Жастар порталы
Дінтанудың мазмұндама ұстанымдары
14.06.2019 43 0 admin

Дінтанудың мазмұндама ұстанымдары

Дінтану

Дінтану пәнінің мазмұнын ашқанда, теориялық материал мен деректерді орналастырғанда, дінтану дидактикасы мен әдістемесінде кейбір ұстанымдар іске асырылады. Оларды сипаттап көрейік.

Бастапқы ұстаным - қатаң объективтілік, пәнді нақты-тарихи қарастыру. Дін немесе еркін ойлау құбылыстарын көркем бейнелеу үшін бояудың “жабық” және “ашық” түстері алдын ала белгіленіп қоятын абстрактілі таптаурындар қабылданбайды. Ғылыми тұрғыдан негізделген қағидалар, нақты анықталған деректер баяндалады; әлемдік дінтану, философияда алынған нәтижелер пайдаланылады. Теориялық және деректемелік материалды таңдау жөне орналастыру, тарихта жасанды бос кеңістіктер мен «ақтаңдақтар» қалмау үшін, оны (тарихты) неғұрлым нақты суреттеудің арқасында жүзеге асырылады.

Келесі ұстаным - дінді, діни философияны, еркін ойлауды рухани мәдениет дамуының контексінде қарастыру. Дінтану рухани мәдениеттің өзіндік салаларын, олардың тарихын және қазіргі кездегі жағдайын, яғни өз қырынан алғанда, бірқатар мәдениеттанулық мәселелерді шешеді. Діннің мәдениет феномені ретіндегі ерекшеліктері, діни-мәдени құрылымдардың сипаттары, діни философияның ерекшелігі, қоғам мен жеке тұлғаның рухани өміріндегі еркін ойлаудың әр түрлі көріністерінің өзіндік тегі анықталады.

Келесі тағы бір ұстаным - дүниетанымдық мәселелерді адам болмысы, оның мәні мен тіршілік етуі, өмірдің мәні мен мақсаты, өлім мен мәңгі өлмейтіндік тұрғысынан талдау, басқаша айтқанда, бірқатар мәселелерді философиялық антропология тұрғысынан қарастыру. Дүниетанымды сөздің кең мағынасында ұғыну барынша таралған: дүниетанымды, тұтас алғанда, дүние мен дүниедегі жеке құбылыстарға, адам мен адамзатқа, олардың дүниедегі орнына, қоғам мен оның жеке салаларына, таным процесіне деген неғұрлым жинақталған көзқарастар құрайды; ол экономикалық, әлеуметтік-саяси, қүқықтық, өнегелі, көркемдік, діни, философиялық және басқа көзқарастарды жинақтайды. Дүниетаным жаратылыстану жетістіктерін жүйелейтін табиғат картинасын, қоғамтану мәліметтерін нәтижелейтін қоғам картинасын, адамтану мазмұнын қорытындылайтын адам картинасын қамтиды. Дүниетанымдық мәселелердің басты өлшемі «адам - табиғат», «адам - қоғам және тарих», «адам - адам» желісі бойынша жүреді.

Келесі ұстаным - мәселелерді адам, қоғам, дүние туралы діни және діни емес дүниетанымдардың толеранттылық, шыдамдылық, сұхбат тілінде баяндау. Діни және діни емес дүниетанымдардың бірқатар қабаттары бар: 

1) дүниені аңғарудың, дүниені түсіндірудің, дүниеге деген қатынастың «іргетасы» мен «қаңқасын» құрайтын бастапқы кіріктіруші түсініктер, ұғымдар, идеялардың жиынтығы; 

2) табиғат, қоғам, адамның жеке салаларының - космос, биосфера, экожүйе, экономика, саясат, құқық, мораль, өнер, психика, сана және т.б. болмысының негіздерін түсіндіру; 

3) табиғаттағы, қоғамдағы, адамдағы не ол, не бұл оқиғаларды, құбылыстарды сипаттайтын түсініктер мен идеялар; 

4) жалпы элементтер (адамдық тіршілік ету үшін қажетті жағдайларды, жалпыға ортақ көркемдік құндылықтарды және т.б. білдіретін объективтік-акиқаттық білімдер, өнегелідік түсініктері) және тек кейбір модениеттерге тән ерекше компоненттер. Діни және діни емес дүниетанымдардың бастапқы тіректері әр түрлі. Бұл дүниетанымдарда табиғаттағы, қоғамдағы, адамдағы процестер мен оқиғаларды түсіндірудің ұстанымдары да әр түрлі. Бірак экономикалық, әлеуметтік-саяси, экологиялық, өнегелі, эстетикалық және басқа идеялар, құндылықтар жақын болуы мүмкін, ал ортақтары сәйкес келеді.

Ақыр соңында келесі принципті позицияны анықтайық: ар-ұждан бостандығы осы үғымның қалыптасу тарихы, бұл салада адам құқықтарын қамтамасыз етудің әлемдік (соның ішінде біздің еліміздің де) тәжірибесі ескеріле отырып түсініктемеленеді. Ар-ұждан бостандығы әр түрлі деңгейде және әр түрлі – жалпы философиялық және теологиялык, этикалық және эстетикалық, саясаттанулық және құқықтанулық, логикалық-танымдық және т.б. тұрғыдан пайымдалған және пайымдалады. Мемлекеттік құқықтық қүжаттарда - конституцияларда, заңдарда, жарлықтарда - ар-ұждан бостандығы құқықтық тұрғыдан түсініледі, мұндай бостандықты қамтамасыз ететін қағидалар түжырымдалады. Және бұл толығымен табиғи болатын жәйт. Бірақ құқықтық түсінік пен құқықтық нормалар тарихи-мәдени контекстен қол үзбеуі тиіс, ар-ұждан бостандығы феноменін кеңірек пайымдауды назарға алған жөн. Олай болмаған күнде мемлекеттік-құқықтық құжаттар әр түрлі дүниетанымдағы, сенімдегі және әр түрлі ойдағы азаматтардың мұндай бостандыққа деген теңдей құқығын қамтамасыз етуге сенімді негіз бола алмайды.

Мазмұны, баяндау дидактикасы мен әдістемесі 1948 жылғы 10 желтоқсандағы БҰҰ «Адам құқықтарыньң жалпыға бірдей декларациясы», 1966 жылғы 16 желтоқсандағы «Азаматтық және 11 саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт», 1975 жылғы 1 тамыздағы «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Кеңестің қорытынды актісі», 1990 жылғы 21 қарашадағы «Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясы», сондай-ақ Ресей Федерациясының Конституциясы мен 1997 жылғы 26 қыркүйектегі «Ар-ұждан бостандығы жөнінде және діни бірлестіктер туралы» Заңының сәйкес баптары сияқты халықаралық құқықтык. құжаттарда тұжырымдалған ой, ар-ұждан, дін және сенім бостандығы туралы ережелеріне сай құрастырылған.

Курстың мақсаттары мен міндеттері.

Дінтануды оқыту мен меңгеру білім жүйесін гуманитаризациялауға, әлемдік және отандық медениет жетістіктеріне, студент жастардың өз дүниетанымдық позицияларын, рухани қызығушылықтары мен құндылықтарын еркін айқындауға үлесін қосады. Бүл курс іргелі зерттеулер саласындағы ғылыми қызметке, педагогикалық саладағы жұмысқа, денсаулық сақтау, қызмет көрсету саласындағы, құқық қорғау органдарындағы жүмысқа; философия, әлеуметтану, саясаттану, психология, заңтану, мемлекеттік басқару, халықаралық қатынастар, әлеуметтік антропология, тарих, тарихи мұрағаттану, филология, лингвистика, шығыстану және африканистика, мәдениеттану, өнертану, өнер және сәулет, мұражайтану, аймақтану, әлеуметтік жұмыс, жүртшылықпен байланыс, журналистика, әлеуметтік-мәдени сервис және туризм, баспа ісі және редакциялау, кітаптану және т.б. мамандықтар бойынша дайындалып жүрген студенттердің кәсіптік дайындығына тікелей қатысады. Басқа мамандықтарды меңгеретін студенттердің кәсіптік дайындығына жанама түрде көмек көрсетеді.

Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында бірқатар қоғамтанулық пәндер оқытылады; дінтану студенттердің гуманитарлық білімдерін дінді талдау түрғысынан нақтылайды.

Бұл курста кейбір теориялық қағидалар анықталып қана қоймайды, сонымен қатар қызықты деректердің жиынтығы жөнінде ақпарат беріледі, ол деректерсіз экономикалық, саяси тарихтың, ғылым, өнер, әдебиет, ақылақ тарихының өткені мен бүгінгісінің, қазіргі замандағы қоғамдық-саяси өмірдің көптеген оқиғаларын түсіну қиын болып табылады. Осылайша тарихи жадыны қайта қалпына келтіру мен дамытуға үлес қосылады.

Адам өзінің дүниетанымдық таңдауын жасауға мүмкіндік алу үшін, оған шешімдердің әр түрлі нұсқаларын келтіру керек. Дінтану дүниетанымдық мәселелерді спецификалық қырынан қарастырады және жауаптардың сәйкес нұсқаларын ұсынады. Осы пәнді меңгере отырып, студент дүниетанымдық сұхбат жүргізудің дағдыларын игереді, ойлауы өзгеше болып табылатын басқа адамдарды түсіне білу өнерін меңгереді. Бұл оған, бір жағы, қасаңдық (догматизм) пен өктемшілдіктен (авторитаризм), екінші жағынан, релятивизм мен бедерсіздіктен (нигилизм) құтылуға көмектеседі.

Дінтану өз тәсілдері арқылы ар-ұждан бостандығын іске асыруға септеседі. Ар-ұждан бостандығы ұғымын қалыптастыра отырып, бұл мәселе бойынша құқықтық нормалар жөнінде ақпарат бере отырып, ол жеке түлғаның азаматтық сапаларының қалыптасуына септеседі, белгілі бір әлеуметтік-саяси процестерде де бағдар береді, діни мәселедегі әр түрлі партиялардың және қоғамдық қозғалыстардың саясатындағы жалпы және ерекше жайттарды анықтайды. Мұның бәрі саяси мәдениеттің өсуіне септеседі. Қазіргі замандық әлемнің гуманистік құндылықтарын бекітуге, азаматтық келісімді қамтамасыз етуге, адамаралық қатынастарды, соның ішінде әр түрлі діни және діни емес дүниетаным өкілдерін үйлесімді етуге бұл курстың маңызы зор. Теориялық қағидалар мен деректерді меңгеру ядролық ғасырда өркениетті сақтау мен адамзаттың тірі қалу жолдарын іздеуге, үдей түскен экологиялық дағдарыс қаупі төнген жағдайда табиғатқа жаңаша қарауға бағыт береді. Бұл курста баяндалатын идеялар қайырымдылық іс-әрекетіне қатысуға, рақымшылдыққа, ұждансыздық пен барлық нәрсеге ерік берілгендікке, қаталдық пен зорлық-зомбылыққа, жеке тұлға қүқықтарын таптауға қарсы түруға, қоғамды әлеуметтік сауықтыруға, оның өнегелілігін қайта жаңғырту ісінде бірге әрекет етуге шақырады.

Дереккөз: Дінтану негіздері: Оқулық/Ауд.: Н.Ж.Бәйтенова, Қ.А.Затов, А.Т.Құлсариева, А.Д.Құрманалиева; Құраст. Н.Ж.Бәйтенова.

Дінтанудың зерттеу әдістері Дінтанудың зерттеу әдістері
Кешенді пән болып табылатындықтан, дінтану көптеген әр түрлі таным әдістерін пайдаланады. Кез келген ғылымдағы сияқты, дінтануда жалпыфилософиялық,
Дінтанудағы ұғымдар мен терминдердің топтары Дінтанудағы ұғымдар мен терминдердің топтары
Дінтануда ұғымдар мен терминдердің бірқатар топтары баса көрсетіледі:  1) онда жалпыфилософиялық және әлеуметтік-философиялық категориялар —
Дінтанудың негізгі бөлімдері Дінтанудың негізгі бөлімдері
Дінтану бүгінде бірқатар бөлімдерді қамтиды, олардың арасынан философия, әлеуметтану, психология, феноменология, дін тарихы негізгілері болып
Дінтану пәні Дінтану пәні
Адамның ғаламды, қоғамды, өзін-озі, қоршаған ортадағы жеке құбылыстар мен процестерді тануға деген талпынысы сарқылмас және мәңгілік құбылыс.
Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі
    Шығыстың атақты философы, ойшыл  Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу
Пікірлер (0)
Пікір білдіру