Жастар порталы
Жеңіл маска түрлері
22.01.2019 190 0 admin

Жеңіл маска түрлері

Бет күтімі

Төмендегі маскалардың бет терісіне еш зияны жоқ. Тек кешкілік 15-20 минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті.

💟 Көк шайдан жасалған лосьон: 1 шай қасық көк шайға, 2 тамшы эфир майын немесе раушан гүлі майын тамызып, жауып қоясыз. Бір тәуліктен кейін стаканмен ыстық су құйып, 40-45 минутқа тұндырасыз. Дайын болған тұнбамен таңертең, кешке бетіңізді сүртіп отырыңыз. Лосьонды 2-3 күнге дейін тоңазытқышта сақтауға болады.

💟 Қырыққабаттан жасайтын маска: негізі қырыққабат жапырақтары калий, магний, С дәруменіне бай.

Құрғақ тері. Салқын суға жуылған қырыққабат жапырағын бетіңізге жапсырып қоюға болады. 15-20 минуттан соң алып тастайсыз.
 
Майлы тері. Қырыққабат жапырақтарын үккіштен өткізіп, оған жұмыртқаның ағын араластырып, бетіңізге жағасыз, 15-20 минуттан соң жылы сумен жуыңыз.

💟 Алма маскасы. Алма құрамында С, В, дәрумендері, аминқышқылдар, флавоноидтар, минералды тұздар, микроэлементтер жетерлік. Олар адам терісіндегі қызыл бөртпелерді жоюға, тері қабатының тұрақтануына септігін тигізеді.
 
💟 Жасартатын маска. Үккіштен өткізілген алманы 1 стакан ыстық сүтпен араластырып, бетіңізге жағып, 20 минут көлемде ұстайсыз.

💟 Ағартатын маска. Үккіштен өткізілген алмаға жұмыртқаның ағын және аз мөлшерде крахмал қосып, бетіңізге жағасыз да, шамамен 20-25 минуттан соң, жуып тастайсыз.

💟 Картоптан маска. Картоп С, В1, В2, РР, К дәрумендеріне бай. Беттегі бөрткеннің ушығуын тоқтатады, теріңізді қалыпқа келтіре отыра, ағартады, әжімдерді жояды.

 Сезімтал теріге арналған лосьон. Таза, құрғақ теріңізді картоп шырынымен сүртсеңіз, әсері мол.

💟 Ағартатын маска. Картопты тазалап, үккіштен өткізіп, бірнеше тамшы өсімдік майын, 1 ас қасық сүт қосып, араластырып, бетіңізге жағасыз да, артынша 15-20 минуттан соң, жуып тастайсыз.

💟 Лимоннан маска. Сезімтал терілерге өте пайдалы. Беттің ағаруына, ажарының кіруіне тигізетін әсері мол. 1 лимонды тоңазытқышта сақтап, 2-3 рет жасауға жеткізуге болады. Жуылған лимонның 1-2 тілім кесіп алып, бетіңізге шырынын жағасыз. 20 минуттан соң, жылы сумен жуасыз.

💟 Құлпынайдан маска. 3 түйір құлпынайды (клубника) езіп, бетіңізге жағасыз. Теріде 10 минут қалдырып, сосын сумен шайып тастайсыз. Құлпынайда С дәрумені бар, ол теріні жақсы тазартады.

Жаңа туылған нәрестенің күтімі Жаңа туылған нәрестенің күтімі
Емшектегі бала  – бір жасқа дейінгі бала. Бұл кезеңде баланың денсаулығының, ақыл-ойы мен организмінің өсу негізі қаланады. Дені сау бала өсіріп, оны
Дастарқан жасау (сервировка) Дастарқан жасау (сервировка)
Егер үстелдің беті түскі ас кезінде дастарқанмен жабылатын болса, оның астына клеенка төсеген дұрыс. Ол үстелді ыстық ас құйылған ыдыстың түбі
Маска Маска
Косметикалық құралдардың құрамындағы заттардың үлесіне қарай маскалар емдік (бұларға дәрілік препараттар енеді) және косметикалық (теріні нәрлендіру,
Жүктілік Жүктілік
Жүкті әйел организмінде әр түрлі функционалдық өзгерістер болады. Әйел бойында жүктіліктің алғашқы белгілері білінісімен – етеккірдің кідіруі, кейде
Дәмді самса Дәмді самса
Самса қамырын үйде қалай дайындаймыз? Қанша градуста пісіру керек? Осы сұрақтардың жауабын біздің мәзірден табасыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру