Жастар порталы
Бес парыздың бірі - намаз
13.01.2019 148 1 admin

Бес парыздың бірі - намаз

Дінтану

Намаз – мұсылман болған ер кісі мен әйелге праыз. Намаздың парыз болу шарттары – мұсылман болуы балиғат жасына жету, ақыл-есінің дұрыс болуы. Намаз – сөзінің мағынасы «дұға ету». Хазірет Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у) бес уақыт намаз Миғраж түнінде парыз етілді. Намаз – Аллаға деген сансыз шүкірлерді көрсететін ғибадат. Бес уақыт намаз: таң намазы, бесін намаз, екінті намазы, ақшам намазы, құптан намазы. Уақыты кірмей, ешқандай намаз оқылмайды. Намаздың түрлері: парыз, уәжіп, нәпіл.

Парыз намаздар – «айн парыз» (жалқы парыз), және «кифая парыз» (жалпы парыз) болып екіге бөлінеді. Айн парыз намаз – балиғатқа толған барлық мұсылмандарға парыз, әрқайсысы жеке іске асыруға міндетті. Айн парызға бес уақыт намаз және жұма намазы жатады. Кифая намазы – бір мұсылман қайтыс болғанда, жақындары мен таныстары, жалпы мұсылмандардың оқитын жаназа намазы.

Уәжіп намаз мұсылманның іс-әрекетіне байланысы жоқ және тікелей байланысы бар уәжіп деп екіге бөлінеді. Алғашқы топтағы уәжіп намаздарға – құптан намазынан кейін оқылатын үш ракағат үтір намазы мен Рамазн және Құрбан айтта оқылатын айт намаздары жатады. Екінші топқа нәзір (атау) намазы, қателік сәждесі басталып, аяқталмай бұзвлған намаздардың қазасы жатады. 

Жұма намазы – ислам дінінде өте маңызды, жамағатпен бірге оқылатын ғибадат. Пайғамбарымыздың хадистерінде жұма күнінде дұғаалрдың қабыл болатын арнайы бір сәттің бар екендігі айтылады. Мұсылмандар жұма күні Құран оқу, намаз оқу, салауат айту тәрізді ғибадаттар жасауы керек. Мұсылмандар тазаланып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иіс сеуіп мешітке жұма намазына барады. Мұсылмандар жұма намазында жиналып, бір-бірімен қауышады. 

Ислам ілімі Ислам ілімі
         Ислам сенімінің негізі – бір Алла тағалаға ғана құлшылық ету және бір Алладан ған көмек сұрау (таухид).          Ислам – монотеистік таухид
Ислам дінінің қалыптасуы Ислам дінінің қалыптасуы
Ислам әлемінің ғалымдары ислам діні тек бір қауымға, бір ұлтқа ғана тән жаңа дін деп санамайды. Ислам бүкіл адамзатқа берілген ең соңғы, кемел, білім
ИСЛАМДАҒЫ МАЗҺАБ ҰҒЫМЫ ИСЛАМДАҒЫ МАЗҺАБ ҰҒЫМЫ
Мазһабтың сөздік мағынасы араб тілінде «жол, баратын жер» дегенді білдіреді. Ислам терминологиясында мазһаб – белгілі бір бағыт, ілім,
Пікірлер (1)
Пікір білдіру