынас жасау ғана емес, сонымен қатар науқас болсаңыз да жиналуы керек. Бұл шомылдыру рәсімінен өту, үйлену дегенді білдіреді.
4. Жаман ойлардан, сөздерден және іс әрекеттерден аулақ болу.
Біз өзіміздің денемізбен, жанымызбен, сөзімізбен жасағанымыз өзміздң құтқарылуымыз үшін үлкен мағына білдіреді. Сіз өзіңізге көмек көрсететін емес, сіз оған көмектесетін адам іздеңіз.
5. Шіркеу күнтізбесі бойынша ораза ұстау
Православтықтар әр сәрсенбі және жұма сайын және міндетті түрде Ұлы, Петров, Успенский және Рождестволық ораза ұстауы тиіс.
6. Тәубеге келуге бару
Тәубеге келуге оразаның кезінде кем дегенде бір рет бару керек. Сонымен қатар, бұл нәрсе жаныңызға керек болғанда, сізді қинаған күнә жасағанда ораза ұстауға болады.
7. Рухани кеңес іздейді
Шіркеу қызметкерлерімен сөйлесу, кеңес сұрау. Дін қызметкерлері сізді міндетті түрде тыңдайды.
8. Кірістің оныншы бөлігін шіркеуге береді.
Кірістің оныншы бөлігін Құдайдың жолына беру (бұл сіздің табысыңыз емес Құдайдың сізге берген сыйлығы) - бұл библиялық норма, оны барлық првославтық христиандар ұстануы тиіс. Егер кірістің 10 пайызын бере алмаса, белгілі бір мөлшерде тұрақты түрдн бноіп тұруы тиіс. Ал егер 10 пайыздан көп бере алатын болса, беруге болады.
9. Қайрымдылықпен айналысады.
Көмек қажет ететін адамдар, ақшалай сонымен қатар, моралдық тұрғыда және өзінің қол еңбегімен көмектесуеді. Тіпті қиналған немесе ауырып жатқан адамдаға жай ғана қасында болу арқылы көмектеседі.
10. Өз өзін үнемі дамытып отырады.
Үнемі ізденіс үстіндк болу керек және Құдайға деген сенімнің тереңдігін түсінуге тырысу керек
11. Өзінің сеніміңді басқалармен бөлісу.
Құдай саған көмектескенін сезсең және ризашылығыңды білдірсең сен онымен басқалармен бөлісуің керек.
12. Кресттік шерулерге қатысу және қажылық жорықтарға бару.
Құдай жолында жорықтар жасау. Көбінесе бұл монастырлар, храмдар, киелі жерлер.
Қасиетті апостол ережесі
Барлық православ шіркеулерінің канондық жинақтарында бірінші орында қасиетті апостол ережесі орналасады.
- Негізінен апостол ережесі адамдардан бір-бірінен ауызша түрде сақталғанға ұқсайды, кейіннен ІV ғасырдың басына дейін жинақталып, жазылып жеке жинаққа айналған . Себебі бірінші әлемдік жиналыс осы жинаққа сілтеме жасайды.
- Қасиетті апостол ережелерінде барлық негізгі канондық нормалардан тұратын 85 канон бар. Оның көп бөлігі клириктарға арналған, әсіресе епископтарға: қасеттілік дегейлерін беру, шіркеулік дүние-мүлікке, епископтардың құқықтары мен оған бағынатын клириктерден ерекше міндеттері туралы сондай ақ, басқа эпсикоптармен қарым-қатынасы туралы жазылған.
Қазіргі таңдағы шіркеу өмірін реттеп отыратын конондардың барлығы қасиетті апостол ережелерін қоспағанда ) әлемдік жиналыстардан шыққан. Олардың кейбіреулері осындай жиналыстарда жасалған болса, басқалары осы жиналыстың бекітуімен міндеттілік статусын алды.
Әлемдік жиналыстарда жалпы шіркеуге қатысты өзекті болып отырған догматтық сипаттағы маңызды мәселелер шешілген, сонымен қатар дәл сол кездегі шіркеудің ісі де қарастырылып, қасиетті әкелер тарапынан талқыланған.
Православ шіркеуінде әлемдік жиналыстар бес ғасыр бойына жүріп отырды. 325-787 жылдар арасында:
† Бірінші (Никейский первый) – 325 жыл.
† Екінші (Константинопольский первый) – 381 жыл.
† Үшінші (Ефесский) – 431 жыл.
† Төртінші (Халкидонский) – 451 жыл.
† Бесінші (Константинопольский второй) – 553 жыл.
† Алтыншы (Константинопольский третий) – 680–681 жылдар.
† Жетінші (Никейский второй) – 787 жыл.
Барлық жиналыстар Православ шіркеуімен және католик шіркеуімен мойындалады. Тек бес ғана жиналыстан ережелер сақталған. Не бесінші не алтыншы жиналыстан шіркеудің дамуына қатысты ережелер басып шығарылмады. Алайда, он жыл өткен соң 641 жылы алтыншы жиналыс өтіп, қателіктің орны толтырылған болатын. Сондықтан да, әлемдік жиналыстардың ережелерін айтқанда бес жиналыс болды деп айтылады, бірақ бесіншісі бесінші-алтыншы жиналыс немесе Трулльдік жиналыс деп аталады.
Бірінші әлемдік жиналыс (Никейский первый)
- Бірінші әллемдік жиналысты 325 жылы император Ұлы Константин құрған. Жиналыс шіркеу иерхиясына және ішкі тәртіпке байланысты 20 ережені басып шығарды.
Екінші әлемдік жиналыс (Константинопольский первый)
- Жиналыс 381 жылы император Ұлы І Феодосидың басшылығымен құрылды.
Жиналыс Константинополде болды және үш жылға дейін жалғасты. Оған 150 епископ қатысты. Тәртіпке қатысты 7 ереже қабылданды.
Үшінші әлемдік жиналыс (Эфесский).
- Үшінші әлемдік жиналыс 431 жылы император ІІ Феодостың басшылығымен Эфесте өтті. Жиналыс Константинополдық патриарх Несторияның күнәсімен байланысты болды. 8 ереже қабылданды.
Төртінші әлемдік жиналыс (Халкидонский).
- Төртінші әлемдік жиналыс 451 жылы Халикидонда император Маркиан мен императрица Пульхериейдің басшылығымен өтті.
Презентацияны жүктеу үшін сілтемені басыңыз: https://yadi.sk/i/D-Je_Wl1o-9SaA
Пайдаланылған әдебиеттер:
- https://azbyka.ru/otechnik/pravila/kanonicheskie-postanovlenija-pravoslavnoj-tserkvi-o-svjashhenstve/#note2_return
- Светлов П.Я., протоиерей. О значении священных канонов / Григорий (Грабе), епископ. Каноны Православной Церкви. Ч. 1. Свято‑Троицкая Православная миссия, 2001. С. 4.
- Цыпин В. А., протоиерей. Церковное право. М.: Сретенский монастырь, 2009. С. 6.




