Жастар порталы
Ер мен әйел арасында махаббат
06.08.2019 34 0 admin

Ер мен әйел арасында махаббат

---

Ер мен әйел арасында махаббат бір сәтте, бір көргеннен туындайды Бұрындары бір жерден ер мен әйел арасында махаббат бір көзқарастан туады дегенді оқып едім. Өз басым бұл пікірмен толық келісемін. Синхронды болмаған сезімнің бәрі – аннан қашқан, мұннан қашқан құмарлық, ондай қылықтан махаббат өнбес. 

Басында әйелі қатты сүйіп, ерінің артынан жүгіріп жүріп, өзіне үйлендірген, уақыт өте келе ері де әйелін сүйіп кетті деген мысалдарды көп білеміз. Немесе ер адам бір әйелді ғана сүйіп, жылдар бойы күтеді, содан біраз жылдан соң ол әйел де оны сүйіп қалып, екеуі қосылады-мыс. Сенбеймін. Сенбеуге рұқсат етіңіз. Мұндай мысалдарда екінші адамның келешекке сенім қажет боп, жалғыз қалу қорқынышы алдында ыңғайлылық мүмкіндігі туындап, содан келісе салғаны байқалатындай. 

Химия, флюидтер, ғашықтық – екі адам бір-бірін алғаш көрген кезде туындайды. Туындаған сезімді махаббатқа дейін өсіру-өсірмеуі жұптағы естілікке байланысты. Дегенмен, Құдай өз тарапынан оларға мүмкіндік берді. Бір сәтте мықты байланыс орнайды. Екеуі де сезеді, екеуі де түсінеді, екеуіне де бұл қызық. 

Егер алғашқы кездесуден соң «уәде берген – бірақ қоңырау шалмады», «келем деді – келмеді», «хабарламаны көрді – бірақ жауап жазбады», «екеуміз туралы бір ай ойланды», «достарымен волейболға кетті, бәрі кейінге қалды» деген бықсық басталса, бұл адамды ойыңыздан сызып тастаңыз. Мұндай адаммен қарым-қатынас дамымайды. 

Бұл шынында да ақымақтық. «Дәл сол нәрсе» арада тумады. Егер жігітіңіз дәл осындай адам болса, онымен қарым-қатынас орнату өте ауыр болады. Себебі, оған сіз керек емессіз. 

Адамдар химияны сезінгенде екеуі де бір-бірінің сезімін сақтауға барын салады. Бірі аяқ астынан жоқ боп кетпейді. Себебі, сіздің жаныңыз ауыратынын біледі. Себебі, ол сіздің хабарламаны жауапсыз қалдырмайды. Сіздің өзіне деген ілтипатыңызға құрмет көрсетеді, көңіл күйіңізді бұзбауға тырысады. Ол еркін қарым-қатынас құрайық деп мәймөңкелемейді. Себебі, сізден басқа ешкімді ойлай алмайды. Оның ой-таназарын тек сіз жаулап аласыз. Сіз де мұны сезінесіз. Арада байланыс бар ма деп алаңдамайсыз, себебі, үнемі сезім мен эмоциялық жауаптар келіп тұрады, оның ойы тек сізге байланады. Ол сізбен ашық әрі шынайы болады.

Сіз де сондай болғыңыз келе түседі. Неше түрлі қырсық қарым-қатынасқа бір ғана себеппен ұрынатын сияқтымыз: өз адамымызды күтерліктей төзімді болмағаннан. 

Егер жастық шақта алып-ұшпа мінезге салып, бақыттың орнына тәжірибеге ұрынсақ, ал есейгенде төзімді, еркін, жан дүниеміздегі бақытымызды әлдилей жүріп өз адамымызды табу, бір болу әлдеқайда маңызды. 

Өз адамын күтпегендер не істеуі керек деп сұрарсыз. Мысалы, қырық, елу, алпыс жаста да жалғыз жүргендер көп дейсіз. Жауабым: жағдай әр түрлі. Біреу бөтен адаммен жұп, сондықтан басқа жолдың бәрін өзі жауып тастаған. 

Тағы біреу махаббатқа тойдым, жалғыздығым жақсы деп шорт кеседі. Біреу «еркектің (әйелдің) бәрі...» дегендей адамдардың болмысын тануға тырыспайды. Мұндай адамдар өздері «жалғыз қалуды» таңдағандар. 

Әрине, өмірге әр кезде қуана білетіндер бар. Әр сәтін бағалайды. Адамдарды сол күйінше жақсы көреді. Өзін жақсы көреді, миллиард пендесі бар Жер бетінде оның сыңары да жүргенін біледі. Сенеді. Бір күні кездесемін деп күтеді. 

Біреу өзін тыңдай біледі. Аяқ астынан ынтасы ауып, шет тілін үйренеді. Шетелден бақытын табады. 

Біреу мақала жазады. Мұнысы интернетте вирус боп тарайды. Сол сөз арқылы оны өз адамы іздеп табады. 

Біреу ғылыми жұмыспен айналысады. Бір күні конференцияға барып өз адамын көреді. Әркімнің рецепті әр бөлек. 

Ең бастысы – Ол күтуге лайық адам екеніне сенсеңіз болғаны. Жоқ, бұлай емес. Махаббат – оны күтіп өмір сүруге лайық. 


Аударған Шынар Әбілдә

Махаббат Махаббат
Шынайы махаббат адамды жақсы жағына қарай өзгертеді. Ғашық адам мейірімді, жұмсақ, жомарт боп, нұр шашып тұрады.
Сүйген әйел Сүйген әйел
Әйел ұрысқанда бейпіл боп кетеді. Сүйіктісінің жанына ауыр тиетін сөздерді айтады. Қыршаңқы мінезін көрсетеді. Шектен шығады. 
Жыныстық қуат Жыныстық қуат
Жыныстық қуат қарама-қайшылы принциптердің өзара әрекеттесуі – жағымды және жағымсыз, түнек пен жарық, ер мен әйелдің – көптеген болмысты сипаттайтын
Егер сені сатып кетсе Егер сені сатып кетсе
Егер басыңа күн туғанда сатып кетсе – бұл жақсылыққа бастайтын жол. Қиындықтан тезірек құтылып, рухани өсуге мүмкіндік мол.  Кейде бізді ең қиын
Еркекке бақ боп қонатын әйел Еркекке бақ боп қонатын әйел
Еркек үшін өмірдегі ең бастысы — өзіне ғана лайық жан жарын табу мен бар ынтасымен сүйіп істейтін кәсібінен адаспау.  Кейде жарыңды табу бәрінен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру