
Диетада тәттіне немен алмастырады?
Диетологтар арықтау марафонында тәтті мен ұн тағамдарын пайдаланбауды ескертеді. Тәттіқұмарларға бұл үлкен қиындық тудырады. Мәселен, қантсыз шәй іше алмайтындар да бар. Мамандар оларға төмендегідей кеңес ұсынады.
КЕПТІРІЛГЕН ЖЕМІС-ЖИДЕК
Шоколад немесе конфетсіз шәй іше алмайтындарға кептірілген жеміс-жидекпен шәй ішсе, ешқандай қиындық болмайды. Олардың калориясы тәттіден аз болғанымен, құрамы кальций, магний, натрий, темірге бай болып келеді. Демек, олардың денсаулыққа пайдалы элементтері мол.
ПАЙДАСЫ МОЛ МАРМЕЛАД
Асқазанның қызметін реттеуге пайдалы мармеладтың кептірілген өзге дәмдермен салыстырғанда калориясы аз болып келеді. Сондықтан да олардың қанның құрамындағы холестеринді түсіретін, дене терісі мен шаштың табиғи қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қасиеттері бар. Әрі стрессті түсіретін шипалылығы да бар.
БАЛДЫҢ ПАЙДАСЫ МОЛ
Ал шәйға қант қосатын болсаңыз, оның орнын балмен алмастырыңыз. Олардың калориялары бірдей болғанымен, балда магний, марганец, темір сынды ағзаға пайдалы элементтер көп. Бал – тұмауға да таптырмайтын шипалы дәм.
КАЛОРИЯСЫ АЗ ЗЕФИР
Зефир – калориясы өте төмен дәм. Мәселен 100 г. зефирде 300 ккал ғана болады. Оның глюказаның түзілуіне, иммунитетті жақсартып, ақуыз, темір және фосфорды қалпына келтіретін қасиеттері бар. Сол себепті оны артық салмақ тастауда ойланбастан жей беруіңізге болады.
Мәліметтер алынған дереккөздер: Қазақстан әйелдер журналы. №07-08.2020. (шілде/тамыз)




