Жастар порталы
Негізгі элементтердің пайдасы
23.09.2020 360 0 aiko

Негізгі элементтердің пайдасы

Ас - адамның арқауы

Биоқоспалар құрамы көптеген дәрумендер мен минералдарға бай. Дәрумендердің ағзаға қаншалықты пайдалы екенін білгенімізбен, Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің ағзамызға не үшін қажет екенін нақты біле бермейміз. Мұндай элементтер бізге не үшін қажет.


НАТРИЙ – ЖЕМІС-ЖИДЕКТЕР МЕН АС ТҰЗЫНДА КӨП

Натрий – қан қысымын қалыпқа келтіретін бірден бір элемент. Қан қысымы қалыпты болмаған жағдайда, адамға ауа-райының тез құбылуы әсер етіп бас жиі ауыратын болады. Сонымен бірге, натрий бойдағы әлсіздіктен арылтып, қуат-күш береді.


ФОСФОР – ІРІМШІК, СҮЗБЕ, ЕТ ПЕН БАЛЫҚТА КӨП

Жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі мен жасушалардың дамуына фосфордың септігі мол. Тағамның ешбір түрі күн сайын таңертеңгілік жеген сүзбе мен ірімшіктің орнын баса алмайды.


МАГНИЙ – ЖАҢҒАҚ, БАЛ, ТЕҢІЗ ӨНІМДЕРІ МЕН ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДА БОЛАДЫ

Ағзаға түрлі дәрумендер мен минералды элементтер магний арқылы сіңеді. Сондықтан тамақ рационына магнийді кеңірек пайдалану керек. Мәселен дәнді дақылдардан жасалған тамақтан соң, жаңғақ пен бал қосылған басытқы (десерт) жеген жөн.


ТЕМІР – ТӘТТІ БҰРЫШ, КЕПТІРІЛГЕН ӨРІК, ҚЫРЫҚҚАБАТ ПЕН ҚАРА ӨРІКТЕ МОЛ

Темір – ең маңызды микроэлементтердің бірі. Темірдің жетіспеуінен қаназдық ауруы (анемия) пайда болады. Соның салдарынан адамның ағзасы тез әлсірегіш, шаршағыш келеді. Темір арқылы әрбір жасушаға қажетті оттегі жетіп отыратынын да ұмытпаған жөн.

Мәліметтер алынған дереккөздер: Қазақстан әйелдер журналы. №07-08.2020. (шілде/тамыз)

Диетада тәттіне немен алмастырады? Диетада тәттіне немен алмастырады?
Диетологтар арықтау марафонында тәтті мен ұн тағамдарын пайдаланбауды ескертеді. Тәттіқұмарларға бұл үлкен қиындық тудырады. Мәселен, қантсыз шәй іше
Бүлдіршін жастағы балалардың тағамы және оларды тамақтандыру қағидаттары Бүлдіршін жастағы балалардың тағамы және оларды
Балаларды ерте жастан дұрыс тамақтандырмау инфекцияға қарсы тұру қабілетінің төмендеуінен болатын ауырулармен жиі ауыруына, сондай-ақ физикалық және
Сүзбе мен жүзім қосылған торт Сүзбе мен жүзім қосылған торт
Торт құрамы:  Сүзбе – 200 гр  Қаймақ – 500 гр  Сары май – 180 гр  Үгілмелі күлше – 400 гр  Желатин – 30 гр  Шекер – 1 стакан  Жүзім – 500 гр  Грек
Қиярдан жасалатын маска түрлері Қиярдан жасалатын маска түрлері
✅ Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін де пайдасы мол көкөніс. Құрамында теріге қажетті әрі пайдалы дәрумендер – кальций, темір,
Табиғи сұлулық — табиғи өнімдерден Табиғи сұлулық — табиғи өнімдерден
Табиғатпен етене байланыста болуды сән мамандары да, денсаулық сақтау мамандары да қайталайды. Қолданысымыздағы жасанды емес, табиғи өнімдер
Пікірлер (0)
Пікір білдіру