Жастар порталы
Ас үйді әсемдеу
1 134 0 admin

Ас үйді әсемдеу

Аруларға

Жабдықтар мен жиһаздардың түсін таңдауда бөлменің мақсаты мен табиғи жарығы ғана ескеріліп қоймай, сонымен бірге жарықтың әсері, материалдардың суреті мен фактурасы, қабырғалар бояуының қанықтығы және бұлардың ара-қатынасы да ескерілуі керек. Әйтпесе ас үйде тамақ әзірлеуші тез шаршайды, тіпті көзге зиян болуы да мүмкін. 

Ас үйді әсемдеу кезінде оның ауық-ауық ылғалды шүберекпен сүртіліп тұратынын ескеру қажет. Қабырғаларды сәндеу үшін кәдімгі майлы баяудан басқа поливинилацетатты, су-эмульсиялы тағы басқа сырлар, ылғалға төзімді және гигиеналық қасиеттері жақсы пленкалы түс қағаздар қолданылады. Еденге қойылатын және қабырғаға қағылатын шкафтар аралығындағы қабырғаны мықты, жылы мен суға, түрлі химиялық әсерлерге төзімді материалдармен (глазурленген керамикалық плиталар, сәнді қағаз қабатты пластиктер, ағаш талшықты эмальданған қатты плита) қаптау керек. Биіктігі 2,5-2,7 м ас үйлердің қабырғаларын сырлаған дұрыс немесе едннен төбеге дейін түс қағаз жапсырып тастаса да болады. Ол үшін тамақ ішетін үстелдің тұсына ылғалға төзімді түс қағаз жапсырылады да, қабырғаның қалған бөлегі түсі жағынан үйлесетіндей етіп сырланады. 

Ас үйдің еденіне тазалап тұруға ыңғайлы, аяқ таймайтын және дыбысты бәсеңдетуге септігі бар материалдар төсеуге болады. Көлемі шағын ас үйлерге суретті материалдарды көп қолдануға болмайтынын әрқашан есте ұстау керек. Бір түсті жабдықталған ас үй еденіне ұсақ суретті материалдарды көп қолдануға болмайтынын әрқашан есте ұстау керек. Бір түсті жабдықталған ас үй еденіне ұсақ суретті материал (теңбіл түсті линолеум, плиткалар) төсеуге, ал қабырғаларына ірі суретті, анық көрінетін материал қаптауға болады. Егер еденге екі түсті плитка немесе оның бейтарап, яғни ұқсас болуға тиіс немесе оның бейтарап, яғни табиғи ағаш түсті пленка болғаны дұрыс.

Ас үйдің қандай түске сырланып, боялуы, оның орналасу бағытына байланысты болуға тиіс. Егер ас үй солтүстікке, солтүстік-шығысқа не солтүстік-батысқа қараған болса, бөлменің түсі жылы гаммалы, піл сүйегі, ашық лимон түстес, ал оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа, оңтүстік-батысқа қараса, салқын гаммалы (ашық сұр, ашық көк) болғаны дұрыс. 

Еденнің түсі қабырға түсіне қарағанда анағұрлым қанық, жалтырау коэфиценті мол (40-50 %) болуға тиіс. Қабырға және төбеге ашық түс қолдану ас үйді кеңейтіп көрсетуге, сондай-ақ бөлмеге жарықтың жақсы түсуіне мүмкіндік береді.

Ас үй мебелі – тұрақты және жылжымалы болып бөлінеді. Жылжымалы мебель құрамына тамақ ішетін үстел, орындықтар, қосымша шағын шкафтар қосылады.

Ас үйдің тұрақты мебелі еденге қойылатын, ыдыс жуатын, қабырғаға ілінетін шкафтардан тұрады. Тұрақты мебель жиынтығына сондай-ақ, плита, ыдыс жуғыш, тоңазытқыш, ауа тазартқыш, электр шамы, сағат, таймер т.б. енеді.

Еденге қойылатын шкафтар қолданылуына және құрылысына қарай шкаф-үстел, ыдыс жуатын шкаф, тоңазытқыш астына қойылатын шкаф, шаруашылық шкаф-колонкасы, т.б. шкафтар деп бөлінеді. Қабырғаға ілінетін шкафтарға ыдыс-аяқ және азық-түлік шкафы, ыдыс кептіретін және сирек пайдаланатын заттар сақталатын шкафтар жатады.

Ас үй жабдықтары мен мебель жұмыс түрі ғана емес, сонымен бірге әйелдің бойына да сәйкес келуі тиіс. Орта бойлы әйелдер үшін жұмыс істейтін тақтаның биіктігі 85 см, ені 60 см болғаны қолайлы. Қабырғаға ілінетін шкафтардың ені 30 см-ден аспауы керек. Жұмыс істеу орны мен қабырғаға ілінетін кез келген элементтің (шкаф, электр шамы) төменгі жағының арасындағы қашықтық см-ден кем болмауы тиіс. Қабырғаға ілінетін шкафтардың төменгі үстіңгі сөресін еденнен 190 см-ден биік ілуге болмайды. Ас үй жабдықтарының еі дұрыс биіктігі 210 см, одан биікке сирек қолданылатын заттар сақталынатын шкафтарды ғана орналастыру керек. Еденге қойылатын биіктігі 58 см шкаф-үстелдер азық-түліктер өңдеуге, салқын тағамдар әзірлеуге, шкаф-үстелдердің төменгі бөлімдері үлкен ыдыстарды, ас үй машиналары мен аппараттарын, асханалық аспаптар мен сулықтар сақтауға арналған. Шкаф-үстелдер, жылжымалы пластмасса жәшіктерімен, бөлгіш тақтайлармен, алмалы-салмалы сөрелермен, бұрышқа қойылатын шкаф-үстелдер айналмалы сөрелермен жабдықталған. Отырып жұмыс істеу үшін шкаф-үстелдердің еденнен биіктігі 65 см суырмалы тақтайы болады.

Ыдыс жуғыш та сыртынан шкафпен қапталады, мұндай шкафтың төменгі бөлігіне, есігінің ішкі жағынан қалдықтарға арналған қақпағы автоматты түрде ашылып-жабылатын контейнер орнатуға болады. Шкафтың бүйір қабырғаларына ыдыс тазалауға және ыдыс жууға арналған заттар қойылатын сымнан жасалынған ілгіштер бекітіледі. Биіктігі 210 немесе 240 см шкаф-колонка консервіленген және бөлме температурасында сақталынатын құрғақ азық-түлік және ас үй машиналары мен аппараттарын сақтауға арналған. Бұл шкафтың үстіңгі бөлігі алмалы-салмалы сөрелермен, астыңғы бөлігі жылжымалы тор жәшіктермен жабдықталған. Тоңазытқыш астына қойылатын шкаф көкөністер мен жеміс-жидектер сақтауға арналған, оның да жылжымалы тор жәшіктері болады.

Еденге қойылатын шкафтар мықты да төзімді болуы керек және жылжытуға ыңғайлы болуы үшін артқы аяқтарына дөңгелек орнатылады.

Қабырғаға ілінетін шкафтар құрғақ азық-түлік салынатын ыдыстар мен дәмдеуіш қоспалар сақталанатын алмалы-салмалы сөрелермен жабдықталған. Ыдыс жуғыштың үстіне ілінетін қабырға шкафы ыдыс кептіруге арналған. Оның да сөрелері, пластикаланған сымнан жасалынған тұғырлары, табақша қойылатын ұялары бар.

Ас үй мебелінің құрамына ыдыс жуғыш, ауа тазартқыш, белгілі бір жұмыс орнына жарық беруге арналған, қабырғаға орнатылатын электр шамы, қалдықтар салынатын контейнер енгізіледі. Ауа тазартқыш көбінесе қабырғаға ілінетін шкафпен бірге құрастырылады да, газ немесе электр плиткасының үстіне бекітіледі. 

Ас үй мебелін әсемдеуге полимерлі әсемдеу материалдары – өрнекті қағаз қабатты пластик, текстуралы пленкалар, эмальдар мен лактар кең қолданылады.

Еденге қойылатын шкаф-үстелдің жұмыс істеуге арналған беті, алдыңғы жағы, олардың үстіңгі беті мен аяқтарын бекіткен кергіш жиектері өрнекті қағаз қабатты пластиктермен қапталады. Алдыңғы жақтарының, сондай-ақ текстуралы пленкалармен – түрлі-түсті суретті немесе нақты ағаш сияқты материалдармен де қапталатыны бар. 

Ас үйді жабдықтау Ас үйді жабдықтау
Қазіргі пәтерлердің ас үйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлерін атқаруға пайдаланылады. Негізінен  ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу, киім
Жүктілікті жоспарлау Жүктілікті жоспарлау
Ж үктілікті жоспарлау –  ана мен бала денсаулығының кепілі. Дайындықты ағзаны витаминдермен қуаттандырудан баста у керек.   Әлбетте, ең дұрысы
Маска Маска
Косметикалық құралдардың құрамындағы заттардың үлесіне қарай маскалар емдік (бұларға дәрілік препараттар енеді) және косметикалық (теріні нәрлендіру,
Жүктілік Жүктілік
Жүкті әйел организмінде әр түрлі функционалдық өзгерістер болады. Әйел бойында жүктіліктің алғашқы белгілері білінісімен – етеккірдің кідіруі, кейде
Дәмді самса Дәмді самса
Самса қамырын үйде қалай дайындаймыз? Қанша градуста пісіру керек? Осы сұрақтардың жауабын біздің мәзірден табасыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×