
Жеміс-жидектің пайдасы
Біз көбінесе түрлі жеміс-жидектер мен өсіпдіктердің денсаулығымызға тигізер пайдасына баса мән бермей жатамыз. Олардың құрамында адам ағзасына шипасы мол пайдалы дәрумендер жетіп артылады екен. Олай болса, бір септігі тиіп қалар, қаперіңізде жүрсін:
Алма – аспирин орнына жүреді.
Түймедақ шайы және қыша – асқазан жұмысын реттейді.
Картоп – жан күйзелісіне қарсы пайдалы.
Бұршақ – жүрек мазалағанға ем.
Кебек – асқазан ауруын жазады, қатерлі ісік ауруының алдын алады.
Шие – күніне 20 шие жесеңіз ол бір аспириннің әсерін береді.
Пияз бен сарымсақ – инфекцияларды жояды.
Жалбыз – асқазанның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, тұмау мен асқазан жарасы қаупін азайтады.
Жаңғақ – жүрек айнуын тоқтады, геморройды емдейді.
Қызылмия тамыры – мазасыздықты жояды, қан қысымын төмендетеді.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, бұл тағамдар кальцийге бай.
Жүзім – қартаюға қарсы ем.
Жебіршөп – денедегі майларды бөлшектеп, ревматизмді емдеуге көмектеседі.
Зімбір – қан айналымын арттырады.
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
Қауын – жарты қауын бір күндік С дәруменінің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйрекке де пайдалы.
Мәліметтер алынған дереккөздер: Қазақстан әйелдер журналы. №07-08.2020. (шілде/тамыз). 36 б.




