Жастар порталы
Әл-Фарабидің «Негізгі ой түйіндері» атты трактатындағы ой белестері
11.03.2021 125 0 aiko

Әл-Фарабидің «Негізгі ой түйіндері» атты трактатындағы ой белестері

Философия

«Осы трактаттың әңгімелері тарихтан өткен ойшылдардың мемлекетті басқару негіздері, отбасының дәстүрлі жүйесі, мінез-құлық білімінің дәйектері және қоғам-қалада жүйелі түрде лайықты істердің жүзеге асырылып, гүлденуін қамтуды, адамдардың жақсы мінезді болулары, қала тұрғындарын бақытқа бет алуларына даңғыл жол ашылуын көздейді». (Әл-Фараби, «Негізгі ой түйіндері» трактаты, 6) Ғұламаның «Негізгі ой түйіндері» трактаттары саяси философия мазмұнында жазылған. Оның құндылығы мен маңыздығы, қазіргі заманда сәйкестігі шүбәсіз сезіледі. Сол үшін адам табиғатымен ұштасып келе жатқан адамның сыртқы және ішкі қуаттары оның бақытты болуы үшін керек екенін ескермейді. 

Әл-Фараби бір кездері білім алудың нақты ұтымды тәсілін айқындап берген Аристотель еңбектерін ондаған рет қайталап оқып, бойына сіңіргенін айтқан. Сондықтан да адам баласы әуелі ақылдың теориялық бөлімінде оны жүрекпен сезіп, ақылмен қабылдау үрдісінен өтуі керек. Ал оның шынайы тиімділігіне көз жеткізу үшін практикалық кезеңіне кірісумен анықтай алады. Мұндай ойлау қашанда логика ғылымының дәйегіне сүйеніп барып жүзеге асады. Мәселен: адам, жануар, ақыл сынды үш сөз логикалық жүйеге ене қойса, жалқы ұғымнан жалпы ойға ауысып, ойдан ойға ұласа береді. Адам ақылды, адам жануар. Ендеше, кейбір жануарлар ақылды, кейбір жануарлар ақылды емес. Сыни реттелген ұғымдар ойдан ой тудыра алады. Фарабидің біз сөз етіп отырған трактаттары оқырманды бақытты қоғам құру үшін бір ойдан ендігі бір ойға жетелеп отырады. Сондай-ақ, адамға тәңірінің берген жан мен санасын адам бақытына жұмсамай қойсақ, оның ешқандай құны болмайтынын айтады. Оның мұнда айтып отырған практикасы көбіне Батыс елдерде қолданыста өмірлік жүйесін тауып, табиғат ғылымының үлкен жетістіктеріне қол жеткізді. Ал көптеген мұсылман елдері күні бүгінге дейін әл-Фарабидің ғылыми-философиялық еңбектерін оқып ұғынбаған сияқты. Өйткені бүгінгі ислам дүниесінде теориялық ақылдың да практикалық ақылдың көрінісі байқалмайды. Тек әурешілікпен жүрген тәрізді. Бағалай білгенге әл-Фараби ислам әлемі үшін бақытты елдің сын-сипатын айқын дәлелдермен, тіпті теорияның практикалық кезеңіне өту өткелдеріне дейін көрсеткен. Фарабидің танымы бойынша жалпы түсініктің бұлағы теориялық ақыл. Бұл түсінік екі түрде көрініс табады. 

1. Практикаға қатысы бар түсінік мәселен: әділеттік жақсы нәрсе, сұрқиялық жаман нәрсе деген қорытынды практикалық хикмет саналса; 

2. Практикаға қатысы жоқ түсінік, мәселен материалдық емес жаратылысты жаратқан жаратушы және оның сипаттары, ақыл мен нәпсіні материалдық түсінігіне бөлек танып, білулері осы түріне жатады. Сондықтан да философияны болмыстардың түріне қарап хикметті екіге бөледі. 

1. Адамның қалауы бойынша жасалған болмыстар. 

2. Адамның пайда болуында ықпалы жоқ болмыстар. Адамның қалауынша бар болатын болмыстар қолайлығы тұрғысынан алған практикалық хикметке жатады. Оның үш түрі бар: 

1. Этика ғылымы. 

2. Мемлекеттік саясат. 

3. Отбасы саясаты мен жүйесі. Практикалық хикметті қалай бөлу керектігі тұрғысынан үш бөлімге бөлуге болады. Олар: 

1. Адам бір іс-қимылдың пайда болуына өзгенің қатысуына қажетсінбей оны талдап, тиісті үкім шығара алатын болса «Этика ғылымы» делінеді.

 2. Ал адам бір шараға өзгелердің қатысып, көмектесуін қажетсінген жағдайда «Отбасылық саясаты ғылымы» немесе «Отбасылық хикмет» деп аталады. 

3. Адам бір ісәрекеттің пайда болуына бүкіл ел азаматтарының қатысуын қажет етсе «Мемлекеттік саясат» немесе «Мемлекеттік хикмет» ғылымы болып табылады. (Әл-Фараби, «Негізгі ой түйіндері» трактатына негізделген тұжырымдар). 

Теориялық хикмет те төрт бөлімнен тұрады: 

1. Логика.

 2. Табиғат. 

3. Математика. 

4. Дінтану. Бұл бөлімдердің пайда болу себептерінің бірі ‒ олардың болмыс-бітімі жайында ешқандай түсінігіміз болмаған соң, олар жайлы білгіміз келді. Сондай-ақ өзге ғылымға қол жеткізу үшін қажет саналатын ғылымдар деп таныдық. 

Бірінші бөлім: логика ғылымының заңдылықтарын үйрену өзге ғылымдарды үйренуге бастапқы баспалдақ болмақ. 

Екінші бөлімде: болмыстардың жай-күйін білу, өздерінің болмысын тану үшін керек болды. Бұлар үш түрге бөленеді: 

1. Біз олар туралы білгіміз келген болмыстар. Олар біздің зейін мен одан тыс жерде материяға қажеттілік бар десе, оны «Табиғи хикмет» дейміз. 

2. Адамның зейіні мен одан тыс жерде материяға мұқаждық сезбесе, ол «Илаһи хикмет» болмақ. 

3. Бұл ғылымға тек зейіннен тыс жерде материяға қажеттілік болса «Математика хикметі» деп аталады. (Сейіт Жафар Сәжжади, Ислаи ілімінің түсіндірме сөздігі, 1373, II-томы, 1434-1435)


Мәліметтер алынған дереккөз: И. Жеменей. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №3 (94) 2020

Әбу Наср әл-Фарабидің діни ілімі Әбу Наср әл-Фарабидің діни ілімі
Әл-Фараби философия мен дінді адамның дүниедегі болмыс тәсілдері ретінде анықтайды. Философия (фәлсәфа) деп әл-Фараби тек даналықты (хиқма), "Жалпы
Қилы заман философиясы Қилы заман философиясы
Қазақ философиясының тарихында өзіндік орны бар Асан Қайғының дүниетанымындағы ой-тұжырымдардың өзектілігі қазіргі күнде арта түсті. Себебі, заманның
Саяси жүйе теориясының қалыптасуы Саяси жүйе теориясының қалыптасуы
Саяси ғылымда “саясат”, “саяси өмір”, “саяси құрылыс” деген ұғымдармен қатар “қоғамның саяси жүйесі” деген түсінік те кең орын алды. Бұл саланың
Саясат ұғымы Саясат ұғымы
«Саясат» ұғымын түсінудің екі негізі бар. Бірінші негізі ежелгі гректің «politike» ұғымы (мемлекетті басқару өнері) деген мағнаны білдіреді. «Саясат»
Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу
Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану ғана
Пікірлер (0)
Пікір білдіру