Жастар порталы
Философиялық антропология
167 0 aiko

Философиялық антропология

Философия

Адам денесін, оның миы мен ойлау қабілетін, жақсы көруі мен жек көруін, яғни жалпы адамның қасиеттерін зерттейтін ғылым салалары жетерлік. Бірақ адам осы ғылымдар негзінде жалпы бейнесін жоғалтады. Тек барлық ғылымның атасы философия ғана адамның өмірдегі рөлі мен орнын, мінездемесін зерттеп, табиғи жағдайлардың әсерінен адамның өзгеруін, антропологиялық дағдарыстарға жауап бере алады.

Философиялық антропология философияның бір бөлімі ретінде антикалық дәуірден бастау алады, бірақ жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. бөлініп шықты. Объективті жағдайларға байланысты қалыптасқан. Антикалық дәуірде «адам» түсінігінің философиялық мәні болмады: бірлікте өмір сүру мен макро, микрокосм мәселелері, адам мен полис мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Осылайша, антикалық философтар адамды ғарыш пен микрокосмның бейнесі деп таныды. Адамзат пен табиғат туралы білімдер ғана жан-жақты зерттеліп, жарияланып отырды. Сократтың «Антропологиялық төңкерісінен» кейін философияда ғарыштағы және қоғамдағы адамның рөлі, бақыт пен өмірдің мәні, барлық жаратылыстың бағасы туралы сұрақтар туа бастады. Платонизм адам танымының алдыға жылжуына үлкен қадам жасайды. Ол адам жанының денесімен байланысын айтады. Жан көрінбейтін идея әлеміне тән. Адам жекеліктен тыс жанның тасымалдаушысы болып табылады. Жан тәнге тиесілі. Сонымен, адам табиғаты екіжақты, ол бір-біріне қарама-қарсы бөліктер – жан мен тәннен тұрады.

Адам ақыл емес, жүрек ұстанымымен бағаланады. Адамның ішкі әлемін құрайтын ақыл, жүрек және ерік – ұлы үштіктің пайда болуы үшін барлығы дайын. Бірақ, негізінен ішкі християндықта қаншалықты тән мен жанның арасын емес, «адам тәні» және «рухани адам» арасын ажыратып алу.

Ренессанс философиясы адамды автономдық тіршілік иесі ретінде, тірі тұтастық ретінде қарастырады. Тән мен жанның бірігуі – бұл адамның басқа тіршілік иелерінен басымдылығы болып табылады. Адам сан қырлы эстетикалық қадір-қасиеттерімен сипатталатын сезгіш тән.

Жаңа кезеңде Декарт ойлауды адамның тіршілік етудің жалғыз сенімді растаушы айғақ ретінде қарастырады. Адамның өзгешелігі ақылда, ойлауда анықталады. Ақыл жүректен маңызды, ол құмарлықтардан үстем. Адам – бұл ақылды тіршілік иесі. Тән мен жан арасында ешқандай ортақ нәрсе жоқ. Тән жуылады, жан ойлайды. Жанның айқын мазмұны – бұл ес.

Кант үшін табиғат, адам да екі жақты. Ол табиғи қажеттілік үстемдік ететін табиғат әлеміне, сондай-ақ бостандық әлеміне жатады. Адамның ерекшелігі оның тәртібінің өнегелілік еркіндігімен анықталады.

Марксизм – адамның тұрмыс-тіршілігінің бірегейлігін пәндік-практикалық іс-әрекеті ұстанымы негізінде қарастырады. Адам – тарихи іс-әрекеттің, танымның және қарым-қатынастың субъектісін белгілеу үшін шегінен тысқары ортақ ұғым. «Адам» ұғымы жалпы барлық адамдарға тән қаситтері мен қабілеттіліктерін сипаттау үшін қолданылады. Марксистік философия ерекше тарихи дамыған қауымдастық, яғни өзге құбылыстардан өзгешеленетін, тіршілік қарекетінің әлеуметтік тәсілі ғана оған тән, соның арқасында ол барлық тарихи даму кезеңдерінде өзіне-өзі ұқсас – осындай ерекше тарихи дамушы қауымдастық, яғни адами түр ретінде көрсетуге ұмтылады.

Сонымен бірге, марксизм адамның тіршілігінің алдын ала табиғи келісілгендігін мойындайды. Оның табиғаты дүниеге келумен, өмірдің ұзақтығымен, жынысы, тұқым қуалаушылықпен себептеседі. Адамзат биологиялық түр ретінде тұрақты вариациялары бар, солардың ішіндегі ең ірісі – нәсілдер. Нәсіл – бұл арнайы анатомиялық және физиологиялық белгілерімен айқындалатын, тіршілік ету ортасының нақты жағдайларына бейімделген белгілі бір генотиптің жиынтығы.

Алғаш рет кең көлемде адам және антропологиялық дағдарыс мәселелері адамның табиғатын, толық жетілген адамның мақсат-мұратын, индивидтің қалыптасуына әлеуметтік ортаның және т.б. әсер етуін қарастырған Ницшенің шығармашылығында айтылады. Қазіргі еуропалық тарихтың субъектісі – бұл өзінің құндылық бағдарларын жоғалтқан «мұңды шизо». Бұл – әуелгі «дағдарыс» адам, сол себепті философиялық тұрғыдан антропологиялық мәселелерді ұғыну құндылығы арта түседі.

Фуконың айтқанын толықтай мойындау керек, «адам» тарихи философиялық ұғымда шынайы үлгі ретінде түсіндіріледі және осы көзқарас бойынша ол философия үшін небәрі екі-үш ғасыр ғана тіршілік етеді.

Философиялық антропология кең мағынада айтсақ – табиғат және адамның тіршілігі туралы философиялық ілім. Қазіргі уақытта әр түрлі пәндердің қатары бар, соның ішінде термин атаулары «антропология» («физикалық антропология», «медициналық антропология», «мәдени антропология», «Анналдар мектебінің тарихи антропологиясы», «саяси антропология», «педагогикалық антропология», «психологиялық антропология». Барлық бұл сан қырлы және әртүрлі бағыттағы адам мәселелерін философиялық тұрғыдан ұғынуды, мән-мағынасын түсінуді мұқтаждық етеді.

Философиялық антропология ХХ ғасырдың ортасында адамды ақыл-ойы жетілген (марксизм) әлеуметтік табиғи тіршілік иесі ретінде ғана емес, сондай-ақ оның тіршілік етуі ғарыштық факторларға (космизм) байланысты екенін белгілеп көрсететін бірнеше концепцияларды қамтиды. Адам, сондай-ақ персонализм, феноменология, өмір философиясы, неотомизм, психоанализ және экзистенциализм ұстанымынан қарастырылады.

Философиялық антропология тар мағынада адам мәселелерін жан-жақты қарастырылуына арналған философиялық білім бөлімі болып табылады. Одан басқа, «философиялық антропология» ұғымы негізінен нақты философиялық мектепке бекітілген. Аталған мектептің негізгі өкілдері неміс философтары М.Шеллер, А.Гелен, Г. Плеснер және т.б. Бұл неміс философтары адамның философиялық таным бағдарламасын жасады. Олар адам тіршілігінің әр түрлі салаларын тұтас философиялық тұрғыдан түсіну, мағынасын ұғынумен онтологиялық, жаратылыс ғылыми және гуманитарлық оқуды біріктіруді ұсынды. Олардың пікірінше, «философиялық антропология – бұл адамның тіршілік құрылымы мен тіршілік мәні туралы базистік ғылым». Олар адамның тіршілік маңызын нақты қалай қарастырады? Аталған сұрақтың шешімінде олардың көзқарастары келіспейді.

«Адамның ғарыштағы жағдайы» атты еңбегінде – неміс философы және әлеуметтанушы, философиялық антропологияның негізін қалаушылардың бірі М.Шеллер былай көрсетеді – адами табиғаттың екі негізгі бастамасы болады: бұл өмірлік бастама және «өмірлік құлшыныс»- Құдайдан берілетін рух. Адам белгілі бір «макрокосмо-әлем шегінен тысқары» қатынаста болатын тұтастық-микрокосмо болып табылады. Өмірлік құлшыныс қарқын бойынша адам – жануар, тірі тіршілік иесі, бірақ сондай-ақ ақылды, Құдай берген рухы бар тіршілік иесі. Олар адамның ғарыштағы хал-ахуалы, оның психикалық бастамасы (сезім құлшынысы, ырықсыз сезім, ассоциативтік ес, тәжірибелік интеллект) және рухтың (өмірлік құлшыныс) қалыптасуымен және эволюциясымен анықталады деп белгілейді.

Шеллер «адам тұлға ретінде әлемге ашық», жануарларға қарағанда, әлемге әрқашанда «иә» деп айтатын, ол «жоқ» деп сөйлеуге қабілетті, ол – «өмір сапасы», «мәңгі протестант», «мәңгі Фауст» деп көрсетеді. Адам жанды тәнде оқшауланған, бірақ «өмірлік тыс рух, құндылық әлемінде онымен шегеріледі» деп жобаланады.

Сонымен, адам бастапқыдан екі жақты, ол әрқашанда «әлемде» және «әлемнен тыс». Осы (яғни екі жақтылығы) оның құпиясы болып табылады. Адамның ғарыштағы хал-ахуалы, сол арқылы екі жақты табиғатқа ие әлемдік рухты таниды, сезінеді және өзін жүзеге асырады. Бұл байланыс макро және микрокосмоның бүтін және бөлшегімен арақатынаста үйлесімді. Екі бөлікте бірі біреуін болжайды және бір-біріне деген мұқтаж.

Құдайдан берілетін рух, адамды тұлға ретінде жобалайды, оны әлемге, құндылық жүйесіне (қанағат, өмір, рух және дін құндылығына) айқындайды. Шеллер бойынша көптеген адамдар қанағаттық құндылықты ең негізгі құндылық деп есептесе, кейбіреулер өмір және рухтық құндылықтарды көрсетеді, тек жалғыз қасиеттілер ғана дін құндылығында өмір сүреді. Рух игілігі бар мәдениет айқындалатын сөздердің нәтижесінде мақсатқа жетеді. Сөз сондай-ақ бір символ ретінде болып табылады, ол арқылы адам Құдайды тани алады, дүниедегі барлық құпия сырларды біле алады. Сондықтан философиялық антропология Шеллердің пікірінше философияның бөлімі емес, керісінше оның ішінен барлық философия шығуы керек.

Шеллердің идеялары Хельмут Плеснердің (1892-1985) «Органикалық және адам сатылары. Философиялық антропологияға кіріспе» атты еңбегінде дамыған – адамды рухани шығармашылық пен адамгершілік жауапкершіліктің субъектісі ретінде ғана емес, сондай-ақ биологиялық жағынан қарастырады. Оның пікірі бойынша адам биологиялық жағынан «жеткіліксіз» тіршілік иесі және өзінің тірі қалудың тәсілдерін шешуге амалсыздан мәжбүр.

Өзінің жеткіліксіздігін жеңіп шығу үшін адам өзінің өмірлік әрекетін қамтамасыз ету мақсатында табиғатты ұғыну үшін әс-әрекет ететін тіршілік иесі болуы керек. Плеснердің «ауыртпалықтан босату ұстанымының» мағынасы адам тіршілік етуін өзіндік жағдайға айналдырады, «оның өмірқабілеттілігі үшін шамадан тыс ауыртпалық болып табылады. Жаратылыс, жануарлар жағдайында адами құрылымдардың жиынтық кемшіліктерінде негізделеді. Оның нәтижесі ретінде адамның мәдени тіршілік иесі ретінде қалыптасуында болып табылады. Басқаша айтқанда, мәдениет, рухани бастама адамның тіршілік мәнін айқындайды.

Плеснердің айтуына сәйкес, «адамның даму сатылары» үш заңға негізделеді:

– табиғи жасандылық заңы (оның іс-әрекетінің квазитабиғи нәтижелерімен орнын қалпына келтіреді);

- утопиялық орын заңдары (абсолюттілікті теріске шығара отырып, адам әлемде «өзін сақтап қалу үшін» үнемі оған амалсыздан мәжбүр).

Бұл заңдар адамның арнайы, экцентристік табиғатын анықтайды. Яғни сана жалпы өзінің және әлемнің «негізсіздігі» адамды Құдайға, сенімге итермелейді. Дін адамды тағдырымен табыстырады, оның өмірдегі орнын және өлімін ретке келтіреді. Алайда рух болашаққа қарай ұмтылуды мәжбүрлейді.

Арнольд Гелен философиялық антропологияның міндетін «адами тіршіліктің ұстанымдық тұрғыдан мәнін ұғыну» деп көрсетеді. Мұндай тұрғыдан ұғыну, оның көзқарасы бойынша сұраққа жауап талап етеді «адами тіршілік мүмкіншіліктерінің жағдайлары қалай, және жалпы тіршілікте адамның орнын белгілеп көрсету. Оның «Адам. Оның табиғаты және әлемдегі оның жағдайы» атты кітабы осы сұрақтың жауабына арналған.

Ол адамды «жарымжан» тіршілік иесі деп атайды, өйткені ол ырықсыз сезімге нашар бейімделген және таза табиғи тіршілік ете алмайды. Адам Гелен бойынша әлемнен өзінің тіршілік ету жағдайларын қайтарып алу керек. Жануарға қарағанда адам мәдени ортада өмір сүреді, ол оған «күтпеген жерден қапылыс жазығы» болып табылады. Мәдениет жасанды өңделген, адамға бейімделген әлем ретінде адамның табиғи жетіспеушіліктерін қалпына келтіреді.

Адам өмір сүру үшін Гелен бойынша әр түрлі әлеуметтік институттар, ұйымдар, тәртіп ережелері мен үлгілерін жасау керек, әрекет ету қажет. Мәдениет (мемлекеттік және басқа әлеуметтік институттар) адамның басқа адамдарға өшпенділіктерін жою керек. Тарих, қоғам, әлеуметтік институттар және қағидалар адамның биологиялық кемшіліктерін түзейтін, орнын толтыратын және оның виталдық талпыныстарын үйлесімді жүзеге асыратын қалып ретінде ұсынылады.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Таным әдісін іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм және идеализм Таным әдісін іздеу: эмпиризм және рационализм,
Жаңа уақыт (XVI-XVIII ғғ.) – бұл кезең капиталистік өндіріс әдісінің қалыптасуының, сауданың, ғылыми уақыт және буржуазялық революцияның дамуы. Саяси
Қазіргі кезеңдегі философиямен шұғылдану және талдаудың қазіргі ерекшеліктері Қазіргі кезеңдегі философиямен шұғылдану және
Дүние мен адам жүйесі  – философияның негізгі құралдары ретінде танылып, үнемі дамып, жаңарып, олардың мәні қиындап барады. Осымен байланысты
Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі Философиялық бағыттар мен жүйелердің
Философия тарихы үшін негізгі мәселе оның кезеңденуі болып табылады. Анағұрлым бұл мәселеге жақын Г.В.Ф. Гегельдің «дәуірдің рухани квитэссенциясы»
Философияның туындауы және пәндік, өзіндік анықтамасы Философияның туындауы және пәндік, өзіндік
Философия б.д.д. VII-V ғасырда Үнді, Қытай, Грецияда қоғам дамып, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі басталған шақта пайда болған. Осы кезеңнен
Философиялық антропологияның мәні мен мақсаты туралы Философиялық антропологияның мәні мен мақсаты
Философиялық антропологияның философиялық сөздіктерде берілген анықтамасына жүгінсек, көптеген анықтамаларды саралай келіп, оның мазмұнын біршама
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
×