Жастар порталы
Еркекке бақ боп қонатын әйел
19.03.2019 62 0 admin

Еркекке бақ боп қонатын әйел

Жан саулығы

Еркек үшін өмірдегі ең бастысы — өзіне ғана лайық жан жарын табу мен бар ынтасымен сүйіп істейтін кәсібінен адаспау. 

Кейде жарыңды табу бәрінен маңызды болады. Әйел арқылы еркектің болмысы ашылады. Басыңа бақ боп қонатын әйелді табу өте маңызды. Тапсаң - жасына, түріне, мінезіне қарамайсың. Бұл тек саған керек адам. Еркек мұндай әйелді жан-жүрегімен бірден таниды. Бір көргеннен сүйіп қалады. 

Батып кеткен Титаниктегі Молли Браун жас күнінде бай адамға күйеуге шығуды армандайды. Себебі, өзі кедей еді. Алайда сосын ойынан айнып, өзі сүйген жарлы жігітке күйеуге шығады. Бірақ қалайда екеулеп байып кетуіміз керек деген ойын жүзеге асырады. Ол байлықты қатты қаласа керек, себебі күйеуі біраз уақыттан кейін алтын кен тауып, екеуі қатты байып кетеді. 

Агата Кристи екінші рет жас археологқа тұрмысқа шығады. Күйеуі өзінен 16 жас кіші. Ол заманда ел естімеген сұмдық оқиға болған еді. Агата жасамыс, түрі де келісті дейтіндей емес. Бірақ күйеуіне бақ боп қонды. Агата айтқан жерде қазба жұмыстарын жүргізіп, ежелгі патшалықтың орнын табады. Мол қазынаның үстінен түседі. Атағы жер жарып, дәулетті боп шыға келеді. Ел сыйлайтын ғалым боп кетті. 

Жозефина Наполеонның көзіне шөп салса да, оның тағдырына қатты әсер етті. Қарапайым сарбаздан император жасап шығарды. Екеуі айырылысқан күні Наполеонның басынан бағы тайды... Өмірде бақ боп қонатын әйелдер болады. Ұлы адамдардың көпшілігінде сондай әйелдер болған. Бастысы өзіңнің сыңарың болатын әйелді табу, соған үйлену. Ол айтқан жерді қазсаң, алтын кен табасың, қазынаға кенелесің: бақытты боласың, бақ-дәулетің тасиды, атақ пен жетістік өзі іздеп табады. 


Дереккөз: https://www.instagram.com/shinarabelda/

Қыздарға 11 кеңес Қыздарға 11 кеңес
1. Сені төмендететін, абыройсыздыққа бастайтын нәрсеге ешқашан келіспе. Әйел өзіне лайық дүниені ғана таңдау керек. Бұрын болған қателіктерді жіпке
Некені бір ауыз сөзбен қалай құтқарудың жолы Некені бір ауыз сөзбен қалай құтқарудың жолы
Бірде үлкен қызым Дженна былай деді: «Кішкентай кезімде сендер ұрысқанда ажырасып кететін шығар деп қорқатынмын. 12 жасқа толғанда, бұлай ит-ыржыңмен
Санасы ояу әйелді сүюді таңдасаң... Санасы ояу әйелді сүюді таңдасаң...
Егер санасы ояу әйелді сүюді таңдасаң, ендеше сен бұрын-соңды көрмеген жаңа деңгейге шыққаныңды, бастан-аяқ сынақтан тұратын жолға түскеніңді біл. 
Бес өкініш Бес өкініш
Адамның өлер алдында өкініші болуы заңды. Бұл құбылыс әрдайым қайталанып отыруы да табиғи заңдылық. Әр адамның қолы жетпеген бір арманы болады.
Болашақ келінге кеңес Болашақ келінге кеңес
Үйлену оңай, үй болу қиын" деп бекер айтпаған қазақ. Үйленгеннен кейін жас келін көптеген қиыншылықтарға тап болады. Соның бірі - енесі екеуінің
Пікірлер (0)
Пікір білдіру