Көгілдір поезд
Әдебиет және өнер
Авторы: Досымжан Төлеуішов
Көгілдір поезд
Елең-алаң екен. «Ұйықтап қалдым ба?» - деп бала қорқып кетті. Жүгіріп сыртқа шықты. Дүрсілі разъезд үйлерінің терезесін дірілдетіп, алыстан поезд келе жатқандай. Әлде өз жүрегінің дүрсілі ме, бала осы арасын ажырата алмады. Ойлағанынша болмады, түн түңдігін түріп тепловоз ысқырығы жетті құлағына. Таныс, сүйкімді ысқырық.
Таң атар-атпастан разъезге бір минут қана аядап шығатын жолаушы поезына Кәмен бауыр басып алды. Баланың бар қызығы тек осы көгілдір поезд ғана секілді. Ақтауда, бұл бірінші класты бітіріп келген интернатта, өткен бір жыл ішінде көгілдір поезд түсіне сан рет кірген болатын. Бала өзі сияқты кіп-кішкентай разъезді қатты сағынатын, өзінің қоңыр дауысты көгілдір «досын» көрсем деп аңсайтын.
...Бұл әңгіменің қашан басталғаны есінде жоқ. Көп уақыт өткендей. Ес білгелі осылай шығар, мүмкін. Оның дүниеге келген топырағы да осы жапандағы жалғыз үйлі разъезд еді. Үйдегі жалғыз бала болғасын ба, шолжаңдау өсті. Еркелейтін. Қарулы қолымен әкесі маңдайынан сипайтын.
Темір жол бойынан оралып келе жатқанда әкелі-балалы екеуіне мейірлене қарап мамасы тұрар еді есік алдында. Ол дайындаған дәмді асты үшеуі отырып ішетін. Түс қайта әкесі мұны үйге тастап, жұмысына жалғыз кететін.
Бір күні таңертең мамасы жылап отыр екен, онда бұл мектепке әлі барған жоқ болатын. Әкесі былғары сөмке, қалам-қағаздарын түгендеп: «Жаз өткесін мектепке барасың», - деп қойған. Бала қуанышты еді, көз алдына мектептің үлкен ақ үйі елестейтін, құлдырай жүгіріскен өзі сияқты балалар ойға түсетін.
Сол күні мамасы ұзақ жылады, көзінен аққан жасын сүртпей күні бойы солқылады, жаудырай қараған мұны бауырына басып тоқтаусыз егілді. «Папам қайда?» - деп еді сонда бұл. Мамасы тіл қата алмады. Баласына жауап бермеді. Үрейлі көздерін әкесін іздеген баласына қадай қарап, көз жасына тағы да ерік берген. Анасының мына қалпы еркеліктің дәмін татқан балаға қатты әсер етті. Оның жылауы Кәменнің кеудесіне үрей толтырды, ол мамасының құшағына тығыла түсіп әкесін ойлаумен болды.
Әкесі келмей кетті. Жетімсіреген бала көңілі тыншу таба алмай әкелік мейірімді іздеумен әуре. Шешесінің түсіндіруіне қарағанда мұның әкесі қатал тас бауыр адам, бұларды тастап кеткен. Бір түнде, бұлар уайымсыз ұйқы құшағына енген сәтте қайырылмастай, белгісіз бағытқа бет алып жөнеп отырыпты. Орала ма, жоқ әлде мәңгі кетті ме, белгісіз, ол жағын айтпаған. Әке мен шеше арасында жібімес шемен бары балаға жұмбақ еді. Шешесі қанша ұқтырғанмен бұл түйткілді Кәмен түсіне алмас.
Мамасының айтуымен ол әке бейнесін ұмытқысы келіп әрекеттеніп көрді, ол туралы ойға берілмей өзінше жүруге тырысты. Темір жол бойында Ақтөспен ойнайтынды шығарды. Ақтөс - ақылды ит. Баланың жақын досы. Бір күні қызық болды. Ойынға алаңсыз кіріскен бала иттің шабалана үргенін, үре тұрып құйрығын еркелей бұлаңдатқанын байқап қалды. Оқыс бұрылып қарап еді, әлгінде тоқтаған көгілдір поезд сүйреген тепловоз кабинасынан таныс бейнені көрді: «Папа, папа!!!».

Қалай айқайлап жібергенін білмейді. Поезд жүріп кеткенімен баланың «папалаған даусы бір сембеді. Айқайлаған Кәменнің кішкентай кеудесіне тұнған үлкен сағыныш ақтарылған судай төгіле берді, төгіле берді. Ұзап кеткен поезд соңынан жүгіре-жүгіре үйден де қашықтап кетіпті. Өзі әбден жылаған, солығын баса алмай иығы селкілдейді. Ол мұңайып өзіне ерген Ақтөске қарады. Ит поезд соңынан қарап тұрып ұзақ қыңсылады. Бұрынғы иесін таныған екен.
Сонан бері Кәмен таң алагеуімнен осы поезды күтеді. Поезд оның бар арманы, оны көрген сайын өксікке толы құртақандай көкірегі жеңілденіп қалады. Әкесі де мұны байқады. Бірер рет бұған қарап күлді де. Кәмен ондай шақтарда екі езуі екі құлағына жетіп масайрап қалады. Көгілдір поезды күн шығысқа қарай зулатып өтетін әкесіне қол бұлғап, сәт-сапар тілейді таң сайын. Шіркін, поезға отырып әкесімен бірге сапар шегер ме еді? Шіркін, әкесі бұрынғыдай маңдайынан сипар ма еді.
...Кеше мамасы бұған темір жол бойына шығуға тиым салған. Кәдімгідей ашуланып, «ендігәрі барушы болма, жаным» деп өтінген. Қазір асығыс жүгіріп келе жатқан мамасына берген уәдесін бір күн өтпей-ақ бұзғаны есіне түсті. Кері қайтпақ болып, аялдап еді, түн түндігін түріп тепловоз ысқырды. Тоқтай алмады. Бұл таныс сүйкімді ысқырық көгілдір поезының үні. Өзіне арналған ысқырық. Кәменді шақырған ғой ол. Ол - папасының даусы. Өзін әбден сағынған әкенің бұған беретін күнделікті белгісі.
Күндегі мезгілде поезд келіп тоқтады. Состав тоқтар-тоқтамастан әкесі перронға секіріп түсті. Әулетті қолдарымен бұны қапсыра құшып, аймалай берді. Әке құшағында тұрған бала асқар шыңның ұшар басына шыққандай. Биікте қалықтап ұшып келе жатқандай.
- Мамаң қайда?
- Үйде. Неге келмейсің, папа? Біз сені сағындық, кетпеші үйге жүрші қазір!
- Болмайды. Уақыт болды. Мен жүрем. Түсе ғой, күнім! Аман бол!
- Папа, кетпе!
- Күтіңдер, ораламын!
Поезд жүріп кетті. Әкесінің соңынан қарап тұрған бала көзінде мөп-мөлдір шық орнап қалыпты. Поезд ұзай берді. Күн көтеріліп келеді екен. Алғашқы күн сәулесі-ақ бала жанарындағы жасты құрғатып кетті. Баланың есіне «ораламын, күтіңдер» деген әке сөзі түсті. Ол Ақтөске қарады. Екеуі үйге қарай жарыса жөнелді.
Күнделікті жол тосқан сәби бала әкесінің тас болып қатқан жүрегін өзі жібіткенін білген жоқ...

Дереккөз: «Жалын», 1979. №3 (59), 1 - 160.

Он төртінші аптада нәресте алғашқы нәзік түкпен жабылады. Ол өз кезегінде сәбиді қоршаған сулардан қорғайды.

Әрбір дені сау адамға қорқыныш сезімі тән, ал қорқуды білмейтін адам, шындығында, науқас адам, сәйкесінше, қорқыныштың мүлде болмауы – психопатология

Бала тілі іштен жетіліп туылмайды, сондықтан, дүние есігін ашқан алғашқы күннен бастап, ол адам тілін естіп өсуі тиіс. Жөргекке орағанда және

Қақаған қыста жылы көрпенің астына кіріп алып, ашылып кеткен есікті жабуға ерініп, ақыры үсіп өлген екі бала туралы әңгіме есіңізде шығар? Желкемізге

Қызық. Кейде кіп-кішкентай баламыздың өзі өтірік айтып, алдап тұрғанын көргенде «Мынау бесіктен белі шықпай жатып өтірік айтуды қайдан үйреніп