Жастар порталы
Саяси жүйе теориясының қалыптасуы
8 456 0 aiko

Саяси жүйе теориясының қалыптасуы

Саясаттану

Саяси ғылымда “саясат”, “саяси өмір”, “саяси құрылыс” деген ұғымдармен қатар “қоғамның саяси жүйесі” деген түсінік те кең орын алды. Бұл саланың бүкіл әлемде жан-жақты және терең зерттелуінің нәтижесінде ол теориялық деңгейге жетті. “Қоғамның саяси жүйесі” теориясының пайда болғанына да көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында АҚШ және Канада ғалымдары Габриель Алмонд және Дэвид Истон саясаттану ғылымына енгізді.

Г.Алмонд жөнінде жоғарыда мәлімет келтірілген болса, ал Дэвид Истон - Канада ғалымы, 1917 жылы туылған. Калифорния университетіндегі саяси ғылым профессоры, 1968-1969жылдары саяси ғылымның Американдық ассоциациясының президенті болған. Саяси саланы зерттеуде бірінші болып жүйелік тәсіл енгізді. Қоғамның саяси жүйесі мәселелеріне арналған “Саяси жүйе”, “Саяси жүйелерді зерттеу әдістері”, “Саяси өмірді зерттеу жолдары” деген еңбектер жазған.

Габриель Алмонд пен Давид Истонның қағидалары бойынша, қоғамның саяси жүйелері төмендегідей негізгі элементтерден тұрады:

1. Саяси билік (мемлекет және оның барлық құрылымдары) 

2. Заңдар, жарғылар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар (құқықтық, моралдық тәртіп пен принциптер, өнеге-салт) 

3. Азаматтардың өзіндік бірлестіктері (саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар)

4. Қоғамның саяси мәдениеті (саяси білім, құқықтық мәдениет, саяси идеология, саяси сана, азаматтардың саяси іс-қимылдары). 

Бұл аталғандар саяси жүйенің негізгі элементтері, саяси жүйенің өзі емес; саяси жүйе құрайтын осы элементтердің ара-қатынасы.

Жоғарыда аталған ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша, әрбір қоғамда адамдардың, ұйымдардың өзара қарым-қатынасы бірінен бірі туындайтын мынадай буындардан тұрады:

- ұсынушылар (ұсыныстар, өтініштер);

- шешімдер (қолдау, қолдамау, заңдар);

- қорытындысы (іс-қимылдар, іске асырылуы).

Г.Алмонд пен Д.Истон осындай жүйені, буындарды (звенья) қоғамның жалпы өмірі бойынша емес, тек саяси тұрғыдан ғана зерттейді. Ал саяси салада мұндай жүйе қалай өзгерсе де саяси билікті қалыптастыруға, оны  дамытуға және пайдалануға жеткізеді, себебі саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билік жүргізу. 

Жоғарыда келтірілген жүйені саяси тұрғыдан талдау үшін әрбір буын ретіндегі саяси институттарды қарастырамыз. Мысалы, ұсынушылар ретінде – саяси партиялар, шешімдер ретінде – сайлаушылар, ал қорытындысы ретінде – парламент қалыптасады.

Саяси өмірдегі бұл жүйенің іс-қимылы:

- саяси партиялар өз бағдарламаларын ұсынады, ол бағдарламаларды қолдап, немесе қолдамай шешім шығаратын сайлаушылар;

- сайлаушылардың қолдауымен ұсынылған үміткерлер депутаттар құрамына жолдау алып парламент (Мәжіліс) құрылады. Бұл жүйелік іс-қимылдың қорытындысы.

Енді әрі қарай осы жүйені бастаушы болып, яғни ұсынушылардың орнына парламент шығады. Яғни, бұл жүйе өрістеуші шеңбер сияқты сипатында жүреді (спираль). Парламенттен кейінгі шешімдер орнына шығатын заңдар, одан кейінгі буын – қорытынды, яғни заңдарды орындаушылар. 

Міне, бұл жүйе шеңбер тәрізді айналым жағдайында үздіксіз жалғаса береді. 

Қоғамның саяси өміріндегі осындай айналым жоғарыда аталған элементтердің ара қатынасы қалыптасқан ба, жүйелі ме, немесе – ретсіздік, стихиялық жағдайда ма? Міне, қоғамның саяси өмірінің сапалылығы осылар арқылы сипатталады.

Қоғамның саяси жүйесі қаншалықты қалыптастырылған, тұрақты болса, қоғамдағы саяси жағдай соншалықты нәтижелі болады.

Демократиялық елдерде қоғамның саяси жүйесі мемлекеттік билікті қалыптастырады, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар арасындағы өзара қатынастарды реттейді, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Тұрақтылық жағдайдағы саяси жүйеде тәжірибе жинақталады. Осы көрсетілген мағынасы бойынша қоғамның саяси жүйесі төмендегі қызметтер атқарады:

1. Қоғамдағы саяси билікті қалыптастыратын жүйені дамыту.

2. Қоғамдағы саяси қатынастарды реттеу, әлеуметтік топтардың мақсат-мүдделерін іске асыру үшін саяси жобалар дайындау.

3. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы тұрақтылыққа қарсы зиянды іс-әрекеттерден қорғау.

4. Мемлекеттің саяси құрылысын қалыптастыру.

Саяси өмірде қоғамның саяси жүйесін саяси құрылыс деп те түсінушілік бар. Бірақ саяси жүйе ол саяси құрылыс емес, себебі саяси құрылыс ол ресми бекітілген мемлекетті басқару түрі. Мысалы, республика, конституциялық монархия т.с.с., ал саяси жүйе саяси құрылысты қалыптастыратын әдістер.

Саяси құрылыс – ол мақсат, ал саяси жүйе – сол мақсатты іске асыру жолдары.

Саяси жүйенің қызметтеріндегі, әрбір өзгерістердегі негізгі роль атқарушы -саяси мәдениет (саяси жүйенің 4-ші элементі). Себебі басқарудың, ұйымдастырудың сапасы осы жүйенің әрбір буынындағы адамдардың саяси мәдениетіне байланысты. 

Саяси айналымға жоғарыда келтірілген қоғам жүйесінің барлық

элементтері қатысады. Ал саяси мәдениет бұл буындардың өзара байланысына ықпал етіп, сапасы мен даму деңгейін айқындап отырады. Сол себепті бір қоғамның саяси жүйесі екінші қоғамның саяси жүйесіне ұқсас болмайды, әр қоғамның саяси жүйесі өз даму деңгейіне сәйкес қалыптасады. Сонымен, саяси жүйе дегеніміз - билік пен басқару құрамын қалыптастыру арқылы өз мүдделерін іске асыру қызметін атқаратын қоғамның саяси субъектілері арасындағы біртұтас, тұрақты қарым-қатынастар жиынтығы.


Мәліметтер алынған дереккөз: Б.Өтемісов, Қ.Қарабала. Саясаттану: оқу құралы. – Ақтөбе, 2011. 

Идея және идеология ұғымдарының мәні Идея және идеология ұғымдарының мәні
«Идеология» деген ұғым гректің ideia және loqos деген сөздерінен шыққан. Идея – көзқарас, логос – ілім, ой. Ал идеология сөзінің мәні – «идея туралы
Ұлттық мәдениет және саяси мәдениет Ұлттық мәдениет және саяси мәдениет
«Саяси мәдениет» деген түсінікті «рухани мәдениет» және «ұлттық мәдениет» ұғымдарынан айыра білу қажет. Әрбір қоғамдағы рухани мәдениеттің даму
Саяси білімнің маңызы Саяси білімнің маңызы
Саяси ғылымның басты мақсаттарының бірі - болашақ мамандарға саяси білім беру, олардың саяси мәдениетін жоғарылату. Бүгінгі күні саяси мәдениет
Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу
Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану ғана
Саясаттанудың пәні Саясаттанудың пәні
Саяси ғылым да басқа ғылым салалары секілді қоғамдық ғылымдармен тұтастықта және философиямен ара-жігі ажырамаған антикалық (ежелгі) саяси-әлеуметтік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×