Жастар порталы
Биологиялық және психологиялық тұғырнамалар
25.06.2019 56 0 admin

Биологиялық және психологиялық тұғырнамалар

Дінтану

Биологиялық тұғырнамалар діннің негізін адамның биологиялық немесе биопсихологиялық процестерінен іздейді. Бұл көзқарас тұрғысынан алғанда, діннің негізін діни түйсік (инстинкт)', “жеке адамды немесе топты сақтау түйсігіне жанасатын” және “өмір үшін күресте қару” ретінде жүретін діни сезім; “діншілдік гені” құрайды. Дін - бұл '‘организмнің психофизиологиялық қызметі”; ол “өмірдің кез келген жағдайларына организмнің ерекше жауап қата білу үрдісінің шарықтау шегі”; “терең құмарлык сезімдерді” оятатын “сексуалдылық секілді адам табиғатының бір бөлігі” жөне т.с.с.

Психологиялық түсіндірмелер діннің жеке-даралық немесе топтық психикадан туындайтынын анықтайды. Діннің негізін эмоциялық саладан іздеу кең танымал. Эмоциялық “клетка” ретінде ең әр түрлі сезімдер - тәуелділік және қорқыныш, құрметтеу және қастерлеу, махаббат, шексіздікті бастан өткізу, ұят, өнегелілік сезімдер, асқақтылық сезімдер және т.б. алынды. Дінді интеллектуалдық немесе ерік саласынан алатын теориялар да болды.

Дінтануда таза биологиялык түсіндірмелерді көпшілік мойындамайтынын айта кеткеніміз жөн. Психологиялық талдау барысында, психика табиғатын түсінуге сәйкес, көбінесе биологиялык факторларға әсіреленген мағына беріледі.

Дін психологиясының негізін қалағандардың бірі - американ философ-прагматисті У. Джеймс (1842-1910) психологиядағы организм белсенділігінің формасы ретіндегі, ортаға бейімделу әдісі ретіндегі психиканың моторлық биологиялык тұғырнамасы негізіндегі функционалдық бағыт идеяларын дамытты. Ол дінді жеке адам психикасына сүйене отырып түсіндірді: “Дін деп жеке тұлғаның сезімдерін, әрекеті мен тәжірибесін айтуға уәделесіп алайық, себебі солардың мазмұны арқылы дінде құдай деп саналатын болмысқа деген қатынас айқындалады” (36). Дін жеке адамның психикасының эмоциялық саласында негізделеді. У. Джеймс былай деп жазған: “...сезім - діннің ең терең дереккөзі, ал философиялық және діни ілімдік құрылымдар төлтуманың басқа тілдегі аудармасы сияқты қосымша қондырғы болып табылады” (37). У.Джеймс діни тәжірибе ұғымын жасады, бұл ұғымды ол мистикалык елестеулер, экстаздық күйлер, экзальтациялық аңдаулар, галлюцинациялар және т.б. сияқты әр түрлі формалардағы субъективтік діни феномендер ретінде түсінді. Ол діни сезімді талдауға ерекше назар аударды және психологиялық тұрғыдан қарағанда, оның (сезімнің) ерекше табиғаты бар элементтен тұрмауы мүмкін екенін мойындайды: діни махаббат - бұл діни объектіге бағытталған барлық адамға ортақ махаббат сезімі ғана; діни корқыныш - бұл адам жүрегінің, әдеттегі дірілі, бірақ жүректің бүл дірілі құдайылық жаза идеясымен байланысты және т.с.с. (38).

Ұжымдық психология негізінде дінді түсініктемелеген француз философ-позитивисті, социолог және психолог Л. Леви-Брюль (1857-1939) болды. Ол қоғамның әр түрлі әлеумегтік-тарихи типтеріне ойлаудың әр түрлі формалары сәйкес келеді деді және алғашқы қауымдық ойлау мен өркениеттік қоғамдар ойлауын ажыратып қарастырды. Алғашқы қауымдық ойлаудың өзіндік тегі сәйкес «ұжымдық түсініктердің» сипатын анықтайды. Алғашқы қауымдық ойлау мистикалық болып табылады. Алғашқы адам әрбір берілген сәтте объектіні елестете және оны шынайы деп санап қана қоймай, сондай-ақ объектіден шығатын немесе өзіне әсер ететін қандай да бір әрекетті сезінетіндіктен, бірдемеге үміт артады немесе бірдемеден қорқады. Бұл әрекет (әсер, күш, жасырын құдірет) ақиқаттылық деп мойындалады және зат туралы түсініктің элементтерінің бірін құрайды. Бірақ алғашкы қауымдық ойлау мистикалық қана емес, сонымен қатар қайшылыктарға сезімтал емес, тәжірибе үшін жасырын, алогикалық болып табылады. Ол логикалық қатынастарды (қосу мен шығарып тастау) анықтаудың орнына партиципация (араласушылық) заңына тәуелді. Ол «антилогикалық» та, «алогикалық» та емес, бірақ кайшылықтарға бәрі бір деп қарайды және олардан қашқақтамайды да, «логикалық тәртіпке ден қоймайды». Партиципация дегеніміз ойлаудың әр жерден жұқтыру, қорлау, иелену арқылы алыс жерін тасымалдау, жанасу, тапсыру жолымен қасиеттерді берудің әр түрлі формаларын көретіндігі. Араласушылық басқа қырынан көрінеді. Пралогикалық ойлаумен іске асырылатын интимдік араласушылық бір-бірімен бірге араласатын жаратылыстардың арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз етеді. “Бірге араласушылық, ортақтықтың мәні, - деп жазады Л. Леви-Брюль, - қайшылық ұстанымына қарамастан, ондағы кез келген екі жақтылықтың өшірілуінде, тегістелуінде, субъект бір мезгілде бір жағынан өзі, екінші жағынан өзі араласатын жаратылыс та болып табылады” /40/.

Пралогикалық және логикалық, иррационалдық жоне рационалдық, қайшылық заңы және партиципация заңы қатар өмір сүреді. Бірақ алғашқы қауымдық қоғамда пралогикалық басым болса, кейініректе логикалық ойлаудың секторы кеңейе түседі. Дегенмен “...біздің ой әрекетіміз бір уақытта рационалды да, иррационалды да: пралогикалық және мистикалық элементтер логикалықпен қатар өмір сүреді” (41).

Салт-дәстүр мен тілмен бірге ұжымдық түсініктерге Л. Леви-Брюль нанымдарды да жатқызды. Ұжымдық түсініктер төмендегі қасиеттеріне байланысты діни институттарға (және тек соларға ғана емес) “негіз” бола алады: олар императивті бұйрықтық сипатта болады, ұрпақтан ұрпаққа беріледі, жеке тұлғаларға жабыстырылып, олардың бойында өз объектілеріне деген құрметтеу, қорқыныш, табыну сезімдерін оятады, өз болмысында жеке тұлғаға тәуелді емес; олар интеллектуалды өңдеудің өнімі емес, оларда образ сезімдерден бөлінбеген, эмоциялық-моторлық элементтермен тұтасқан.

Өркениеттік қоғамдарда ойлау сенім объектісін рационалды логикалық тұрғыдан талдауға қабілетті, бірақ объект ұжымдық түсінікте де беріледі: қазіргі замандық жалбарынуларда экстаз жағдайында объект пен субъектінің қосылып кетуі орын алады. Л. Леви-Брюль: “Мысалы, бір ғана объект, Құдайды қарастырғанның өзі жеткілікті, логикалық ойлау оны қалай қарастырып, қалай зерттейді жөне ол басқа құрылыстың ұжымдық түсінігінде қалай берілген. Құдайды түсінуге деген рационалдық талпыныс бір уақытта пайымдаушы субъектіні Құдаймен біріктіреді де және одан бөледі де. Логикалық тәртіпке бағынудың қажеттілігі адам мен қайшылықсыз көрсетіле алмайтын Құдай арасындағы партиципацияларға өзін қарсы қояды. Осылайша, Құдайды тану жоқка шығарылады. Ал сол шақта өзін өзінің Құдайымен қосылғандай сезінетін діндардың рационалды танымға мұқтаждығы неден болады? Өзінің болмысының құдайылық болмысқа қатысты екенін сезіну әрқашан жадау, суық және өзіндігі жоқ логикалық растылыққа қарағанда, сондай бір нық сенімділікгі бермейтін болғаны ма? — деген мысал келтіреді (42). Л. Леви-Брюль келесі болжамын жасайды: логикалық ойлау ешқашан пралогикалық ойлаудың әмбебап мұрагері бола алмас еді; адамдардың өздерінің басынан өткізетін және сезінетін бір-біріне деген өзара қатыстылығын білдіретін ұжымдық түсініктер сақталып қала береді және онда логикалық қайшылықты да, физикалық мүмкін еместікті де ашып көрсету мүмкін емес (43).

Австриялық психолог, невропатолог және психиатр 3. Фрейд (1856-1939) өзі негізін қалаған психоанализ ұстанымдарын дінді зертгеуге де қолданды. Оның пікірінше, жеке адам психикасының негізін “алғашқы елігулердің” - табиғи биологиялық бастаманың психикалық өкілі болып табылатын “санасыздық” - Id (“Ол” - Оно) құрайды. Алғашқы елігулердің арасында өмірге деген елігулер - сексуалдық және өзін-өзі сақтауға деген елігулер (Эрос), сондай-ақ өлімге, қиратуга деген елігулер (Танатос) бар. “Ол” (Оно) саласында сексуалдық елігулер басым келеді, олар өзін-өзі сақтау таппынысына қарағанда, ығыстыруға және күрделі трансформацияға қабілетті. Жеке адамға табу жүйесін ұсынатын қоршағандардың әсерімен “Ego” (“Мен”), жан аппаратының үстіңгі қабаты - сана қалыптасады, ол “Ол” (Оно) қызметін ақиқаттылық әрекетімен өлшемдестіреді. Социализация барысында тағы бір құрылым - “Super-Ego” (“Жоғарғы-Мен”) қалыптасады, онда моральдық, этикалық талаптар, идеалдар мен тыйымдар ішке енеді. Ол жеке адамның өмірінің бірінші кезеңінде ата-ана немесе тәрбиеші атқарған қызметті тұлғаның бойынан қайта көрсетеді. Жүзеге асуға талпынатын санасыз елігулер сананың қарсыласуына соқтығысады, олардың ығыстырылуы орын алады. “Мен” бір жағынан “Ол” әсерінде, екінші жағынан “Меннен аса” әсерінде болады. Осы үрдістерді татуластыруға талпына отырып, “Мен” әрқашан сәтсіздікке ұшырайды және сол үшін де “жағымпаз”, “оппортунист”, “өтірікші” болып шығады. Қорқыныш және кінә сезімі дамиды, ал елігулерді ығыстыру невроздың пайда болуына ұшыратады. 3. Фрейд неврозды индивидуалдық діншілдік, ал дінді әмбебап ұжымдық невроз деп санайды.

Дін мәдениетте индивидуалдық невроз қаупінен сақтану тәсілі ретінде маңызды рөл атқарады. 3. Фрейд былай деп жазады: “Тарихқа дейінгі кезеңде болған, ығыстырушыға ұқсас процестердің салдары содан кейін де бірталай уақыт бойы мәдениеттің ізін қудалайды. Мұндай жағдайда дінді жалпыадамзаттық жабысқақ невроз деп санауға болар еді, ол сәбилік невроз сияқты Эдип кешенінде, әкесіне деген қосарласқан қатынаста орнығады. Тақуа діншіл жоғары дәрежеде белгілі невроздық аурулардан қорғалған. әмбебап неврозды меңгеру оның өзінің жеке басының неврозын жасау міндетінен арылтады” (44). Эдип кешені баланың анасына деген эмоциялық үйірлігі және әкесіне деген екі жақты қатынасынан көрінеді. Анасына деген елігуді сезіне отырып, бала бір уақытта әкесін жек көреді де және жақсы көреді (амбиваленция жек көрушілік - “махаббат”), әкесіне үйір, бірақ еріксіз оның өлімін қалайды. Дін, шешесінің жанынан орын алу үшін, өзінің әкесін ең болмағанда қиялында өлтірген баласының Эдип кешенінің түрінде жатады. Психоанализ, - деп жазады 3. Фрейд, - бізге әке комплексі мен Құдайға деген сенімнің арасындағы тығыз байланысты таныстырды, жеке адамның Құдайы басына көтерген кеден басқа дым да емес екенін көрсетті...” (45). 


Дереккөз: Дінтану негіздері: Оқулық/Ауд.: Н.Ж.Бәйтенова, Қ.А.Затов, А.Т.Құлсариева, А.Д.Құрманалиева; Құраст. Н.Ж.Бәйтенова.

Философиялық және әлеуметтанулық түсініктемелеулер Философиялық және әлеуметтанулық түсініктемелеулер
Дінді философиялық және әлеуметтанулық түсіндірулер алуан түрлі, олар бастапқы ұстанымдары мен әдістеріне байланысты бөлінеді. Философия өзінің
ДІННІҢ АНЫҚТАМАСЫ ДІННІҢ АНЫҚТАМАСЫ
“Дін” термині religio деген латын сөзінен шыққан. Бұл терминнің неғұрлым мойындалатын нүсқалары Цицерон (б.э.д. 106-43) мен Лактанцийдің (шамамен
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫНА ОТБАСЫНЫҢ ӘСЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫНА
Жасөспірімдік кезең – балалық шақтан ересекке көшу кезеңі, өзін ересек адам ретінде тануы, ересек адам болуға деген ұмтылыстың пайда болуы тән.
Дінтанудағы ұғымдар мен терминдердің топтары Дінтанудағы ұғымдар мен терминдердің топтары
Дінтануда ұғымдар мен терминдердің бірқатар топтары баса көрсетіледі:  1) онда жалпыфилософиялық және әлеуметтік-философиялық категориялар —
Дінтанудың негізгі бөлімдері Дінтанудың негізгі бөлімдері
Дінтану бүгінде бірқатар бөлімдерді қамтиды, олардың арасынан философия, әлеуметтану, психология, феноменология, дін тарихы негізгілері болып
Пікірлер (0)
Пікір білдіру