Жастар порталы
Бетті ағартудың жолдары
29.03.2019 115 0 admin

Бетті ағартудың жолдары

Бет күтімі

Көп қыздың бетіне қара, қоңыр дақтар шығып кетеді. Оны қалай кетіру керек екенін және бетті ағартудың бірнеше жолын айтамыз. 

Әдетте дақтар күн сәулесінің әсерінен шығады немесе тұқым қуалап беріледі. Асқазан ауырса да шығуы мүмкін. Секпіл, дақтарды кетіру үшін әртүрлі косметикалық құралдар бар. Дегенмен олардың көбі әрі қымбат, әрі пайдасыз. Сол себепті алдымен өзіңіз маска жасап, кетіруге тырысып көріңіз. 

Ақжелкен маскасы 

Ақжелкен шөбін үгітіп, таза бетке жағыңыз. Жарты сағаттан кейін жуып, ылғалдандырушы иісмай жағып қойыңыз. Ақжелкен теріні ағартып, жұмсақ етеді. 

Ақжелкен мен кілегей маскасы 

Бұл маска құрғақ теріге арналған. Үгітілген ақжелкенді кілегей немесе қаймақпен араластырыңыз. Бетке жағып, жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. 

Лимон қабығының маскасы 

Лимон қабығын жарты сағат суға салып, қайнатыңыз. От бәсең болуы керек. Уақыт өткеннен кейін тұндырып қойыңыз. Бұл қоспа – табиғи тоник. Онымен күніне үш рет бетіңізді сүртіп тұрыңыз. 

Лимон мен крахмал маскасы 

Жарты ас қасық картоп крахмалын лимон шырынымен араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Егер бетіңіз қызып бара жатса, бірден жуып тастауыңызға болады.

Табиғи сұлулық — табиғи өнімдерден Табиғи сұлулық — табиғи өнімдерден
Табиғатпен етене байланыста болуды сән мамандары да, денсаулық сақтау мамандары да қайталайды. Қолданысымыздағы жасанды емес, табиғи өнімдер
Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары
Өзіңіз білетіндей, жұмыртқаның ақ бөлігінің көбі су, қалған он пайызы ақуыздан тұрады. Ал сары уызды ағзаға еш зияны жоқ қаныққан май құрайды. Жалпы
Бетке арналған маскалар Бетке арналған маскалар
Бет күтімі нәзік жандылары толғандыратыны рас. Қара нүктелер, пигментті дақтарды кетіріп, бетіңіз сәбидің терісіндей жұмсақ болу үшін сіздерге
Жеңіл маска түрлері Жеңіл маска түрлері
Төмендегі маскалардың бет терісіне еш зияны жоқ. Тек кешкілік 15-20 минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті. 💟   Көк шайдан жасалған лосьон:   1 шай
Маска Маска
Косметикалық құралдардың құрамындағы заттардың үлесіне қарай маскалар емдік (бұларға дәрілік препараттар енеді) және косметикалық (теріні нәрлендіру,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру