Жастар порталы
Саясат ұғымы
7 550 0 aiko

Саясат ұғымы

Саясаттану

«Саясат» ұғымын түсінудің екі негізі бар. Бірінші негізі ежелгі гректің «politike» ұғымы (мемлекетті басқару өнері) деген мағнаны білдіреді. «Саясат» деген түсініктің екінші негізі – ғұлама ғалым Аристотельдің «Саясат» деген еңбегінің атымен байланысты. Ол өз заманында лицей оқу орнын ашып,сонда саяси ой-пікірлерді білім ретінде жастарға үйретті. Ойшылдың осы қызметінің нәтижесінде «Саясат» деген еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Аристотель өзіне дейінгі грек полистерінің саяси тарихы мен оның жүйесін терең зерттеген.Осыдан бергі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан саясат туралы мәселелер адамзат ғылымы даму тарихының негізгі салаларының бірі болды. Барлық уақытта қоғамда, әрбір адам өмірінде саясаттың алатын орны мен маңызы айрықша, себебі қоғам өмірінде бірде – бір адам саясаттан тыс болуы мүмкін емес.Көптеген адам күнделікті өмірде бұны байқамауы да мүмкін. Бірақ әрбір жеке адамның өмірі саясатпен тікелей байланысты болады. Кейбіреулер саясат туралы әңгіме бола қалған жағдайда «менің саясатқа ешбір ықыласым жоқ, мен саясатпен айналыспаймын» деп те айтып жатады. Әрине, оларды да түсінуге болады, себебі саясат көп салалы, көп мағыналы мәселе. Бұл саланы терең де нақтылы білу үшін, осыған негізделген жүйелі білім, жан – жақты дайындық болуы қажет. Бірақ жеке адам саясатқа қандай талғаусыздық көрсеткенімен де ол адам саясаттың шеңберінен тыс бола алмайды. Тіпті әрбір жеке адамның тұрмыс жағдайы да, оның өмір тағдары да саясатпен тікелей байланысты болуы күмәнсіз. Мысалы, ағарту дәуірінде өмір сүрген нидерландық ғалым Бенедикт Спинозаның мынадай сөздері бар: «Мен саясатпен айналыспасам да, бәрібір саясаттан тыс бола алмаймын».

Саясаттың қоғам өміріндегі маңызының орасан зор болуын басқа да көптеген мысалдар дәлелдейді. Мысалы, мынадай пікір білдіретіндер аз емес: «Экономиканың деңгейі жоғары болса жеткілікті, қалған меселелер өзінен - өзі шешіліп жатады. Сондықтан саясаттың басқалар үшін де, мен үшін де аса маңыздылығы да, қажеттілігі де жоқ». Ал елде экономиканың дамуы нәтижелі болмай, құлдырауға ұшырап, оның деңгейі өте төмен болса бұл жағдай үшін экономиканы кінәлауға болар ма еді? Әрине, бұған экономиканың өзі кінәлі бола алмайды. Эконмикада береке болмай жатса, оған кінәлі саясат. Экономиканы нәтижелі ұйымдастыру жөніндегі саясаттың дұрыс жолға қойылмауы. Сонымен қалай айтсақ та, бастаушы, анықтаушы роль саясатта болып отыр.


Мәліметтер алынған дереккөз: Б.Өтемісов, Қ.Қарабала. Саясаттану: оқу құралы. – Ақтөбе, 2011. 

Саяси тәртіп (саяси режимдер) Саяси тәртіп (саяси режимдер)
“Саяси режим” ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі,
Саяси білімнің маңызы Саяси білімнің маңызы
Саяси ғылымның басты мақсаттарының бірі - болашақ мамандарға саяси білім беру, олардың саяси мәдениетін жоғарылату. Бүгінгі күні саяси мәдениет
Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу
Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану ғана
Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың қалыптасуы Мемлекет және дін арасындағы қатынастардың
Дін – бұл әлемдік тарихтағы қол жетімді деректерге қарағанда, адамзат баласы пайда болғалы бері ең көне және әмбебап қоғамдық сана болып табылады.
Саясаттанудың пәні Саясаттанудың пәні
Саяси ғылым да басқа ғылым салалары секілді қоғамдық ғылымдармен тұтастықта және философиямен ара-жігі ажырамаған антикалық (ежелгі) саяси-әлеуметтік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×