Жастар порталы
ҚЫЗ БЕН ҰЛ ТӘРБИЕСІНДЕГІ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР
22.01.2019 75 0 admin

ҚЫЗ БЕН ҰЛ ТӘРБИЕСІНДЕГІ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Аруларға

Балаға кішкентай кезінен-ақ өз табиғатына, жынысына сай тәрбие беру керек. 

👧🏻 Мәселен, қыз бала үйде үй құрастырып, тамақ істеп, қуыршақпен ойнағаны жақсы. Қыз баланы тамақ пісіру, киім тігу, тоқыма өнері секілді үйірмелерге қатыстыру керек. Оны күрес, таэквандо секілді курстарға беру, ұлға ұқсатып киіндіру, төбелестіру - қызға тән қылықтарына кері әсер етіп, нәзіктік қасиетін жоғалтады. 

👦🏻 Ал ұл атқа мініп, суда жүзу, далада секіріп, доп тебу, анда-санда үйдегі қоқысты шығарып, су тасу деген секілді істерді атқарғаны дұрыс. Ұлдың шашын қыздың шашына ұқсатып өсірмеу керек. Оны өз ойын еркін айта білетін, көпшілік алдында сөзін қысылмай жеткізе алатын сенімді, батыл етіп өсірудің маңызы зор. Ұл баланы кішкентай кезінен-ақ өзгелердің ойыншығына таласқыш, біреу ұрса үйіне айтып келетін жылауық, жасқаншақ етіп өсірмеу керек. Оған жауапкершілік жүктеп, үйдің кейбір жұмыстарын сеніп тапсыру керек. Мектепте қарындасына, әпкесіне қарайлап жүруін, қарындасының сөмкесін көтерісуін жүктеу керек.

👧🏻 Ал қыз бала ағасының не бауырының іздеген заттарын тауып беріп, шашылып жатқан киімдерін бүктеп, жинап жүруді әдетіне айналдырғаны абзал.

Міне, осы арқылы олар болашақтағы өз орнын айқындап, өз табиғатына сай үйлесімділікпен ер жетіп, бой түзейтін болады.


Автор: https://www.instagram.com/balatarbiesy/

Болашақ келінге кеңес Болашақ келінге кеңес
Үйлену оңай, үй болу қиын" деп бекер айтпаған қазақ. Үйленгеннен кейін жас келін көптеген қиыншылықтарға тап болады. Соның бірі - енесі екеуінің
Ас үйді жабдықтау Ас үйді жабдықтау
Қазіргі пәтерлердің ас үйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлерін атқаруға пайдаланылады. Негізінен  ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу, киім
Жүктілікті жоспарлау Жүктілікті жоспарлау
Ж үктілікті жоспарлау –  ана мен бала денсаулығының кепілі. Дайындықты ағзаны витаминдермен қуаттандырудан баста у керек.   Әлбетте, ең дұрысы
Дәмді самса Дәмді самса
Самса қамырын үйде қалай дайындаймыз? Қанша градуста пісіру керек? Осы сұрақтардың жауабын біздің мәзірден табасыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру