Жастар порталы
Бетке арналған маскалар
22.01.2019 187 0 admin

Бетке арналған маскалар

Бет күтімі

Бет күтімі нәзік жандылары толғандыратыны рас. Қара нүктелер, пигментті дақтарды кетіріп, бетіңіз сәбидің терісіндей жұмсақ болу үшін сіздерге мынадай кеңес береміз.


1. Сұлы жармасынан әзірлеген маска

3-4 ас қасық сұлы жармасына ыстық сүт құйыңыз. Дайындалған қоспаны бетіңізге жағыңыз. 15-20 минут ұстап, жылы сумен бетіңізді шайыңыз. Бұл масканың құрғақ, қатайып, күстеніп кеткен терілерге әсері мол.


2. Айраннан дайындалған маска

Емдеу шарасы 100-200 мл майлы айранды (ұйыған сүт немесе қаймақ) қажет етеді. Өзіңіз таңдап алған қышқыл сүт өнімін бетіңізге жағып қойыңыз, 15-20 минуттай тұрсын. Кейін бетіңізді жылы сумен шайыңыз.


Ескерту: Егер бетіңізге қаймақ немесе кілегей жағатын болсаңыз, 1 рет қабаттап, қалың қылып жаққаныңыз жөн. Бетіңізде 10-15 минут уақыт ұстаңыз.


3. Ірімшіктен дайындалған маска

2 ас қасық ірімшікті, 2 ас қасық сәбіз шырынын, 2 ас қасық зәйтүн майын, 2 ас қасық сүтті (маска құрамындағы заттардың мөлшері бірдей болуы керек, керек жағдайда мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға болады) қосып, жақсылап араластыру керек. Бетке Қалың қылып қаббатап жаққан дұрыс. 15 минут ұстап, кейін бетіңізді жылы сумен шайыңыз.


4. Балдан әзірленген маска

2 ас қасық балға 1 ас қасық сұлы жармасын қосыңыз. Оған 2 шай қасық сүтті қосып араластырыңыз. Қосындыны бетіңізге жағып 15-20 минут ұстаңыз. Кейін жылы сумен бетіңізді жуыңыз.

Назар аударыңыз: егер балға аллергия болса, масканы қолданбаған жөн.


5. Банан маскасы

Бір бананды алып, оны езіп, оған 1 шай қасық кремді, 1 шай қасық зәйтүн майын, жарты қасық лимон шырынын қоса отырып, мұқият араластыру керек. Бетке жағып, 15-20 минут уақыт ұстап, жылы сумен шайыңыз.

Жеңіл маска түрлері Жеңіл маска түрлері
Төмендегі маскалардың бет терісіне еш зияны жоқ. Тек кешкілік 15-20 минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті. 💟   Көк шайдан жасалған лосьон:   1 шай
Жаңа туылған нәрестенің күтімі Жаңа туылған нәрестенің күтімі
Емшектегі бала  – бір жасқа дейінгі бала. Бұл кезеңде баланың денсаулығының, ақыл-ойы мен организмінің өсу негізі қаланады. Дені сау бала өсіріп, оны
Дастарқан жасау (сервировка) Дастарқан жасау (сервировка)
Егер үстелдің беті түскі ас кезінде дастарқанмен жабылатын болса, оның астына клеенка төсеген дұрыс. Ол үстелді ыстық ас құйылған ыдыстың түбі
Жүктілікті жоспарлау Жүктілікті жоспарлау
Ж үктілікті жоспарлау –  ана мен бала денсаулығының кепілі. Дайындықты ағзаны витаминдермен қуаттандырудан баста у керек.   Әлбетте, ең дұрысы
Маска Маска
Косметикалық құралдардың құрамындағы заттардың үлесіне қарай маскалар емдік (бұларға дәрілік препараттар енеді) және косметикалық (теріні нәрлендіру,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру