Жастар порталы
БАЛА НЕГЕ ӨТІРІК АЙТАДЫ?
22.01.2019 224 0 admin

БАЛА НЕГЕ ӨТІРІК АЙТАДЫ?

Аруларға

Қызық. Кейде кіп-кішкентай баламыздың өзі өтірік айтып, алдап тұрғанын көргенде «Мынау бесіктен белі шықпай жатып өтірік айтуды қайдан үйреніп алған?» деп байбалам саламыз. Шынында да, тілі енді шығып келе жатқан, әлі ақ-қараны ажырата алмайтын, оң мен солын танып үлгермеген бала алдауды қайдан білуі мүмкін?

Бала білмейді емес, біледі. Неден дейсіз ғой? Мамандар баланың өтірік айтуына ең бірінші себеп, ата-анасының баланы жиі алдауы деп түсіндіреді. 

Мысалы, 🔹 Дүкенге бара жатқан анасы кішкентайына «Мен қазір дәрігерге барып келемін» дейді де, қалғандарына «Мен дүкенге бара жатырмын, үйді шашпай отырыңдар» дейді. Бала мұның бәрін естіп, көріп тұр...

🔹 Әкесі жұмысқа бара жатып баласына: «Балам, мен жұмысқа барамын, ол жерге балалар баруға болмайды. Мен одан да саған кешке үлкеееен машина әкеп берейін. Келістік пе?» дейді. Бала басын изеп қалады. Күні бойы машина күтіп жүрген бала кешке әкесінің қолына қарайды. Машина жоқ...

🔹 Далада ойнап жүрген немересін түскі асқа кіргізе алмаған әжесі: «Жүр, мен үйге көөөп қылып кәмпит әкеліп қойдым», - дейді. Үйге келсе, кәмпит жоқ.

🔹 Телефон шыр ете қалады. Тұтқаны баласы көтереді. Ар жақтағы адам «Ой, батыр, қалың қалай? Тұтқаны әкеңе бере қойшы, асығып тұр едім», - дейді. «Әке, сізге» деп тұтқаны алып келген балаға әкесі:

«Ол кім? Мұрат па? Еее, жоқ дей сал», - дейді. Бала таңғалған күйде көзі бақырайып әкесіне бір қарайды да: «Әкем үйде жоқ екен. Кетіп қалыпты», - дейді.

Міне, осындай алдаулар бала санасына өтірік айтуға, кезі келсе алдай салуға болады екен-ау деген сигнал береді. Әрине, өтірікті ешкім еріккеннен айтпайтыны анық. Көп ата-ана бұған мәжбүрлікпен барады. Алайда, біздің ең үлкен қателігіміз де сол. Балаға қандай жағдай болмасын, шындықты айтуымыз керек. Себебі, кейде балаға берген уәдені орындамаудың кесірінен олар да өтірік айтуға, алдауға бейім болып өседі. «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» деген сөз бар. Сондықтан да ата-аналар өздерінің күнделікті өмірде көп өтірік айтатынын, соның бәрі балаға әсер ететінін ұққаны дұрыс.


Автор: https://www.instagram.com/balatarbiesy/

ҚЫЗ БЕН ҰЛ ТӘРБИЕСІНДЕГІ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР ҚЫЗ БЕН ҰЛ ТӘРБИЕСІНДЕГІ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Балаға кішкентай кезінен-ақ өз табиғатына, жынысына сай тәрбие беру керек.  👧🏻  Мәселен, қыз бала үйде үй құрастырып, тамақ істеп, қуыршақпен
Болашақ келінге кеңес Болашақ келінге кеңес
Үйлену оңай, үй болу қиын" деп бекер айтпаған қазақ. Үйленгеннен кейін жас келін көптеген қиыншылықтарға тап болады. Соның бірі - енесі екеуінің
Жаңа туылған нәрестенің күтімі Жаңа туылған нәрестенің күтімі
Емшектегі бала  – бір жасқа дейінгі бала. Бұл кезеңде баланың денсаулығының, ақыл-ойы мен организмінің өсу негізі қаланады. Дені сау бала өсіріп, оны
Жүктілікті жоспарлау Жүктілікті жоспарлау
Ж үктілікті жоспарлау –  ана мен бала денсаулығының кепілі. Дайындықты ағзаны витаминдермен қуаттандырудан баста у керек.   Әлбетте, ең дұрысы
Жүктілік Жүктілік
Жүкті әйел организмінде әр түрлі функционалдық өзгерістер болады. Әйел бойында жүктіліктің алғашқы белгілері білінісімен – етеккірдің кідіруі, кейде
Пікірлер (0)
Пікір білдіру